Об утверждении Правил деятельности международного технологического парка «Астана Хаб» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Aстана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Aстана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі 2018 жылғы «__»______________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2018 жылғы «__»______________
Басқа 0. «Aстана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығымен бекітілген «Aстана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі (бұдан әрі – Технопарк) қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Технопарк өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидаларды, сондай-ақ Технопарк жарғысын және өзге де ішкі құжаттарды басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Технопарк функцияларына:
Тармақша 1
1) Технопарк қатысушыларына акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету;
Тармақша 2
2) Технопарк қатысушылары үшін маркетингтік және өзге де іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсету;
Тармақша 3
3) Технопарк қатысушыларының дамуын ынталандыру үшін консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсету;
Тармақша 4
4) Технопарк қатысушыларының дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау, халықаралық тәжірибені зерделеу және білім алмасу;
Тармақша 5
5) Технопарк қатысушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;
Тармақша 6
6) Технопарк бағдарламалары бойынша оқытудан өту үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалар алуына шақыртулар, өтінішхаттар жіберу;
Тармақша 7
7) Технопаркке қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту;
Тармақша 8
8) Технопарк қатысушыларын тіркеу және тиісті растаушы құжаттар беру;
Тармақша 9
9) Технопаркте акселерациядан өтетін тұлғаларға тұрғын үй беру және олардың тұруына жағдай жасау;
Тармақша 10
10) Технопарк қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында корпоративтік секторда инновацияларды дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру.
Тармақша 12
12) Технопарк қатысушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын қаржыландыру;
Тармақша 13
13) инвестициялық қорларды құру немесе инвестициялық қорларға қатысу үлесін қабылдау.
Тармақ 3-1
3-1. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 11) тармақшаларында көзделген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласында білікті кадрларды даярлауды ұйымдастыру үшін білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсетуді Технопарк осы Қағидалардың 10-параграфына және Технопарктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. АКТ саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу келесі:
Тармақша 1
1) отандық және шетелдік инвесторларды тарту;
Тармақша 2
2) АКТ саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды көрсету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 3
3) айрықша (мүліктік) құқықтарды тапсыру немесе ұсыну жөніндегі шарт бойынша АКТ саласындағы отандық әзірлемелерді коммерциялық өткізу және (немесе) тапсыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) Технопарк қызметінің маркетингін ілгерілету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланыс орнату және қолдап отыру;
Тармақша 5
5) Технопарктің қызметі үшін қажетті шетелдік заңды және жеке тұлғалармен шарттық қатынастар орнату;
Тармақша 6
6) АКТ саласындағы отандық іс-шараларды және жобалар (көрмелер, форумдар мен конференциялар) өткізуге жәрдемдесу және шетелдік іс-шараларға, оның ішінде қаржы ресурстарын бөлу арқылы қатысу тәсілдерімен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Технопарктің функцияларын орындау Технопарк әзірлеген бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Бағдарламалар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды келесі бағыттар:
Тармақша 1
1) кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау курстары, семинарлар мен тренингтер түрінде оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу мақсатында жоғары, кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыратын ұйымдармен білім беру консорциумдарын құру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Технопарк қызметіне байланысты облыстарда, оның ішінде әріптестік бағдарламалар мен жобаларды құру және іске асыру, ұйым қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, оларды бейімдеудің жаңа әдістерін игеру және ұйымның қызметі шеңберінде қолдану мақсатында жұмыс істейтін мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдармен қарым-қатынас орнату және қолдап отыру;
Тармақша 3
3) даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, оның ішінде семинарлар, тренингтер және басқару мен өндірістік-техникалық пәндердің кең ауқымы бойынша өзге команда қалыптастырушы корпоративтік іс-шаралар түрінде оқыту іс-шаралары мен курстарын ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) әдістемелік материалдарды, оқу құралдарын, оның ішінде электрондық түрде, қашықтықтан оқыту курстарын, модульдік және мультимедиялық бағдарламалар әзірлеу;
Тармақша 5
5) көрмелер, форумдар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, олимпиадалар және заңмен тыйым салынбаған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 6
6) Технопарктің қызметіне байланысты мәселелер бойынша басқа ұйымдар, мемлекеттік органдар, қоғамдық шетелдік қорлар ұйымдастыратын іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
Тармақша 7
7) инновациялық білім беру және ғылыми бағдарламалар мен технологияларды енгізу және іске асыру;
Тармақша 8
8) жаңа технологиялардың эксперименттік және тәжірибелік үлгілерін жасау және оларды сынақтан өткізу;
Тармақша 9
9) инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы талдамалық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 10
10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы технологиялық бизнес-инкубациялау;
Тармақша 11
11) акселерация;
Тармақша 12
12) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы отандық және шетелдік сарапшыларды тарту;
Тармақша 13
13) зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қолдау бойынша дамытуды ынталандыру мақсатында әзірленеді.
