Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтермен пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы Қолданыста
Басқа 0
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтермен пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-I «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес II сайланған облыстық Мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтермен пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Жалғанып отырған аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтермен пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімі тұрғын үй жәрдемақысының уақтылы тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы мәселе бойынша облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 12 қаңтардағы IX сессиясының № 98-II «Атырау облысы азаматтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмектер көрсету Тәртібі ережелерін бекіту туралы» шешімімен бекітілген Тәртіптің күші жойылған деп есептелсін.
Басқа 5. Жалпы ережелер
II сайланған облыстық
мәслихаттың № 189- II шешіміне
қосымша 6 ақпан 2002 жыл.
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтермен пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібі
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы №477-1 «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға), тұрғын үй ұстағаны (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметпен пайдаланғаны үшін төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегінің негізгі атқарымы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.
Тарау 1. 1. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен тағайындалады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына келесі құжаттарды қосып арыз беріледі:
отбасы құрамы туралы мәлімет;
пайдаланып отырған тұрғын үйдің жалпы көлемі туралы анықтама;
тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметпен пайдалану шығындарының есептелген сомасы туралы, қызмет көрсетуші мекемелерден алынған анықтамалар (немесе басқа растайтын құжаттар);
отбасының жиынтық табысы жөнінде мәлімет;
жеке меншігінде тұрғын үйі (үй, пәтер) бар екендігін растайтын құжат.
Арыз беруші қолданыстағы заңдарға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз барлық қажетті құжаттармен бірге түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің суырмасын қосып арыз берушіге барлық құжаттарын қайтарады.
Тармақ 8
8. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалға алушының (меншік иесінің) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй аумағының нормасы шегіндегі тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметпен пайдалану шығындарының тоқсанға есептелген сомасымен осы тоқсандағы отбасының жиынтық табысының 30 пайызының айырмасы ретінде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй аумағының нормасы:
отбасы құрамында екі және одан көп адамы бар, екі және одан көп бөлмелі тұрғын үйде тұратын отбасылары үшін тұрғын үй заңдылығымен белгіленген отбасының әр-бір мүшесіне тиісті тұрғын үй нормасына сәйкес, бірақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспайтын болуы керек;
жалғыз тұратын азаматтар үшін 31 шаршы метр;
бір бөлмелі пәтерде тұратын отбасылары (азаматтар) үшін тұрғын үйдің нақты пайдаланып отырған аумағы.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметпен пайдалану шығындарының тоқсанға есептелген нақты сомасының 50 пайызынанаспауы керек.
Тармақ 12
12. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметпен пайдалану шығындарының белгіленген нормадан артығы жалпыға бірдей негізде төленеді.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегі осы көмекті тағайындауға қажетті барлық құжат тіркелген арыз ағымдағы тоқсанның екінші айының 15-не дейін тапсырылса, арыз берілген тоқсанның алдыңғы тоқсанына тағайындалады.
Тармақ 14
14. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйді жалға не қосымша жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Егерде отбасында күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуге, үш жасқа дейінгі (бір не одан көп) баланы тәрбиелеуге байланысты, сондай-ақ төрт және одан көп кәмелетке толмаған (ең кішісі бірінші сыныпты бітіргенше, бірақ 9 жастан аспаған) балаларды тәрбиелеуге байланысты жұмыс жасамай отырғандардан басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын не әскери қызмет атқарып жүрмеген және тиісті органда жұмыссыз ретінде есепте тұрмайтын еңбекке қабілетті адамдары бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқықсыз.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тармақ 16
16. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша көмекті есептеу құжаты жасалады, оның бір данасы тұрғын үй жалдаушысында (меншік иесінде) сақталады.
Тармақ 17
17. Берілген мәліметтің дұрыстығына кумәндәнған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табысы туралы мәліметтерді, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары сұрауға, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге тиісті.
Тармақ 18
18. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға жұмсалатын шекті шығындарының бөлігі, отбасының табысы, тұрғын үй коммуналдық қызмет ставкалары мен тарифтері өзгерсе, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары бұрын тағайындалған жәрдемақыларды қайта есептейді.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған шешім Заңмен белгіленген тәртіп бойынша шағым беруге жатады.
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы барлық тіркелген құжаттармен бірге арыз, және тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім хаттамасы, немесе шешімнен суырма алушының жеке ісінде сақталады.
Тарау 2. 2. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі
2. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі
Тармақ 21
21. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтардың), жиынтық табысы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен есептеледі.
Тармақ 22
22. Жиынтық табысты есептегенде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстары есептеледі.
Тармақ 23
23. Жиынтық табыс арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәліметі негізінде есептеледі.
Тармақ 24
24. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамы туралы анықтамада көрсетілген отбасының барлық мүшелерінің тоқсандағы табыстарын қосу арқылы есептеледі.
Тармақ 25
25. Тоқсаннан артық мерзімге төленуге тиісті біржолғы табыс алған жағдайда, ол алған айлар санына бөлініп, 3 айға көбейтілген табыс сомасы мөлшерінде жиынтық табысқа есептеледі.
Тармақ 26
26. Шет ел валютасында алынған табыстар тұрғын үй көмегін тағайындауға отбасының жиынтық табысын есептеу кезеңіне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің анықтаған курсы бойынша ұлттық валютаға есептеледі.
Тармақ 27
27. Жиынтық табысты есептеудің басқа тетіктері атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің белгілеген тәртібімен анықталады.
Тармақ 28
28. Арыз беруші беріп отырған табысы туралы мәліметтерінің дұрыстығына заңмен белгіленген тәртіппен жауап береді.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 29
29. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әрбір айдың 5-не дейін өткен тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасын және алушылар санын анықтайды. Ай сайын тағайындалған тұрғын үй көмегінің жиынтық тізімін жасап, екінші деңгейдегі банктерге жібереді және еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне сұраныс жібереді.
Тармақ 30
30. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті аймақтық органдарының сұраныстары негізінде өткен тоқсанға тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы көлемін анықтап, әр айдың 10-на дейін облыстық қаржы басқармасына қаржыландыруға сұраныс береді.
Тармақ 31
31. Облыстық қаржы басқармасы сұраныс негізінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне тұрғын үй көмегін төлеуге бюджетте қаралған қаржыны бөледі. Департамент өзінің ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін 3 күннің ішінде екінші деңгейдегі банкілердің шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын және екінші деңгейдегі банкілер мен департамент арасындағы агенттік келісімге сәйкес комиссиялық ақыларды аударады.
Тармақ 32
32. Тұрғын үй көмегін төлеу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары берген алушылар тізімдері негізінде екенші деңгейдегі банкілермен төленеді.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
4. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
Тармақ 33
33. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп, бақылау жүргізу және есеп беруді жүргізу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүктеледі.
Тармақ 34
34. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр тоқсанның бірінші айының 15-не дейін екінші деңгейдегі банкілермен өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру актіліерінң негізінде тұрғын үй көмегіне төленген сомалар бойынша белгіленген нысанмен қаржы органдарына есеп береді.
Тармақ 35
35. Тұрғын үй көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын және уақытылы төленуін қадағалауды уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Тармақ 36
36. Лауазымды тұлғалардың кінәсінен немесе еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер берген арыз берушінің кінәсінен заңсыз төленген тұрғын үй көмегі сомалары кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.