О стандартизации Қолданыста
Басқа 0
Стандарттау туралы
Осы Заң ұлттық стандарттау жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған құқықтық негіздерді айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әскери ұлттық стандарт – белгілі бір және арнайы пайдалану мақсатында әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, оның ішінде мемлекеттік құпияларға жатқызылатын және таратылуы шектеулі мәліметтерді қамтитын өнімдерге, процестер мен көрсетілетін қызметтерге арналған стандарттау жөніндегі құжат;
Тармақша 2
2) дайындаушы – өткізу үшін өнім өндіретін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызмет – жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінің материалдық мәні болмайтын қызмет;
Тармақша 4
4) мемлекетаралық стандарт – стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған өңірлік стандарт;
Тармақша 5
5) негізге алынатын ұлттық стандарт – ұлттық стандарттау жүйесінің жалпы ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелерін белгілейтін және қолданылу саласы кең немесе белгілі бір стандарттау саласы үшін жалпы ережелерді қамтитын стандарттау жөніндегі құжат;
Тармақша 6
6) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры – Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда), сондай-ақ бұлар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық ресурс;
Тармақша 7
7) өзара байланысты стандарттар – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық стандарттар және (немесе) мемлекетаралық стандарттар;
Тармақша 8
8) өнім – қызметтің материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған нәтижесі;
Тармақша 9
9) өнiмнiң өмiрлiк циклi – өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану немесе тұтыну, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;
Тармақша 10
10) өңiрлiк стандарт – стандарттау жөніндегі өңiрлiк ұйым қабылдаған стандарттау жөніндегі құжат;
Тармақша 11
11) процесс – өнiмнiң өмiрлiк циклі кезеңдерін қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және ретімен орындалатын iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
Тармақша 12
12) ресми басылым – нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры басып шығаратын, ұлттық стандарттау белгісі салынған стандарттау жөніндегі құжаттың (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) баспа не электрондық мәтіні;
Тармақша 13
13) стандарттардың ақпараттық көрсеткіші – стандарттау жөніндегі қабылданған құжаттар, оларға өзгерістер туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды қолданысқа енгізу мерзімдерін және қосымша ақпаратты қамтитын мерзімділікпен басып шығарылатын көрсеткіш;
Тармақша 14
14) стандарттау – нақты қойылып отырған және әлеуетті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу
арқылы стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге және стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
Тармақша 15
15) стандарттау жөнiндегi құжат – стандарттау саласындағы қызметтiң алуан түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды, қағидаттарды белгiлейтiн құжат;
Тармақша 16
16) стандарттау жөніндегі құжаттарды жаңартып отыру – стандарттау жөніндегі құжаттарды оларға белгіленген тәртіппен қабылданған өзгерістерді, олардың қолданылу мерзімдері, қайта қарау туралы, шектеу немесе күшін жою туралы ақпаратты енгізу жолымен жаңартып отыратын күйде ұстау процесі;
Тармақша 17
17) стандарттау жөніндегі құжаттардың каталогы – ұлттық, мемлекетаралық стандарттар және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық ресурс;
Тармақша 18
18) стандарттау жөніндегі өңiрлiк ұйым – қызметiне қатысуға бiр географиялық немесе экономикалық өңір үшін ашық стандарттау жөнiндегi ұйым;
Тармақша 19
19) стандарттау жөніндегі техникалық комитет – стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыру және бекітіп берілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша ұлттық стандарттау жүйесін құруға қатысу үшін экономика салаларында ерікті негізде құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 20
20) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің базалық ұйымы – базасында стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылған және жұмыс істейтін ұйым;
Тармақша 21
21) стандарттау жөніндегі техникалық сарапшы – стандарттау саласындағы қызметке қатысатын, стандарттау объектісіне қатысты арнаулы білімі бар және осы Заңда белгіленген сипаттамаларға сай келетін жеке тұлға;
Тармақша 22
22) стандарттау жөніндегі ұсынымдар – стандарттау және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысты ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы ақпаратты қамтитын стандарттау жөніндегі құжат;
Тармақша 23
23) стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым – мүше болуға кез келген ел үшін ашық стандарттау жөніндегі ұйым;
Тармақша 24
24) стандарттау жөніндегі шетелдік ұйым – стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, шет мемлекеттің ұлттық деңгейінде танылған стандарттау жөніндегі ұйым;
Тармақша 25
25) стандарттау саласындағы қызмет – стандарттау жөніндегі құжаттарды жоспарлау, әзірлеу, бекіту, тіркеу, есепке алу, жариялау, тарату, қолдану, мониторингілеу және жаңартып отыру;
Тармақша 26
26) стандарттау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – стандарттау саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 27
