Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными архивами, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 70-бабы 2-тармағына және «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________ Ә. Смайылов 2018 жылғы «___» ___________
Басқа 0. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 275 бұйрығымен бекітілді Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидалары тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібін анықтайды.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі
2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі
Тармақ 2
2. Мемлекеттік архивтер азаматтық заңнама шеңберінде ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасу арқылы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 1-тармағымен қарастырылған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне:
Тармақша 1
1) архивтік құжаттарды ретке келтіру;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың заманауи негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;
Тармақша 3
3) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;
Тармақша 4
4) архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) архивтік құжаттардың көшірмесін жасау;
Тармақша 6
6) Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 8
8) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпаратты анықтау;
Тармақша 9
9) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) әдістемелік әдебиетті, архивтік құжаттардың жинақтарын, оқыту және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;
Тармақша 11
11) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау жатады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесі мен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскуранты көрсетілген ақпаратты мемлекеттік архив ғимараттарының көрінетін жерінде, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктерінің ресми сайтында орналастырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтерімен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскуранты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік архивтер еркін нысандағы жазбаша өтініштің негізінде жеке және заңды тұлғаларға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік архив пен жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізу бойынша өзара қатынастар, соның ішінде төлеу нысаны, азаматтық-құқықтық шартпен реттеледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі үшін ақы төлеуі:
Тармақша 1
1) қолма-қол емес ақша түрінде мемлекеттік архивтің ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша қаражатын аудару жолымен;
Тармақша 2
2) қолма-қол ақша түрінде бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып кассалық кіріс ордерлерінің негізінде мемлекеттік архивтің кассасына жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы тәртібі
Тармақ 8
8. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша көрсетілетін ақылы қызмет түрлерінен түскен ақшалай қаражатты мемлекеттік архивтермен мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық базаны нығайту;
Тармақша 2
2) ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеу;
Тармақша 3
3) шаруашылық шығыстар (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, коммуналдық төлемдер, ғимаратты ағымдағы жөңдеу, оргтехника және компьютерлерді жөндеу, қызметтік автокөліктерді жөндеу және ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алу, бөлмелерді жалға алу;
Тармақша 5
5) жеке және заңды тұлғалардан архивтік құжаттарды сатып алу;
Тармақша 6
6) архив саласы бойынша оқу-әдістемелік құжаттардың жинақтарын, архив құжаттарының жинақтарын, анықтамалықтар мен архив ісі бойынша басқа да жинақтарды басып шығару;
Тармақша 7
7) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік картон қораптарды дайындау;
Тармақша 8
8) ғылыми, салалық, соның ішінде мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға байланысты шығыстар.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін, өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен жасалады.