Тарау 2. 2-тарау. Технопарктің қызмет ету тәртібі
2-тарау. Технопарктің қызмет ету тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Технопарк қатысушыларына талаптар
1-параграф. Технопарк қатысушыларына талаптар
Тармақ 7
7. Технопарк қатысушысы ретінде тіркелу үшін өтініш беруші мынадай талаптарға сәйкес келуі қажет: заңды тұлға болу; Технопаркке қатысуға өтініш берген сәтте өкілдіктерден басқа филиалдарының болмауы; Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық басым жобаны, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдарға жатпау; акцияларының (жарғылық капиталындағы үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға немесе олардың еншілес ұйымдарына тиесілі заңды тұлға болмау; жер қойнауын пайдаланушы немесе арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болмау; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 461-бабына сәйкес кіші акцизделетін тауарлардың төлеушісі болмау; АКТ саласындағы қызметтің бір және (немесе) бірнеше басым түрлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18523 болып тіркелген) бекітілген АКТ саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – АКТ саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесі) сәйкес бір басым қызмет түрі шеңберінде онда көзделген бір және (немесе) бірнеше жұмыстарды жүзеге асыру.
Тармақ 2. 2-параграф. Технопарк қатысушыларын тіркеу және тиісті растайтын құжаттар беру тәртібі
2-параграф. Технопарк қатысушыларын тіркеу және тиісті растайтын құжаттар беру тәртібі
Тармақ 8
8. Технопарктің қатысушысы ретінде тіркеу үшін өтінішті ұсыну, оны одан әрі Технопарктің қарауы, өтініштің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама Технопарктің интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады. Өтініш беруші Технопарктің қатысушысы ретінде тіркелу үшін осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, технопаркке қатысуға арналған электрондық өтінішті (бұдан әрі – қатысуға өтініш) Технопарктің интернет-ресурсында толтырады.
Тармақ 9
9. Қатысуға өтінішке қоса мынадай құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген қажетті мәліметтерді қамтитын жобаның (жобалардың) бизнес-жоспары;
Тармақша 2
2) салық органдарында есепке алынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң алты еселенген мөлшерiнен аспайтын борыштардың болмауы (болуы) туралы Технопаркке қатысуға өтініш берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей берiлген мәлiметтер;
Тармақша 3
3) өтініш беруші қызметін жүзеге асыруды жоспарлап отырған жерді растайтын құжат (жалға алу, мүлікті өтеусіз пайдалану, мүлікті сенімгерлік басқару шарттарының көшірмелері, заңды тұлғаның орналасқан жері үшін үй-жай беру туралы жеке тұлғаның нотариат куәландырған келісімі). Мекенжайы өзгерген кезде өтініш беруші жедел түрде ол туралы Технопаркті хабардар етеді.
Тармақ 9-1
9-1. АКТ саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесі шеңберінде Технопаркке қатысушы жүзеге асыратын Қызмет түрі өзгерген және (немесе) толықтырылған жағдайда, Технопарктің интернет-ресурсында толтырылатын бизнес-жоспарды қоса бере отырып, технопаркке қатысушы қызмет түрін өзгерту және (немесе) толықтыру туралы электрондық нысандағы өтінішті жібереді. Қызмет түрін өзгерту және (немесе) толықтыру туралы шешімді технопарктен қызмет түрін өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініш түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Технопаркке қатысушыларды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қабылдайды.
