Об утверждении регламента и состава апелляционной комиссии Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Апелляциялық комиссияның регламентін және құрамын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 21-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес апелляциялық комиссияның регламенті;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес апелляциялық комиссияның құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Апелляциялық комиссияның регламенті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 6 тамыздағы № МЗ-5 бұйрығына 1-қосымша Апелляциялық комиссияның регламенті
Тармақ 1
1. Апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырады және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың тексеру нәтижелері туралы актіге шағым беру, қарау тәртібі мен мерзімдерін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Комиссия төрағасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) тексеру нәтижелері туралы актіге шағым келіп түскен күннен бастап Комиссия отырысының күнін және уақытын белгілейді.
Тармақ 3
3. Комиссия бақылау және қадағалау субъектісі тексеру нәтижелері туралы актімен танысқан күннен кейін үш ай өткен соң ведомствоға берілген шағымдарды қарамайды.
Тармақ 4
4. Комиссияның хатшысы тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды Комиссия отырысының күні белгілегенге дейін үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей оның мүшелеріне жібереді.
Тармақ 5
5. Комиссияның отырысы Комиссия төрағасының кіріспе сөзінен кейін ашық деп есептеледі.
Тармақ 6
6. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы болған кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Комиссияның шешімі қарапайым көпшіліктің дауысымен қабылданады.
Тармақ 8
8. Дауыс беруге Комиссия мүшелерінің ғана құқығы болады.
Тармақ 9
9. Комиссияның әрбір мүшесі бір ғана дауысқа ие болады.
Тармақ 10
10. Дауыстар тең болған кезде соңғы шешімді Комиссия төрағасы қабылдайды.
Тармақ 11
11. Комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық құпияны, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жарияламауы тиіс.
Тармақ 12
12. Тексеру нәтижелерi туралы актіге шағымды Комиссия тексеру нәтижелерi туралы актiге шағымдалатын мәселелер шегiнде қарайды.
Тармақ 13
13. Тексеру нәтижелерi туралы актіге шағымды қарау мерзімі келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 14
14. Тексеру нәтижелерi туралы актіге шағымды қарау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай ұсынымдардарды шығарады: шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы актіні өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру; шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы актіні толық немесе бұзушылықпен шығарылған тексерулер нәтижелерінің бір бөлігінің күшін жою.
Тармақ 15
15. Комиссияның тексеру нәтижелері туралы актіге шағымды қарау нәтижелері шағымды сотқа жіберуге кедергі келтірмейді.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа жүгіну сот шешiмi шығарылғанға дейiн тексеру нәтижелерi туралы актiге шағымдарды Комиссияның қарауын тоқтатата тұрады.
Тармақ 17
17. Комиссия отырысының нәтижелері қажетті құжаттарды қоса бере отырып, хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 18
18. Хаттамада Комиссияның құрамы, шақырылған адамдар, отырыс орны, уақыты және күні, Комиссия мүшелерінің айтқан ұстанымдары, сондай-ақ шақырылған сарапшылар болған кезде олардың пікірлері көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Хаттаманың жобасын Комиссия отырысына қатысқан оның мүшелері келіседі.
Тармақ 20
20. Хаттамаға Комиссия төрағасы қол қояды және шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде өтініш иесінің және тексеру нәтижелерi туралы актіні ресімдеген лауазымды адамның (адамдардың) мәліметіне жеткізіледі.
Басқа 2. Апелляциялық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 6 тамыздағы № МЗ-5 бұйрығына 2-қосымша Апелляциялық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Комиссияның төрағасы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары – Комиссия төрағасының орынбасары; Комиссияның мүшелері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілі; «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі (келісім бойынша); «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі (келісім бойынша).