Об упрощении порядка экспорта товаров из Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасынан тауарларды экспортқа шығару тәртiбiн оңайлату және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен.
1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына сәйкес өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылығы өнiмдерi экспортын тұрақтандыру және сыртқы экономикалық қызметтiң нормативтерiн Дүниежүзiлiк сауда ұйымының принциптерiне және нормаларына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Республикалық Баға комиссиясы таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiмде тауар өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғайтын Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң ерiктi ассоциациясын (одағын) құру үшiн жағдай жасау жөнiндегi шараларды әзiрлесiн.
Тармақ 3
3. Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн күшiн сақтайды деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 654 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 25, 209-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
4-тармақтың бесiншi абзацындағы "3 жыл" деген сөздер "1 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың үшiншi абзацындағы "және одан кейiнгi жылдар" деген сөздер алынып тасталсын;
"Жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың тiзбесi" деген 4-қосымшаға осы қаулыға берiлген қосымшаға сәйкес толықтырулар енгiзiлсiн.
📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 4 абзацының күшi тоқтатылды - ҚР Пр-нiң 1996.12.31. № 3309 жарлығымен .
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi экспорттық контрактiлерге тәуелсiз инспекциялар белгiлеген бағалармен салыстырғанда төмендетiлген баға табылған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден және салық заңдарында көзделген салық салынатын табысты түзету жөнiнде шаралар қолдансын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы өткiзген тендердiң жеңiмпазымен жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын өткiзу жөнiнде бiрлескен iс-қимыл туралы шартқа қол қойсын.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы 1996 жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн тауарларға экспорттық баға айқындау әдiстемесiн бекiтсiн.
Тармақ 8
8. "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
📌 ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың күшi тоқтатылды - ҚР Пр-нiң 1996.12.31. N 3309 жарлығымен .
Тармақ 9
9. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 10. Қазақстан Республикасынан экспортталатын, жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы жүргiзiлетiн тауарлардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 6 желтоқсандағы
N 1492 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасынан экспортталатын, жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы жүргiзiлетiн тауарлардың ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
Тауардың атауы СЭҚ ТН коды
___________________________________________________________________
Бидай (барлық түрi) 1001
Арпа 1003
Күрiш 1006
Мүйiздi iрi қараның немесе жылқы
тақылеттес жануарлардың терiсi 4101
Қойдың немесе қозының терiсi 4102
Биязы жүн (меринос, меринос емес, жуылған және
жуылмаған), жартылай биязы, жартылай қылшықты,
қылшық жүндер 5101
ануарлардың түктерi (жiңiшке, қатты) ангор
қоянының, түйенiң, ангор ешкiсiнiң 5102
Талшықты-мақта 5201, 5203
Мақта қалдықтары (шитi) 5202