Тармақ 10
10. Қатысу туралы өтініш және оған қоса берілген құжаттар қазақ немесе орыс не ағылшын тілдерінде жіберіледі. Құжаттарды ағылшын тілінде берген кезде Технопарк олардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сенімділігін, өтінімде қамтылған бастапқы деректерді, есептеулерді, негіздемелерді қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Технопарк қатысуға өтініш, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Тармақ 13
13. Технопаркке қатысуға арналған өтініш пен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар толық және дұрыс, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда Технопарк осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Комиссияның қарауына жібереді. Комиссияның Ережесі мен құрамын Технопарк айқындайды.» Комиссия мемлекеттік органдардың өкілдерінен және (немесе IT-технологиялар саласындағы) тиісті біліктілігі бар және (немесе) мамандардан тұрады, сондай-ақ Комиссияның құрамына халықаралық сарапшылар тартылады.
Тармақ 14
14. Қатысуға арналған өтініште, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтер толық емес және (немесе) шынайы емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда, Технопарк қатысуға өтініш жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ескертулерді көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлама жібереді.
Тармақ 15
Тармақ 16
16. Технопарк ескертулерді жойған сәттен бастап қатысуға арналған өтінішті Комиссияға қарауға жібереді. Комиссия он жұмыс күні ішінде қарайды және өтініш берушіні қатысушы ретінде тіркеу туралы немесе мұндай тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Комиссия өтініш берушіні қатысушы ретінде тіркеуден мынадай негіздер бойынша бас тартады: бизнес-жоспардың осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген мәліметтерге сәйкес келмеуі; өтініш берушінің жобасы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің бір немесе бірнеше бағытына, сондай-ақ қызметтің бір басым түрі шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес онда көзделген бір және (немесе) бірнеше жұмысты жүзеге асыруға сәйкес келмеуі.
Тармақ 17
17. Технопарк Комиссия осындай шешімді қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Технопарктің қатысушысы ретінде тіркелгені немесе мұндай тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді. Өтінішті қабылдамау өтінішті қабылдамауға негіз болған себептер жойылған кезде өтініш берушінің қайта өтініш беруіне кедергі келтірмейді.
Тармақ 18
18. Технопарк қатысушысы қызметінің шарттары туралы шартқа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қатысушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Технопаркке қатысушыны тіркеу туралы куәлік беріледі.
Тармақ 19
Тармақ 20
20. Технопарк қатысушысының қызмет шарттары туралы шарт жасалған Технопарк қатысушысы туралы мәліметтер үш жұмыс күні ішінде Технопарктің интернет-ресурсында орналасқан Технопарк қатысушыларының тізбесіне енгізіледі.
Тармақ 21
Тармақ 3. 3-параграф. Технопаркке қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту тәртібі
3-параграф. Технопаркке қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту тәртібі
Тармақ 22
22. Резиденттерді тарту шектеусіз жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Бейрезиденттер тартылған жағдайда қатысушы тоқсан сайынғы есептерді ұсынған кезде тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мынадай мәліметтерді көрсетеді: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), соның ішінде латын әріптерімен; туған күні; азаматтық (тұрақты тұратын ел); паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы; Қазақстан Республикасының аумағында болжалды болу мерзімі (айы, жылы); біліктілігі туралы мәліметтер; визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса); Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсаты; бейрезиденттердің отбасы мүшелері туралы мәліметтер. Бұл ретте, отбасы мүшелері туралы мәліметтер мыналарды қамтуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), соның ішінде латын әріптерімен; туған күні; Технопарк тартқан, олар отбасы мүшелері болып табылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), соның ішінде латын әріптерімен; туыстық дәрежесі және туыстығын растайтын құжаттар туралы (неке туралы, туу туралы куәлігі немесе туыстығы туралы мәліметтерді растайтын өзге құжаттар); паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы; визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса); Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсаты.
Тармақ 24
Тармақ 4. 4-параграф. Технопарктің олардың қызметтерін ұйымдастыру бойынша қатысушылармен өзара іс-қимылы
4-параграф. Технопарктің олардың қызметтерін ұйымдастыру бойынша қатысушылармен өзара іс-қимылы
Тармақ 25
25. Технопарк қатысушыға осы Қағидаларға сәйкес АКТ саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.