27) тарату – осы Заңда айқындалатын тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың тиісті сұрау салулары негізінде ресми басылымдарды және (немесе) олардың көшірмелерін беру не өткізу;
Тармақша 28
28) техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары – техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерi сыныптауыш топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтықтарын білдіретін стандарттау жөніндегі құжаттар, бұларға ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары жатады;
Тармақша 29
29) техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – ведомствоаралық сипаты
бар техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының
жиынтығын білдіретін, оларды қалыптастыруды, есепке алуды, сақтауды, жаңартып отыруды, депозитарийді пайдаланушылардың мүддесінде ақпараттық және нормативтік қамсыздандыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған қор;
Тармақша 30
30) ұйым стандарты – ұйым өз мақсаттарын іске асыру үшін дербес қабылдаған стандарттау жөніндегі құжат;
Тармақша 31
31) ұлттық стандарт – уәкілетті орган бекіткен, пайдаланушылардың қалың тобына қолжетімді стандарттау жөніндегі құжат;
Тармақша 32
32) ұлттық стандарттау белгісі – ұлттық стандарттау жүйесінде әзірленетін және қолданылатын құжаттарды таңбалау үшін пайдаланылатын белгі;
Тармақша 33
33) ұлттық стандарттау жүйесі – стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде субъектілердің және олардың қатынастарының, сондай-ақ жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық ресурс объектілері болып табылатын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;
Тармақша 34
34) ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімі – ұлттық стандарттардың, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының, стандарттау жөніндегі ұсынымдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жүйелендірілген есебі жүргізілетін электрондық дерекқор;
Тармақша 35
35) үйлестіру – ғылым мен техникадағы жаңа жетістіктер көрініс табатын және стандарттау объектілерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттігі деңгейіне қойылатын қазіргі заманғы талаптарды айқындайтын халықаралық және өңірлік стандарттарды ұлттық мүддеге орай енгізу және пайдалану үшін жағдайлар жасау жөніндегі қызмет;
Тармақша 36
36) халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған, пайдаланушылардың қалың тобына қолжетімді стандарттау жөніндегі құжат;
Тармақша 37
37) шет мемлекет стандарты – шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі ұлттық органы не шет мемлекеттің ұйымы қабылдаған стандарттау жөніндегі құжат;
Тармақша 38
38) шет мемлекеттердің стандарттау субъектілері – стандарттау саласында өз елдерінің мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар, жеке не заңды тұлғалар.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы
заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы
заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның реттеу саласы
3-бап. Осы Заңның реттеу саласы
Тармақ 1
1. Осы Заң стандарттау саласындағы қызметпен байланысты қатынастарды реттейді.
Тармақ 2
2. Стандарттауға жататын немесе стандартталған өнімдер, процестер және көрсетілетін қызметтер стандарттау объектілері болып табылады.
Тармақ 3
3. Стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Стандарттау мақсаттары
4-бап. Стандарттау мақсаттары
Стандарттау мақсаттары:
Тармақша 1
1) отандық өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттігін арттыру;
Тармақша 2
2) табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін және әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру;
Тармақша 5
5) халықаралық стандарттау жүйесіне интеграциялау жағдайларын жасау үшін саудадағы техникалық кедергілерді жою;
Тармақша 6
6) өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу;
Тармақша 7
7) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау, сондай-ақ технологиялар мен үздік зертханалық практикалар трансфертіне жәрдемдесу;
Тармақша 8
8) халық өмірінің қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Стандарттау қағидаттары
5-бап. Стандарттау қағидаттары
Қазақстан Республикасындағы стандарттау:
Тармақша 1
1) мынадай:
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану мақсатында таңдау;
стандарттау саласындағы қызметке барлық мүдделі тараптардың қатысу;
өзара байланысты стандарттардан таңдау еріктілігі;
Тармақша 2
2) ұлттық стандарттау жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
Тармақша 3
3) стандарттаудың жүйелігі мен кешенділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) стандарттау объектілеріне бірыңғай терминологияны қолдану;
Тармақша 5
5) барлық мүдделі тараптардың қатысуы негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеу процесінің ашықтығы;
Тармақша 6
6) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге
де құпияны құрайтын стандарттау жөніндегі құжаттарды және авторлық құқық объектісі болып табылатын стандарттау жөніндегі құжаттарды қоспағанда, пайдаланушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар үшін стандарттау жөніндегі құжаттар, оларды әзірлеу, бекіту және жариялау тәртібі туралы ақпараттың ашықтығы;
Тармақша 7
7) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техниканың жетістіктерін, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттердің стандарттарын пайдалану;
Тармақша 8
8) стандарттаудың серпінділігі және оны озық дамыту қағидаттарына негізделеді.
