Об утверждении перечня документов и показателей, необходимых для определения финансового состояния заявителя на осуществление деятельности по организации и проведению тотализаторов и казино Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тотализатор мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті құжаттар мен көрсеткіштердің тізбесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 08.05.2003 № 38 шешімімен Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 "Лицензиялау туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 қарашадағы N 1432 "Тотализатор мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" қаулысының 18 тармағының 1 тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Тотализатор мен казиноларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайын анықтауға қажеттi құжаттар мен көрсеткiштердiң тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Тотализатор мен казиноларды ұйымдастыру және жүргiзу қызметiн лицензиялау тәртiбi мен шартын әзiрлеу Атырау облысының бас экономика және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Тотализатор мен казиноларды ұйымдастыру және жүргiзуге лицензия беру құқығының Јкілеттiгi облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.В.Супрунға берiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 1 наурыздағы N 82 "Лицензиялау туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.В.Супрунға жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-Министрi Б. Жәмішевпен Келісілді  _______________ 2002 жыл 8 мамыр
Басқа 6
Атырау облысы әкiмiнiң 2002 жылғы 31 мамырдағы № 438 шешiмiмен Бекітілді Өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайын анықтау үшiн қажеттi құжаттар мен көрсеткiштер ТІЗБЕСІ өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайын анықтауға қажеттi құжаттардың тiзбесi:
Тармақша 1
1) Бухгалтерлiк баланс;
Тармақша 2
2) қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есеп;
Тармақша 3
3) Ақша қозғалысы туралы есеп (жоғарыда айтылған құжаттар бухгалтерлiк есеп стандарттарына және әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес орындалып, өтiнiш берiлген айдың 1-шi жұлдызына дайындалады).
Тармақша 4
4) ұсынылған қаржылық есеп объективтiлiк растығы туралы аудиттiк есеп. Өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайын анықтауға қажеттi көрсеткiштердiң тiзбесi Көрсеткiш Көрсеткiштi  тағайындау Есеп айырысу формуласы Көрсеткiштiң оңтайлы мәнi 1. Тәуелсiздiк коэффициентi (капиталдың, автономияның меншiктерiн шоғырландыру) Кәсiпорын активтерiн    қалыптастыру көзiнiң    жалпы көлемiнде меншiк  капиталының үлесiн сипаттайды. Ол бойынша кәсiпорын заем қаражатына қаншалықты тәуелсiз және өз қаражатын реттеуге қаншалықты бейiм екендiгiн анықтайды. Меншiктi капитал жиынтық капитал - баланс валютасы 0,5 2.Қаржыландыру коэффициентi Меншiктi және тартылған (заем) капиталының ара салмағын сипаттайды. Ол кәсiпорын активтерiнiң қандай бөлiгi өз қаражаты есебiнен, қайсысы заем есебiнен қаржыландырылатынын көрсетедi. Меншiктi капитал    тартылған (заем) капитал (мiндеттемелер) 1 3. Абсолюттi өтiмдiлiк коэффициентi Ағымдағы берешектiң қай бөлiгi баланс жасаған күнi немесе  таяу уақытта өтелуi мүмкiн  екендiгiн көрсетедi. Ақшалай қаражат Ағымдағы мiндеттемелер 0,2 Ағымдағы өтiмдiлiк (жалпы өтеу) коэффициентi 4. Ағымдағы активтер қандай еседе мiндеттемелердi өтейтiнiн әне (жалпы өтеу) кәсiпорынның төлем қабiлетiнiң тек дебиторлармен уақытылы есеп айырысу және дайын өнiмдердi қолайлы сатумен ғана емес, сондай-ақ материалдық айналым қаражатының басқа да элементтерi қажет болған жағдайда сату кезiнде бағаланатын кәсiпорынның төлеу үмүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол тiмдi қаражаттар ағымдағы (мерзiмдi және қысқа мерзiмдi) мiндеттемелер сомасын өтейтiн. дiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi және сол арқылы бiрге баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесiн ғана емес, кәсiпорынның өзiнiң ағымдағы мiндеттемелерi (борыштары) бойынша тез есептесу қабiлетiн растайды. Ағымдағы активтер Ағымдағы мiндеттемелер 2