Тармақ 26
26. Технопарк орын-жайлар бар болса қатысушыға жобаны іске асыру үшін қажетті әкімшілік, өндірістік, қосалқы мақсаттағы орын-жайларды уақытша пайдалануға береді. Үйжайларды беру шарттары Технопарк қатысушысымен жасасқан шартпен айқындалады.
Тармақ 27
27. Технопарктің сұранысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қатысушы мемлекеттік статистикалық есептіліктің көшірмесін, өзі төлеуші болып табылатын салықтар, алымдар (баж) бойынша салық декларацияларын (есептеулер), сондай-ақ жылдық бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің шынайылығы туралы аудиторлық қорытындыны береді.
Тармақ 28
28. Қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеген және жойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Технопаркке растайтын құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, тиісті оқиға туралы хабардар етеді.
Тармақ 29
29. Қатысушы Технопаркке салықтық есепке алу мақсатында қажетті мәліметтерді береді. Қажет болған жағдайда қатысушы Технопарктің сұрау салуы бойынша бухгалтерлік (қаржылық) есептілік туралы мәліметтерді береді.
Тармақ 30
30. Қатысушы немесе Технопарк тиісті қатысушының қызметіне байланысты ұсынған техникалық, экономикалық және коммерциялық сипаттағы ақпарат құпия болып табылады және қатысушының немесе Технопарктің алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
Тармақ 5. 5-параграф. Қатысушылардың Технопаркке алымдар мен төлемдер енгізу тәртібі
5-параграф. Қатысушылардың Технопаркке алымдар мен төлемдер енгізу тәртібі
Тармақ 31
31. Қатысушы Технопаркке қызметін жүзеге асыру кезінде алдыңғы тоқсан үшін алынған табысынан алымдар мен төлемдерді өткен тоқсаннан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктермей енгізеді.
Тармақ 32
32. Қатысушылардың алымдары мен төлемдері Технопарктің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына жіберіледі.
Тармақ 33
Тармақ 34
34. Алымдар мен төлемдердің мөлшері мен түрлері Технопарк қатысушысымен жасалған шартпен айқындалады.
Тармақ 6. 6-параграф. Технопаркке қатысу мерзімі және аяқталуы
6-параграф. Технопаркке қатысу мерзімі және аяқталуы
Тармақ 35
35. Технопаркке қатысу мерзімін Технопарк айқындайды және бір жылдан кем болмауы керек.
Тармақ 36
36. Технопаркке қатысу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш Технопаркке қатысу мерзiмi аяқталғанға дейiн он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей берiледi. Технопаркке қатысу мерзімін ұзартуға өтініш беру мерзімі сақталмаған кезде өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес тіркеуден өтеді. Технопарк осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Технопаркке қатысу мерзімін ұзарту туралы куәлік береді.
Тармақ 37
37. Технопаркке қатысу жоспарлы немесе мерзімінен бұрын аяқталады.
Тармақ 38
38. Технопаркке жоспарлы түрде қатысудың аяқталуы деп Технопаркке қатысу мерзімінің аяқталуы түсінділеді.
Тармақ 39
39. Технопаркке қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату мынадай:
Тармақша 1
1) Технопарк осы тараудың 9-параграфына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелері бойынша жобаны одан әрі іске асырудың орынсыздығы туралы анықтаған;
Тармақша 2
2) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізген;
Тармақша 3
3) қатысушы Технопарк бағдарламалары шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудан бас тартқан;
Тармақша 4
4) заңды тұлға-қатысушыны тарату;
Тармақша 5
5) қатысушының орналасқан жерінің өзгеруі, қызмет түрінің өзгеруі және (немесе) толықтырылуы туралы хабарламауы, сондай-ақ қатысушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда;
Тармақша 6
6) осы Қағидалардың 64 және 66 тармақтарында көзделген мәліметтер мен есептерді ұсынбаған;
Тармақша 7
7) осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес алымдар мен төлемдерді төлемеген;
Тармақша 8
8) Технопарк пен қатысушы арасында жасалатын қызмет шарттары туралы шартта көзделген міндеттемелерді қатысушы орындамаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Қатысушы Технопарк бағдарламалары шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудан бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін он жұмыс күні бұрын бұл туралы Технопаркке хабарлайды.