Бап 6. 6-бап. Әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы)
өнімдерді, процестерді және көрсетілетін қызметтерді
стандарттау саласындағы реттеу
6-бап. Әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы)
өнімдерді, процестерді және көрсетілетін қызметтерді
стандарттау саласындағы реттеу
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтажы үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖҮЙЕСІ
2-тарау. ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖҮЙЕСІ
Бап 7. 7-бап. Ұлттық стандарттау жүйесінің құрылымы
7-бап. Ұлттық стандарттау жүйесінің құрылымы
Ұлттық стандарттау жүйесінің құрылымын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
Тармақша 4
4) стандарттау жөніндегі ұлттық орган;
Тармақша 5
5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
Тармақша 6
6) стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылар;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалар құрайды.
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стандарттау
саласындағы құзыретi
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стандарттау
саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) стандарттау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) стандарттау жөніндегі ұлттық органды айқындайды;
Тармақша 3
Бап 9. 9-бап. Уәкілетті органның құзыретi
9-бап. Уәкілетті органның құзыретi
Уәкілетті органның құзыретіне:
Тармақша 1
1) стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың стандарттау саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) стандарттау жөніндегі ұлттық органды айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну беру;
Тармақша 4
4) стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
Тармақша 5
5) ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу тәртібін айқындау;
Тармақша 6
6) ұлттық стандарттау жоспарын бекіту;
Тармақша 7
7) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды, сондай-ақ оларға өзгерістерді бекіту;
Тармақша 8
8) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін айқындау;
Тармақша 9
9) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату тәртібін айқындау;
Тармақша 9-1
9-1) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 10
10) техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының депозитарийін құру және жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 11
11) ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын нормативтік құқықтық актілерде қолдану тәртібін айқындау;
Тармақша 12
12) халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және олардың күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану тәртібін айқындау;
Тармақша 13
13) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату тәртібін айқындау;
Тармақша 14
Тармақша 15
15) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) және мемлекетаралық стандарттарды талдау мен әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) ұлттық стандарттарды Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті техникалық регламенттеріне стандарттардың тізбелеріне енгізу жөнінде жұмыстар жүргізу;
Тармақша 17
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Бап 10. 10-бап. Мемлекеттік органдардың стандарттау
саласындағы құзыреті
10-бап. Мемлекеттік органдардың стандарттау
саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде стандарттау саласында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық
техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау
жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау туралы
және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді;
Тармақша 2
2) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды әзірлеуді;
Тармақша 2-1
2-1) уәкілетті органмен және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді;
Тармақша 3
3) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарауды;
Тармақша 4
4) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды;
Тармақша 5
5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуды;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган
11-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган
Тармақ 1
1. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган мемлекеттік заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 2
2. Өз қызметін жүзеге асыру үшін стандарттау жөніндегі ұлттық органның:
Тармақша 1
1) стандарттау жөніндегі құжаттарды таратуға және қолдануға стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік және шетелдік ұйымдармен келісімдері;
Тармақша 2
2) ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуде, стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларына сараптама жасауда тәжірибесі;
Тармақша 3
3) салалар бойынша стандарттау жөніндегі құжаттарға талдау жүргізу мен оларды жүйелеуде тәжірибесі болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның қызметі отандық өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттігін дамыту мен олардың ішкі және сыртқы нарықтарға еркін қол жеткізуі, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін және әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің келісілген өзара іс-қимыл тетігін жүзеге асыруға бағытталады.
Тармақ 4
4. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) негізге алынатын ұлттық стандарттарды, техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелеріне өзара байланысты стандарттар ретінде енгізілетін ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді;
Тармақша 1-1
1-1) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды тіркеуді;
Тармақша 2
2) стандарттау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді және (немесе) оларға қатысуды;
Тармақша 3
3) техникалық регламенттердің жобаларын, техникалық регламенттерді, стандарттау жөніндегі құжаттарды талдауды және жүйелеуді;
Тармақша 4
4) ұлттық стандарттарға сәйкес келетін қауіпсіздік көрсеткіштері жоғары өнім өндіруге бағытталған инновациялық және инвестициялық жобаларды әзірлеу арқылы оларды қамтамасыз етуді;
Тармақша 5
5) ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыруды, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді;
Тармақша 6
6) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларына сараптама жасауды;
Тармақша 7
7) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорын, стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесін қалыптастыруды, жүргізуді және қолдап отыруды;
Тармақша 7-1
7-1) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
Тармақша 8
8) ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімін жүргізуді;
Тармақша 9
9) стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік, шетелдік ұйымдармен, оның ішінде ақпарат алмасу, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында тарату және қолдану бойынша ынтымақтасуды;
Тармақша 10
10) нормативтік техникалық құжаттарды және стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда), сондай-ақ стандарттар мен каталогтардың ақпараттық көрсеткіштерін ресми басып шығаруға, таратуға және жариялауға қатысуды;
Тармақша 11
11) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құруды, қызметін үйлестіруді және таратуды, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамын және стандарттау жөніндегі техникалық комиттерге бекітіп берілген стандарттау объектілерін жаңартып отыруды;
Тармақша 11-1
11-1) стандарттау саласындағы мониторингті үйлестіруді;
Тармақша 12
12) стандарттау саласындағы даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыруға қатысуды жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер
12-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер
Тармақ 1
1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ерікті қатысуы қағидаты негізінде экономика салаларында құрылады.
