Об утверждении Правил и объемов выделения средств кандидатам для выступления в средствах массовой информации Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу қағидалары мен көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдері
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысымен бекітілген Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдері
Тарау 1. 1-тарау Жалпы ережелер
1-тарау Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Құрылтайы мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға республикалық бюджеттен, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттарға (бұдан әрі - кандидат) жергілікті бюджеттен сайлау алдындағы бағдарламалармен бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу тәртібі
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу тәртібі
Тармақ 2
2. Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуына арналған шығыстар республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттар үшін ашылатын шоттары арқылы жүзеге асырылады. Осы шоттарға түсетін бюджет қаражатына билік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға қаражат бөлінгенге дейін кандидат аумақтық сайлау комиссиясына қызметтерді жеткізушімен жасалған, ұсынылатын қызметтердің бағасы көрсетілуі тиіс шартты тапсыруы қажет. Қызметтер үшін төлем жүргізу кандидаттың қызметтерді жеткізуші ұсынған шотты берген кезінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен шығуы үшін оларға мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе интернет басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдар көлемін өз беттерінше қайта бөлуге құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу көлемдері
3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу көлемдері
Тармақ 5
5. Мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан (тікелей эфирде немесе жазып алынған - он бес минут; радиодан - он минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе интернет басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауы үшін бірдей көлемде қаражат бөлінуіне кепілдік береді.