Тармақ 41
41. Технопарк осы Қағидалардың 39-тармағы 1), 2), 8) тармақшаларында көзделген жағдайда қатысушының Технопаркке қатысуы мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады. Комиссия осы Қағидалардың 39-тармағы 1), 2), 8) тармақшаларында көзделген негіздемелер болған жағдайда Технопаркке қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 7. 7-параграф. Технопарктің қызметтер көрсету тәртібі және олардың құнын анықтау
7-параграф. Технопарктің қызметтер көрсету тәртібі және олардың құнын анықтау
Тармақ 42
42. Технопарк Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін тарту бойынша функциялар шеңберінде Технопарк актілеріне сәйкес Технопарктің қатысушыларына, Технопарктің қатысушылары болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Қызмет алушы) Технопарк бағдарламаларында көзделген қызметтерді көрсетеді.
Тармақ 43
43. Акселерация АКТ саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды дамыту бағдарламасын көздейді, онда бағдарлама қатысушыларына білім беру курстарына, трекерлерден (тәлімгерлерден) сабақ алуға, сарапшылардан кеңестер алуға мүмкіндік беріледі.
Тармақ 44
44. Технологиялық бизнес-инкубациялау Технопарк қатысушыларының АКТ саласындағы өнеркәсіптік - инновациялық жобаларды олардың жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде қолдау бағдарламасын көздейді, оған үй-жайларды, жабдықтарды (Технопаркте осындай орындар болған жағдайда) ұсыну, бухгалтерлік және заң мәселелері бойынша консультациялар беру, сондай-ақ инвестициялар және өзге де ақпараттық қызметтер тартуда қолдау көрсету жатады.
Тармақ 45
45. Технопарк өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға және оны нарыққа жылжытуға байланысты маркетингтік және өзге де іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша консультациялар береді.
Тармақ 46
46. Технопарк білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер шеңберінде отандық және шетелдік тренерлерді, оқытушыларды, сарапшыларды тартады.
Тармақ 47
47. Қызмет алушы қызметтерді алу үшін Технопарктің интернет-ресурсында толтырылатын қызметтерді алуға электрондық өтінішті (бұдан әрі – өтініш) өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін жібереді.
Тармақ 48
48. Қызметтерді алуға арналған электрондық өтінішке мынадай мәліметтер қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жобаның атауы, жобаның бағыты, жобадан күтілетін нәтижелер бар жобаның қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің байланыс деректері: телефон нөмірі; электрондық мекенжайы; қала және елі;
Тармақша 3
3) жобаның (өнімнің) дайындық сатысы, қолданылатын технологиялар, өнім шешетін проблема, жобаның бизнес-моделі, жобаның қолданыс мерзімі (қажет болған жағдайда тиісті қызмет бойынша);
Тармақша 4
4) жобаға қатысушылардың саны, команданың жобаға тартылуы (қажет болған жағдайда тиісті қызмет бойынша);
Тармақша 5
5) жоба таныстырылымына сілтеме (қажет болған жағдайда тиісті қызмет бойынша).
Тармақ 49
49. Өтініштер және оған қоса берілетін мәліметтер қазақ немесе орыс, не ағылшын тілдерінде беріледі. Құжаттар ағылшын тілінде ұсынылған кезде Технопарк олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасын қамтамасыз етеді.
Тармақ 50
50. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, өтініште қамтылған бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық және дұрыс болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 51
51. Технопарк өтініштің осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкестігі тұрғысында қарайды және қызметтерді көрсетуге шарт жасасу немесе мұндай шарт жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау рәсімі Технопарктің актілерімен реттеледі.
Тармақ 52
52. Өтінішке қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, Технопарк өтініш берушіге ескертулерді көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Тармақ 53
Тармақ 54
54. Өтінішке қоса берілген құжаттардың осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес келмеуі, ескертулердің жойылмауы, өтініш берушінің шарт жасасу талаптарына сәйкес келмеуі шарт жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 55
55. Шарт жасасудан бас тарту шарт жасасудан бас тарту үшін негіз болған себептерді жойған жағдайда, өтініш берушінің қайтадан өтініш беруіне кедергі келтірмейді.