Тармақ 2
2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер:
Тармақша 1
1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады және оларды әзірлейді;
Тармақша 2
2) бекітіп берілген қызмет саласына сәйкес ұлттық стандарттар жобаларының мазмұнын стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің мүшелерімен техникалық талқылауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарға, заңды немесе жеке тұлғаларға өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша базалық ұйым атынан сұрау салулар жолдайды;
Тармақша 5
5) стандарттау саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысады;
Тармақша 6
6) стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік
ұйымдардың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің жұмысына қатысады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің құрамына тиісті саланың (аяның) ұлттық стандарттау жүйесі мүдделі субъектілерінің өкілдері кіреді.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың (аяның) ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілері стандарттау жөніндегі техникалық комитетті құруға өтініш берушілер болуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оның базалық ұйымы жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылар
13-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылар
Тармақ 1
1. Стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылар стандарттау саласындағы қызметке қатысады және ұйымның мүддесін білдіре алады.
Тармақ 2
2. Стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылардың құзыретіне:
Тармақша 1
1) стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) техникалық реттеу саласындағы және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысу;
Тармақша 3
3) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жұмысына қатысу;
Тармақша 4
4) стандарттау саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысу;
Тармақша 5
5) ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды орындау жатады.
Тармақ 3
3. Ұйымдар стандарттау жөніндегі техникалық сарапшыларды мынадай сипаттамалардың бірі негізінде айқындайды:
Тармақша 1
1) кәсіптік техникалық білімінің және стандарттау объектісіне қатысты білімінің болуы;
Тармақша 2
2) стандарттау саласында жұмыс тәжірибесінің болуы.
Бап 14. 14-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай
мемлекеттiк қоры
14-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай
мемлекеттiк қоры
Тармақ 1
1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары өздері бекіткен нормативтік техникалық құжаттың бір данасын, сондай-ақ әрбір нормативтік техникалық құжатты қабылдау, өзгерістер енгізу туралы, күшін жою туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық жүйені қалыптастыру үшін стандарттау жөніндегі ұлттық органға ұсынады.
Тармақ 3
3. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру:
Тармақша 1
1) нормативтік техникалық құжаттарды жиынтықтауды және сақтауды;
Тармақша 2
2) стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) жиынтықтауды, сақтауды және жаңартып отыруды;
Тармақша 3
3) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорындағы нормативтік техникалық құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ олар туралы мәліметтерді ұсынуды;
Тармақша 4
4) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының цифрлық жүйелерін, стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесін қолдап отыруды және кеңейтуді қамтиды.
Тармақ 4
4. Стандарттау жөніндегі құжаттардың (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) ресми басылымдарын тарату нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры арқылы жүзеге асырылады.
Әскери ұлттық стандарттарды, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық стандарттар ретінде қабылданған мемлекетаралық стандарттарды және халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары негізінде қабылданған ұлттық стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттардың ресми басылымдары өтеусіз негізде таратылады.
