Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
“Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу ( бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мөлшері ай сайын әр кемтар балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу “Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде аудан бюджеті қаражаты есебінен тоқсан сайын жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының 22-қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 6
6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу кемтар балаларға:
Тармақша 1
1) кемтар баланың қайтыс болуы;
Тармақша 2
2) мүгедектігін алып тастау;
Тармақша 3
3) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;
Тармақша 4
4) психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;
Тармақша 5
5) аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде тоқтатылады.
Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 7
7. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы ”2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16-190 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6144 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) Жаңақорған аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы” Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16/190 шешіміне өзгеріс енгізу туралы” 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 217 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6287 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) Жаңақорған аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.