Тармақ 56
56. Шарт жасасу талаптары өтінішдерді қабылдау басталған күнге дейін бір айдан кешіктірілмей Технопарктің интернет-ресурсында жарияланады. Көрсетілетін қызметті алушымен жасалатын шарт жобасында Технопарктің қызметтерді көрсету талаптары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының Технопарктің көрсетілген қызметінің төлем тәртібі мен мөлшері қамтылады.
Тармақ 57
57. Технопарктің көрсетілетін қызметінің құны Технопарк әзірлейтін және бекітетін Технопарктің ішкі құжаттарында айқындалады. Технопарк көрсететін қызметтердің ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызметтерінің құны коммерциялық бағалық ұсыныстар негізінде үшінші тарапты тартуы мүмкін.
Тармақ 8. 8-параграф. Технопаркте акселерациядан өтетін адамдарға тұрғын үй беру және олардың тұруына жағдай жасау тәртібі
8-параграф. Технопаркте акселерациядан өтетін адамдарға тұрғын үй беру және олардың тұруына жағдай жасау тәртібі
Тармақ 58
58. Технопарк тиісті акселерациялық бағдарламаны іске асыру үшін айқындалған елді мекенде тұрғын үйі жоқ Технопаркте акселерациядан өтіп жатқан тұлғаларға (бұдан әрі – тұлғалар) бар болған жағдайда тұрғын үй береді немесе тұруға жағдай жасайды.
Тармақ 59
59. Тұлғалар Технопаркпен жасалған шарт негізінде берілген тұрғын үйге орналастырылады және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйдің және ортақ мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 60
60. Акселерациядан өтуден шығарылған тұлғалар тұрғын үйді босатады және екі жұмыс күні ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша Технопаркке тапсырады.
Тармақ 61
61. Технопарк босатылған тұрғын үй бар болған жағдайда, оны осы Қағидалардың 58-тармағында көрсетілген басқа адамдарға береді.
Тармақ 9. 9-параграф. Қатысушылар жобалары қызметінің мониторингі және іске асыру
9-параграф. Қатысушылар жобалары қызметінің мониторингі және іске асыру
Тармақ 62
62. Қатысушы Технопаркке осы Қағидаларға сәйкес есептілікті ұсынады.
Тармақ 63
63. Технопарктің бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингінің мақсаты қатысушы жобасының нақты іске асырылу барысын көрсету болып табылады.
Тармақ 64
64. Жобаларды іске асыру мониторингі Технопарктің қатысушылары ұсынатын құрамында мынадай есептер:
Тармақша 1
1) қол жеткізілген нәтижелердің талдауы бар жоба қызметінің және оның іске асырылу барысы туралы тоқсан сайынғы есеп.
Тармақша 2
2) мониторинг шеңберінде Технопарк сұрататын қосымша ақпаратты қамтиды.
Тармақ 64-1
64-1. Қатысушы Технопаркке осындай сұратуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қызметтің мониторингі және олардың жобасын іске асыру шеңберінде алынған сұратуға сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.
Тармақ 65
65. Есептің нысаны мен мазмұны Технопарк пен қатысушы арасында жасалатын шартта айқындалады.
Тармақ 66
66. Қатысушы технопаркке өзі жүзеге асыратын қызмет туралы тоқсан сайынғы есепті есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Тармақ 68
68. Тоқсандық есептерді жасау үшін күнтізбелік тоқсан тиісінше есепті кезең болып табылады.
Тармақ 69
69. Қатысушылардың қызметін мониторингілеу және бағалау нәтижелері бойынша Технопарк Технопаркке қатысу шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы не жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы қорытынды береді. Мониторинг кезеңі аяқталғаннан кейін Технопарк қатысушыға мониторинг нәтижелері туралы хабарлама жібереді және қажет болған жағдайда Қатысушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде анықталған ескертулерді түзетеді.
Тармақ 70
70. Технопарк уәкілетті органға тоқсан сайын есепті кезеңнен кейін бір ай ішінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша қатысушылардың жобаларын іске асырудың орындылығы туралы талдамалық ақпарат дайындайды.