Тармақ 5
5. Стандарттау жөніндегі құжаттарды және олардың көшірмелерін тарату авторлық құқықтар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
Бап 15. 15-бап. Жеке және заңды тұлғалардың стандарттау саласындағы
құқықтары
15-бап. Жеке және заңды тұлғалардың стандарттау саласындағы
құқықтары
Жеке және заңды тұлғалардың өздерінің шаруашылық және кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті салаларда (аяларда) стандарттау саласындағы қызметті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 2
2) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге, мониторингілеуге, қайта қарауға, күшін жоюға және жаңартып отыруға қатысуға;
Тармақша 3
3) уәкілетті органға, стандарттау жөніндегі ұлттық органға, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге стандарттау саласына қатысты мәселелер бойынша сұрау салулар жолдауға;
Тармақша 4
4) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің қызметіне қатысуға;
Тармақша 5
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге және енгізуге;
Тармақша 6
6) стандарттау жөніндегі тиісті бөлімшелер мен қызметтер құруға;
Тармақша 7
7) стандарттау саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР
3-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР
Бап 16. 16-бап. Стандарттау жөніндегі құжаттардың түрлері
16-бап. Стандарттау жөніндегі құжаттардың түрлері
Тармақ 1
1. Стандарттау жөніндегі құжаттарға:
Тармақша 1
1) халықаралық стандарттар, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары;
Тармақша 2
2) өңірлік стандарттар, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдары;
Тармақша 3
3) ұлттық стандарттар мен ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары;
Тармақша 4
4) стандарттау жөніндегі ұсынымдар;
Тармақша 5
5) шет мемлекеттердің стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;
Тармақша 6
6) ұйымдардың стандарттары жатады.
Тармақ 2
2. Стандарттау объектілері Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын стандарттау жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.
Бап 17. 17-бап. Ұлттық стандарттар
17-бап. Ұлттық стандарттар
Тармақ 1
1. Ұлттық стандарттар осы Заңда көзделген стандарттау мақсаттары үшін әзірленеді.
Тармақ 2
2. Ұлттық стандарттар:
Тармақша 1
1) негізге алынатын ұлттық стандарттарға;
Тармақша 2
2) өнімдерге, процестерге және көрсетілетін қызметтерге, өнімдерді, процестерді және көрсетілетін қызметтерді бақылау әдістеріне арналған ұлттық стандарттарға;
Тармақша 3
3) әскери ұлттық стандарттарға бөлінеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық стандарттарда:
Тармақша 1
1) өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді сыныптау;
Тармақша 2
2) өнімнің бірдейлік, сәйкестік және өзара айырбасталу көрсеткіштері;
Тармақша 3
3) терминдер мен анықтамалар;
Тармақша 4
4) функционалдық мақсатының көрсеткіштерін қоса алғанда, өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейін айқындайтын олардың тұтынушылық қасиеттері мен сипаттамалары;
Тармақша 5
5) өнімді өндіру, қайта өңдеу, қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою қағидалары;
Тармақша 6
6) өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін сынау әдістері;
Тармақша 7
7) барлық ресурс түрлерін сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
Тармақша 8
8) менеджмент жүйелерін енгізуді қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
Тармақша 9
9) белгілі бір қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен қағидалар белгіленуі мүмкін.
Бап 18. 18-бап. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат
сыныптауыштары
18-бап. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат
сыныптауыштары
Тармақ 1
1. Экономика салаларында пайдаланылатын және есепке алуды
қажет ететін техникалық-экономикалық ақпарат техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын бекіту арқылы сыныптауға және кодтауға жатады.
Тармақ 2
2. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеу бастамашылық тәртіппен не ұлттық стандарттау жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Бап 18-1. 18-1-бап. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы
18-1-бап. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы
Тармақ 1
1. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауышы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы болып танылады.
Тармақ 2
2. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы техникалық-экономикалық ақпарат объектілері сыныптауыш топтарының кодтары мен атауларының жиынтығын жүйеге келтіру арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сыныптаудағы біріздендірудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлеріне қолданылады.
Тармақ 4
4. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышын мемлекеттік органдар, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жөніндегі жұмыстарға қатысатын және (немесе) оларды өз қызметінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар пайдаланады.
Бап 19. 19-бап. Ұйымдардың стандарттары
19-бап. Ұйымдардың стандарттары
Тармақ 1
1. Ұйымдардың стандарттары өнімдерге, процестерге немесе көрсетілетін қызметтерге арналып әзірленеді және ұлттық стандарттау жүйесі тізілімінде есепке алуға және тіркеуге жатпайды.
Ұйымдардың стандарттары техникалық шарттар, оның ішінде өнімге қойылатын техникалық талаптарды қамтитын түрінде қабылдануы мүмкін.
Тармақ 2
2. Ұйымдардың стандарттарын:
Тармақша 1
1) бір ұйым;
Тармақша 2
2) салалық қауымдастық (үкіметтік емес);
Тармақша 3
3) консорциум;
Тармақша 4
4) өзін-өзі реттейтін ұйым қабылдайды.
Тармақ 3
3. Ұйымдардың стандарттары тиісті стандарттың төлнұсқасын ұстаушы ұйымның рұқсатымен ғана пайдалануға беріледі.
Тармақ 4
4. Ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, қабылдау, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою, басып шығару, тарату, қолдану тәртібін ұйым айқындайды.
