Об утверждении Правил сертификации должностных лиц администраторов республиканских бюджетных программ и местных уполномоченных органов по исполнению бюджета области, города республиканского значения, столицы, уполномоченных на ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 116-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 0. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 840 бұйрығымен бекітілген Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 116-бабы 7-тармағына сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) емтихан жұмысы – кандидат тапсырған емтиханның нәтижесі;
Тармақша 3
3) емтихан модулі (бұдан әрі – модуль) – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген әрбір пән бойынша жауап нұсқалары бар тест сұрақтарынан және ахуалдық тапсырмалардан тұратын тапсырмалар көлемі;
Тармақша 4
4) кандидат – сертификат алуға үміткер республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамы;
Тармақша 5
5) қадағалаушылар – емтихан өткізу тәртібінің сақталуын қадағалайтын мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының тәуелсіз сыртқы өкілдері;
Тармақша 6
6) сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – СН) – білімді растаушы ұйым әрбір кандидатқа беретін жеке нөмірі;
Тармақша 7
7) сертификаттау – кандидаттардың білімін және кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерінің объективтік сипаттамаларын растау арқылы кандидаттың сертификат алу мақсатында емтихандар тапсыру рәсімі;
Тармақша 8
8) ұйым – жарғылық қызметінде бухгалтерлік есеп бойынша біліктілікті арттыру көзделген және бухгалтерлік есеп бойынша біліктілікті арттыру саласында үш жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар ұйым.
Тарау 2. 2-тарау. Сертификаттауды өткізу тәртібі
2-тарау. Сертификаттауды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Ұйым бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзірлеген және оның www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізеді.
Тармақ 4
4. Ұйым Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы заңнамасын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде модульдер әзірлейді және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі. Емтихан кандидаттардың таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсырылады.
Тармақ 5
5. Кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
Тармақша 2
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау.
Тармақ 6
6. Кандидаттар білімін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) пәндердің атауларын көрсете отырып, емтихандарға жіберу туралы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-тармағында көзделген құжаттар;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар.
Тармақ 7
7. Ұсынылған құжаттар пакеті осы Қағидалардың 6 белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтініш қабылданбайды.
Тармақ 8
8. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілікке ие кандидаттар сертификаттау пәндері бойынша жекелеген емтихандар тапсырудан мынадай тәртіппен босатылады:
Тармақша 1
1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Мемлекеттік аудиторды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия берген «Мемлекеттік аудитор» сертификаты және (немесе) Сertificate in International Public Sector Financial Reporting (Serf IPSER), The Chartered Institute of Public Finance & Accountancy (CIPFA) халықаралық сертификаттары бар кандидаттар «Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» пәні бойынша емтихандарды тапсырудан босатылады.
Тармақша 2
2) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына сәйкес аккредиттелген ұйым берген «Кәсіби бухгалтер» сертификаты және (немесе) Заңға сәйкес Мемлекеттік аудиторды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия берген «Мемлекеттік аудитор» сертификаты және (немесе) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына сәйкес аттестатталған Біліктілік комиссиясы берген «Аудитор» біліктілік куәлігі және (немесе) Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) халықаралық сертификаты бар кандидаттар «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» пәні бойынша емтихандар тапсырудан босатылады.
Тармақ 9
9. Емтихан өткізуге арналған үй-жай бейне тіркеу құралдарымен жарақтандырылады.
Тармақ 10
10. Емтихан комиссиясын ұйым әрбір пән бойынша тақ санда (кемінде үш адам) комиссия төрағасы сайланатын мамандар санынан қалыптастырады.
Тармақ 11
11. Ұйымның емтихан өткізуі кезінде байқаушылар қатысады.
Тармақ 12
12. Емтиханның ұзақтығы үш сағатты (180 минут) құрайды.
Тармақ 13
13. Емтихан тапсыру үшін жалпы жиынтық балл («өту» балы) ықтимал жүз (100) балдан кемінде елу (50) балды құрайды.
Тармақ 14
14. Балдардың саны мен емтиханның ұзақтығы олардың күрделілігіне қарай тест сұрақтары және (немесе) ахуалдық тапсырмалар бойынша әрбір модуль бөлінісінде белгіленеді.
Тармақ 15
15. Емтихан жұмыстарына емтихан аяқталған соң СН беріледі, олар кейіннен емтихан комиссиясына жіберіледі.
Тармақ 16
16. Емтихан комиссиясы кандидаттардың емтихан жұмыстарын күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде тексеріп бағалайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады: кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған «өту балына» қол жеткізсе, емтиханнан өтті (оң нәтиже); кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған «өту балына» қол жеткізе алмаса, емтиханнан өте алмады (теріс нәтиже). Емтихан нәтижелері комиссия төрағасы мен оның барлық мүшелерінің қолы қойылып емтихан комиссиясының хаттамасымен ресімделеді. Оң нәтиже алған кандидаттарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы сертификат беріледі.
Тармақ 17
17. Емтиханнан өте алмаған кандидаттар теріс нәтиже алған күннен бастап бір айдан кейін оны қайта тапсыра алады.
Басқа 1
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларына қосымша нысан __________________________________ ұйымның атауы ______________________________________________________________ берілді (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) Емтихан комиссиясының төрағасы ________ ____________________________ (қолы) (қолды таратып жазу) Ұйымның басшысы _________________ ________________________________ (қолы) (қолды таратып жазу) ______ № _______________________ (күні) (сәйкестендіру нөмірі) ___________________ (қаланы көрсету)