Тармақ 10. 10-параграф. АКТ саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру үшін білім беру іс-шараларын өткізу тәртібі.
10-параграф. АКТ саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру үшін білім беру іс-шараларын өткізу тәртібі.
Тармақ 71
71. Технопарк осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 11) тармақшаларына сәйкес АКТ саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру үшін білім беру іс-шараларын өткізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады.
Тармақ 72
72. Технопарк өтініш берушілерден АКТ саласындағы жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініштерді бұқаралық ақпарат құралдарында және Технопарктің интернет-ресурсы арқылы қабылдаудың басталғаны және аяқталғаны туралы хабарлайды.
Тармақ 73
73. Өтініш беруші мынадай құжаттарды қоса бере отырып, АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысу үшін Технопарктің интернет-ресурсында электрондық нысанда өтініш жібереді:
Тармақша 1
1) Өтініш берушінің бірінші басшысы бекіткен курстар силлабустары (курстардың атауы және олардың толық сипаттамасы: апталар мен академиялық сағаттар бойынша оқу жоспары, ұзақтығы, студенттерді іріктеу өлшемшарттары және курс құны);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген франшиза құруды, франчайзер мен франчайзи арасында франшиза сатуды растайтын құжат (бар болса);
Тармақша 3
3) шетелдік оқыту әдіснамасын пайдалану құқығын растайтын құжат (бар болса);
Тармақша 4
4) құқық иеленушінің курсқа айрықша құқықтарын өтінім берушіге беруі туралы құжат (бар болса);
Тармақша 5
5) АКТ саласындағы компанияларда түлектердің тағылымдамадан өту, жұмысқа орналасуын растайтын құжат (бар болса);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында сабақ өткізуге жарамды үй-жайға иелік ету, пайдалану, билік ету құқығын растайтын құжат (бар болса).
Тармақ 74
74. АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс не ағылшын тілдерінде жіберіледі. Құжаттарды ағылшын тілінде ұсынған кезде Технопарк қажет болған жағдайда олардың мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын қамтамасыз етеді.
Тармақ 75
75. Өтінім беруші АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініште қамтылған ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз ете.
Тармақ 76
76. Технопарк АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініш жіберген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның мәліметтердің толықтығын қарайды. Технопарк өтінім берушіге:
Тармақша 1
1) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салық берешегі және кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған;
Тармақша 2
2) дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің банкроттық немесе тарату рәсіміне жататындығы фактісі анықталған;
Тармақша 4
4) сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімдерінде есепке алу фактісі анықталған;
Тармақша 5
5) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде есепке алу фактісі анықталған;
Тармақша 6
6) АКТ саласындағы курстардың ұзақтығы алты айдан кем болған;
Тармақша 7
7) АКТ саласындағы курстар бойынша егжей-тегжейлі оқу жоспары болмаған;
Тармақша 8
8) Технопарктің қатысушысы туралы ақпараты бар интернет-ресурсы болмаған кезде бас тартады.
Тармақ 77
77. АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініште қамтылған толық мәліметтерді ұсынған кезде Технопарк оны кандидаттарды іріктеу жөніндегі Технопарк айқындайтын Тәуелсіз комиссияның (бұдан әрі – Тәуелсіз комиссия) қарауына жібереді. Тәуелсіз комиссия Технопарктің, мемлекеттік органдардың өкілдерінен және (немесе) тиісті біліктілігі бар IT-технологиялар және білім беру саласындағы мамандардан тұрады, сондай-ақ Комиссияның құрамына халықаралық сарапшылар тартылады.
Тармақ 78
78. АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға арналған өтініште қамтылған мәліметтерді толық ұсынбаған кезде Технопарк АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға арналған өтінішті жіберген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге ескертулерді көрсете отырып хабарлама жібереді.
Тармақ 79
79. Ескертулерді жоюды өтініш беруші оларды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.
Тармақ 80
80. Технопарк ескертулерді жойған сәттен бастап АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысу өтінішті Тәуелсіз комиссияның қарауына жібереді. Тәуелсіз комиссия өтініш берушілердің таныстырылымдарын тыңдайды және жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға рұқсат беру және квоталар саны туралы немесе қатысудан бас тарту туралы дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.