Тармақ 5
5. Ұйымдардың стандарттарын әзірлеуді республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
Бап 20. 20-бап. Стандарттау жөніндегі ұсынымдар
20-бап. Стандарттау жөніндегі ұсынымдар
Стандарттау жөніндегі ұсынымдар қолданылуы ерікті, стандарттау, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысты, тиісті ұлттық стандартты қолдануға ықпал ететін ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелерді немесе ұлттық стандартта белгілегенге дейін практикада алдын ала тексеру орынды болатын ережелерді қамтиды.
Тарау 4. 4-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ
ӘЗІРЛЕУ ТӘРТІБІ
4-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ
ӘЗІРЛЕУ ТӘРТІБІ
Бап 21. 21-бап. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау
21-бап. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау
Тармақ 1
1. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау ұлттық стандарттау жүйесінің стратегиялық мақсаттары мен даму бағыттары есепке алына отырып, жыл сайын жүзеге асырылады.
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына сай келуге, ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескеруге тиіс.
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау ұлттық стандарттау жоспары нысанында жүзеге асырылады.
Ұлттық стандарттау жоспарының қолданылуы кезеңінде ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Тармақ 2
2. Ұлттық стандарттау жоспары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және басқа да мүдделі тараптардың ұсыныстары;
Тармақша 2
2) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жұмыс жоспарлары;
Тармақша 3
3) қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттарды алдын ала
талдау және ұлттық стандарттарды әзірлеу қажеттілігі ескеріле
отырып, техникалық регламенттерге өзара байланысты стандарттардың тізбелерін кеңейту;
Тармақша 4
4) стандарттау саласындағы мониторинг нәтижелері;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының негізгі бағыттарына сай келетін өзге де көздер негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың күші халықаралық, өңірлік стандарттарды (мемлекетаралық стандарттарды қоспағанда), әскери ұлттық стандарттарды, ұйымдардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттарын жоспарлауға қолданылмайды.
Тармақ 4
Бап 22. 22-бап. Ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту
22-бап. Ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту
Тармақ 1
1. Ұлттық стандарттарды әзірлеу ұлттық стандарттау жоспарына сәйкес және (немесе) бастамашылық тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық стандарттар:
Тармақша 1
1) ғылыми зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер нәтижелері;
Тармақша 2
2) халықаралық, өңірлік стандарттар, ұйымдардың стандарттары, шет мемлекеттердің стандарттары және стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін өзге де құжаттар;
Тармақша 3
3) өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін қолдануда жиналған практикалық тәжірибе ескеріле отырып әзірленеді.
Ғылыми зерттеулер мен өлшемдер негізінде әзірленетін ұлттық стандарттарды әзірлеу кезеңі үш жылдан аспауға тиіс.
Тармақ 3
3. Ұлттық стандарттарды әзірлеуді ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілері жүзеге асырады.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын негізге алынатын ұлттық стандарттарды, техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелеріне өзара байланысты стандарттар ретінде енгізілетін ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуді стандарттау жөніндегі ұлттық орган жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ұлттық стандарттарды әзірлеудің басталғаны және аяқталғаны туралы хабарламалар, сондай-ақ ұлттық стандарттардың жобалары стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ұлттық стандарттардың жобаларын стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында жария талқылау күнтізбелік алпыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Ұлттық стандартты бекіту алдында әзірлеуші оның жобасын стандарттау жөніндегі ұлттық органға сараптамаға жібереді.
Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын ұлттық стандарттарды қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұлттық стандарттарды бекітудің міндетті шарты консенсусқа қол жеткізу болып табылады.
Стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын ұлттық стандарттарды бекіту туралы шешімді мүдделі мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган қабылдайды.
Тармақ 6
6. Жария талқылау кезеңінде ұлттық стандарттардың жобалары стандарттау жөніндегі бейіндік техникалық комитетте, ал ол болмаған жағдайда стандарттау жөніндегі ұлттық органда міндетті техникалық талқылаудан өтеді.
Тармақ 7
7. Осы баптың 1, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу кезінде қолданылмайды.
Бап 23. 23-бап. Ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу және
олардың күшін жою
23-бап. Ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу және
олардың күшін жою
Тармақ 1
1. Ұлттық стандарттарға өзгерістер жекелеген талаптарды ауыстыру, толықтыру немесе алып тастау, олардың қолданылуын ұзарту, шектеу немесе қалпына келтіру, жаңа талаптарды енгізу және халықаралық стандарттармен үйлестіру кезінде енгізіледі, бұлар қолданыстағы ұлттық стандарт бойынша дайындалатын өніммен жаңа өнімнің өзара айырбасталу және сәйкестік талаптарының бұзылуына алып келмейді.
