Об утверждении схемы пастбищеоборотов на основании геоботанического обследования пастбищ по Казталовскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Казталов ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес, Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Казталов ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А.Исламбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Құтхожинге жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5. Казталов ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы
Казталов аудан әкімдігінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №326 қаулысына қосымша Казталов ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы