Об утверждении Правил и условий проведения предвыборных дебатов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі _____________ Д. Абаев 2018 жылғы «__» ____________
Басқа 1. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 20__ жылғы «__» __________ қаулысымен бекітілген Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Президенттікке, Қазақстан Республикасының Құрылтайының және (немесе) мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың, әкімдікке кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайыстарды (бұдан әрі - пікірсайыс) өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Президенттікке кандидаттар, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – Ортсайлауком) ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы.
Тармақ 3
3. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, әкімге кандидаттар Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті аумақтық сайлау комиссияларын ұйымдастыруға құқылы сайлау алдындағы пікірталастарға қатыса алады.
Тарау 2
2-тарау. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу шарттары
Тармақ 4
4. Ортсайлауком пікірсайыстарды өткізу туралы шешім қабылданған соң бес күнтізбелік күн ішінде форматын айқындайды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға пікірсайыс өткізілетін күні, уақыты және орны туралы жазбаша хабарлайды.
Тармақ 5
5. Аумақтық сайлау комиссиясы пікірсайыстарды өткізу туралы шешім қабылданған сәттен кейін бес күнтізбелік күн ішінде пікірсайыстар форматын айқындайды және оларөткізілетін күн, уақыт және олардың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы жазбаша:
Тармақша 1
1) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға;
Тармақша 2
2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға;
Тармақша 3
3) әкімдікке кандидаттарға хабарлайды;
Тармақ 6
6. Телеарнада пікірсайыстар өткізу форматы кезінде телеарналар Қазақстан Республикасының Президенттігіне, әкімдікке тіркелген кандидаттарға, саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша ұсынылған Құрылтай және (немесе) мәслихат депутаттығына кандидаттарға, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға Орталық сайлау комиссиясымен немесе тиісті сайлау комиссиясымен шарттық негізде пікірсайыс өткізілетін күнін, уақытын, орнын және регламентін көрсете отырып, өзінің эфир уақытын береді.
Тармақ 7
7. Телеарналар шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне, әкімдікке, Құрылтайдың және (немесе) мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың пікірсайыстар өткізуі үшін эфир уақытын резервке қояды. Кандидаттардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақытының көлемі бірдей болуы тиіс.
Тармақ 8
8. Теледидардағы пікірсайыс кезінде қатысатын қатысатын адамдардың тізімін Орталық сайлау комиссиясы немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясы бекітеді.
Тармақ 9
9. Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп пікірсайыстарды өткізуге арналған үй-жайларды айқындайды. Үй-жайлар теле-, радиобағдарламаларды трансляциялауға арналған дыбыс және бейнеқұрылғылармен жабдықталуы, сондай-ақ пікірсайыстарды онлайн-трансляциялау үшін Интернет желісіне (бар болса) қосылған болуы тиіс.
Тармақ 10
10. Сайлау комиссиялары жария пікірсайыстарды жүргізу үшін жүргізушіні анықтайды.
Тармақ 11
11. Сайлау комиссиялары өткізілетін пікірсайыстар туралы жариялауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізеді.
Тарау 3
3-тарау. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі
Тармақ 12
12. Кандидаттардың сөз сөйлеу кезегі жеребе бойынша белгіленеді.
Тармақ 13
13. Жүргізуші Ортсайлаукоммен немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген пікірсайыс өткізу регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Пікірсайысты жүргізуші: кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу регламентін бұзбайды; егер оларды өткізу регламентінде басқаша көзделмесе, не бұл уақыттың аяқталуына байланысты болмаса, Президенттікке, кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардан Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сөз сөйлеу уақытын бақылайды; кандидаттардың, саяси партиялардың ешқайсысына артықшылық бермейді және олардың сөздеріне түсініктеме бермейді.
Тармақ 15
15. Президенттікке, саяси партиялар ұсынған Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттар, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар: пікірсайыс өткізу регламентін сақтайды; этикалық нормалар шеңберінде пікірталас жүргізеді, басқа кандидаттарға, саяси партияларға, олардың мүшелеріне қатысты қорлайтын, көрінеу жалған, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздерден, сондай-ақ басқа саяси партиялардың өкілдеріне қатысты кемсітушіліктен қалыс қалады және оларға жол бермейді; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды уағыздауға, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақыруға жол бермейді; жүргізушінің негізделген талаптарын орындайды.
Тармақ 16
16. Пікірсайыс уақытында Президенттікке, әкімдікке кандидаттарға, саяси партиялар ұсынған Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ өзге де қатысушы адамдарға кандидаттардың сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге, сондай-ақ оларға іле-шала қандай да бір пікір білдіруге жол берілмейді.
Тармақ 17
17. Президенттікке, әкімдікке кандидаттар, Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар пікірсайыстарға қатысудан бас тарта алады.
Тармақ 18
18. Президенттікке кандидаттар, Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, әкімдікке кандидаттар, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар қатыспаған жағдайда, пікірсайыстардағы сол кандидат, партия үшін белгіленген эфир уақыты пікірсайыстың басқа қатысушылары арасында теңдей бөлінеді.
Тармақ 19
19. Пікірсайыс өткізу тілі: қазақ және орыс.
Тармақ 20
20. Президенттікке кандидаттардың, Құрылтай және (немесе) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, әкімдікке кандидаттардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың пікірсайыс жазбалары «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес соңғы жазба жүргізілген сәттен бастап кемінде алты ай сақталады.