Тармақ 81
81. Технопарк тәуелсіз комиссияның одан әрі қарауы үшін АКТ саласында жеке тұлғаларды оқыту үшін Технопарк қатысушыларына квоталар санын айқындаудың есептік тетігін айқындайды және пайдаланады.
Тармақ 82
82. Технопарк өтініш берушіге жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға рұқсат беру туралы тәуелсіз комиссияның шешімін немесе осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініште көрсетілген байланыстар бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 83
83. АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтінішті қарау қорытындысы бойынша Тәуелсіз комиссияның оң шешімі болған кезде Технопарк он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен Технопарк айқындайтын АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысу туралы шарт жасасады.
Тармақ 84
84. АКТ саласында оқыту алуға үміткер жеке тұлғалардың тізбесін өтініш беруші дербес айқындайды. Өтініш беруші жеке тұлғаларды оқытуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 85
85. Технопарктің қатысушылары болып табылатын технологиялық компаниялардан АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініштерді қабылдау тәртібі және АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысу үшін оларды іріктеу өлшемдері Технопарктің ішкі құжаттарымен айқындалады.
Басқа 1. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде қатысушыны тіркеу туралы КУӘЛІК
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына 1-қосымша «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде қатысушыны тіркеу туралы КУӘЛІК _____________________________________________________________ берілді атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________ мекенжайы ______________________________________________________________ қызмет түрі Берілген күні: _____________ Қолданылу кезеңі: ____________ Тіркеу нөмірі: _________ Мөр орны / Электрондық цифрлық қолтаңба
Басқа 2. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысу мерзімін ұзарту туралы КУӘЛІК
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына 2-қосымша «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысу мерзімін ұзарту туралы КУӘЛІК ______________________________________________________________берілді атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________ мекенжайы ______________________________________________________________ қызмет түрі Берілген күні: _____________ Қолданылу кезеңі: ____________ Тіркеу нөмірі: _________ Мөр орны / Электрондық цифрлық қолтаңба
Басқа 3. Жобаның бизнес-жоспарында сипаттауға қажетті мәліметтер
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына 3-қосымша Жобаның бизнес-жоспарында сипаттауға қажетті мәліметтер Р/с № Жобаның (жобалардың) бизнес-жоспарында сипаттауға қажетті мәліметтер тізбесі 1. Сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттері бар жобаның (жобалардың) атауы 2. Жобаны (жобаларды) іске асырудың орны 3. Ақпараттандыру объектісіне меншік құқығының туындау негізі. Патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер (болған кезде). 4. Команда туралы мәліметтер. Жобаны нақты жүзеге асыру үшін қажетті біліктілігі және (немесе) еңбек өтілі және (немесе) тәжірибесі көрсетілген қызметкерлердің штат саны, соның ішінде жобаны іске асыру үшін резидент пен бейрезиденттерді тарту жоспарланып отырғаны туралы. 5. Жобаның (жобалардың) дайындық сатысы 6. Жоба (жобалардың) тиімділігінің түйінді көрсеткіштері (KPI) 7. Жобаның техникалық сипаттамасы (сәулет, құрылымы, қолданылатын шешімдер) 8. Технопаркке қатысу кезеңіне жобаны (жобаларды) іске асыруға жоспарланған шығыстардың сметасы. 9. Жоба (жобалар) шеңберінде ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, мүліктік құқықтардың түрлері. Сату тәсілі және болжамды сатудың күтілетін жыл сайынғы көлемі, кіріс (кіріс) (технопаркке қатысу кезеңіне көрсетіледі) 10. Клиенттер/әлеуетті клиенттер 11. Технопаркке қатысу кезеңіне жобаны (жобаларды) іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспары (жобаны іске асыру және дамыту үшін қажетті нақты іс-шараларды (қадамдарды) сипаттау). 12. Жобаның (жобалардың) қоғамдық маңызы * Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің бірнеше басым түрлерін жүзеге асыру жоспарлағанда өтініш беруші бизнес-жоспарда әрбір қызмет түрі шеңберіндегі барлық жобаларды көрсетеді.