Тармақ 2
2. Ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу рәсімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Ұлттық стандарттардың күшін жою үшін мыналар негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келу;
Тармақша 2
2) қолданыстағы ұлттық стандарттың орнына жаңасын қолданысқа енгізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды қабылдау;
Тармақша 4
4) ұлттық стандартты қолданудың өзекті болмай қалуы.
Тармақ 4
4. Ұлттық стандарттың күші жойылған кезде ұлттық стандарттың күшін жоюға бастама жасаған тұлғалар уәкілетті органға ұсыныс жібереді.
Тармақ 5
5. Осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері әскери ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізген және олардың күшін жойған кезде қолданылмайды.
Бап 24. 24-бап. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат
сыныптауыштарын әзірлеу және бекіту
24-бап. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат
сыныптауыштарын әзірлеу және бекіту
Тармақ 1
1. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеудің басталғаны және аяқталғаны туралы хабарламалар, сондай-ақ ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының жобалары стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының жобаларын стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында жария талқылау күнтізбелік алпыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын жария талқылау стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауышын бекіту алдында әзірлеуші оның жобасын стандарттау жөніндегі ұлттық органға сараптамаға жібереді.
Тармақ 3
3. Ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары бекітіліп, ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін уәкілетті орган сақтау үшін депозитарийге береді.
Бап 25. 25-бап. Ұлттық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық
ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі
ұсынымдарды тіркеу
25-бап. Ұлттық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық
ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі
ұсынымдарды тіркеу
Ұлттық стандарттар, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі ұсынымдар міндетті тіркеуге жатады.
Тарау 5. 5-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ
5-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Бап 26. 26-бап. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану
26-бап. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану
Тармақ 1
1. Ұлттық, мемлекетаралық стандарттар және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында бұл жөніндегі нұсқаулар болса, қолданылуы міндетті болып табылады.
Техникалық регламенттердің талаптарын орындау және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін таңдау бойынша ерікті негізде өзара байланысты стандарттар қолданылады.
Өзара байланысты стандарттарды қолданбау техникалық регламенттердің талаптарын сақтамау ретінде қаралмайды.
Техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелеріне енгізілген өзара байланысты стандарттар қолданылмаған жағдайда, сәйкестікті бағалау тәуекелдерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
Ұйымдардың стандарттарына сілтемелер нормативтік құқықтық актілерде қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, стандарттау жөніндегі құжаттар стандарттау объектілерінің шығарылған еліне және жеріне қарамастан, ерікті негізде қолданылады.
Тармақ 3
3. Егер ұлттық стандарттау жүйесінің субъектісі ерікті түрде стандарттау объектісінің стандарттау жөніндегі құжатқа сәйкестігі туралы мәлімдесе, оның ішінде стандарттау жөніндегі құжаттың белгілемесі таңбалауда, пайдалану немесе өзге де құжаттамада қолданылған жағдайда, сондай-ақ егер стандарттау объектісі ерікті түрде стандарттау жөніндегі құжаттың талаптарына сәйкестікке сертификатталса, стандарттау жөніндегі құжаттың талаптары ол үшін міндетті болады.
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғалардың стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдануы авторлық құқықтар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Бап 27. 27-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет
мемлекеттердiң стандарттарын қолдану
27-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет
мемлекеттердiң стандарттарын қолдану
Тармақ 1
1. Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасының аумағында оларды ұлттық және мемлекетаралық стандарттар ретінде қабылдау арқылы қолданылады.
Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері ұйымның мақсаттарын іске асыру үшін осы Заңның 16-бабы 2-тармағының және осы баптың 2-тармағының талаптарын ескеріп, стандарттау жөніндегі ұлттық органға тиісті хабарлама жібере отырып, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдана алады.
Тармақ 2
2. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын қолдану үшін қажетті шарттардың бірі мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;
Тармақша 3
3) стандарттау жөніндегі ұлттық орган мен халықаралық, өңірлік, шетелдік ұйым арасында cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы;
Тармақша 4
4) төлнұсқаларды ұстаушылардың халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану жөніндегі талаптарын сақтау.
Бап 28. 28-бап. Стандарттау саласындағы мониторинг
28-бап. Стандарттау саласындағы мониторинг
Тармақ 1
1. Стандарттау саласындағы мониторингті:
Тармақша 1
1) бекітіп берілген стандарттау объектілері бойынша стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
Тармақша 2
2) стандарттау жөніндегі ұлттық орган;
Тармақша 3
3) құзыреті шегінде мемлекеттік органдар жыл сайын жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Стандарттау саласындағы мониторингке:
Тармақша 1
1) ұлттық стандарттардың (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) ғылыми-техникалық деңгейін талдау;
Тармақша 2
2) ұлттық стандарттардың (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) қолданыстағы техникалық регламенттерге сәйкестігін талдау;
Тармақша 3
3) экономиканың әртүрлі салаларында ұлттық стандарттармен (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) қамтамасыз етілуді талдау кіреді.
Тармақ 3
3. Ұсыныстар түрінде ресімделген мониторинг нәтижелері жартыжылдық қорытындылары бойынша стандарттау жөніндегі ұлттық органға жіберіледі.
Стандарттау жөніндегі ұлттық орган келіп түскен ұсыныстарды талдау нәтижелері бойынша ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) әзірлеуге, қолданыстағы ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) қайта қарауға, ұлттық стандарттардың (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) күшін жоюға не оларға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасайды.
Тарау 6. 6-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ
КАТАЛОГТАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6-тарау. СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ
КАТАЛОГТАУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 29. 29-бап. Стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесі
29-бап. Стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесі
Тармақ 1
1. Стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесі ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерін экономиканың салалары бойынша ұлттық, мемлекетаралық стандарттар, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.
Тармақ 2
2. Стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ұлттық стандарттардың және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының ақпараттық каталогтарын қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 2
2) мемлекетаралық стандарттардың ақпараттық каталогтарын қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 3
3) күші жойылған, ауыстырылған және қолданысқа енгізілмеген мемлекетаралық стандарттардың каталогын қалыптастыру;
Тармақша 4
4) мерзімді ақпараттық көрсеткіштерді қалыптастыру және жүргізу.
Бап 30. 30-бап. Стандарттау саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету
30-бап. Стандарттау саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету
Стандарттау саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) стандарттау жөніндегі құжаттар туралы ақпаратты орналастыру;
Тармақша 2
2) нормативтік техникалық құжаттарды, ресми басылымдарды және олардың көшірмелерін тарату;
Тармақша 3
3) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды жариялау арқылы жүзеге асырылады.
Бап 30-1. 30-1-бап. Ұлттық стандарттарды түсіндіру
30-1-бап. Ұлттық стандарттарды түсіндіру
Ұлттық стандарттарды түсіндіруді оларды әзірлейтін ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері жүзеге асырады.
Бап 31. 31-бап. Стандарттау жөніндегі құжаттар туралы ақпаратты орналастыру
31-бап. Стандарттау жөніндегі құжаттар туралы ақпаратты орналастыру
Тармақ 1
1. Стандарттау жөніндегі құжаттар (әскери ұлттық стандарттарды, ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) туралы ақпаратты орналастыру оларды стандарттау жөніндегі ұлттық органның интернет-ресурсында және стандарттардың ай сайынғы және жыл сайынғы ақпараттық көрсеткіштерінде міндетті түрде жариялау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Стандарттау жөніндегі құжат туралы ақпаратқа:
Тармақша 1
1) атауы;
Тармақша 2
2) қолданылу саласы;
Тармақша 3
3) бекіту, өзгерістер енгізу және күшін жою туралы шешімнің күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) әзірлеуші туралы мәліметтер жатады.
Бап 32. 32-бап. Жариялау
32-бап. Жариялау
Ұлттық стандарттар, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар жариялануға жатады.
Жариялау стандарттау жөніндегі құжаттардың мәтіндерін стандарттау жөніндегі ұлттық органың интернет-ресурсында орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
Бап 33. 33-бап. Ұлттық стандарттау белгісі
33-бап. Ұлттық стандарттау белгісі
Тармақ 1
1. Ұлттық стандарттау белгісімен ұлттық (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), мемлекетаралық стандарттардың
және стандарттау жөніндегі ұсынымдардың баспа және электрондық басылымдары, сондай-ақ стандарттардың ақпараттық көрсеткіштері мен стандарттау жөніндегі құжаттардың каталогтары таңбаланады.
Тармақ 2
2. Ұлттық стандарттау белгісінің бейнесі, оған қойылатын техникалық талаптар және таңбалау тәртібі ұлттық стандартта белгіленеді.
Тарау 7. 7-тарау. СТАНДАРТТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
7-тарау. СТАНДАРТТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Бап 34. 34-бап. Стандарттау саласындағы халықаралық және өңірлік
ынтымақтастық
34-бап. Стандарттау саласындағы халықаралық және өңірлік
ынтымақтастық
Тармақ 1
1. Стандарттау саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастық осы Заңға және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Халықаралық ынтымақтастық ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттердің стандарттау субъектілерімен ынтымақтастығын қамтиды.
Тармақ 3
3. Өңірлік ынтымақтастық ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдармен ынтымақтастығын қамтиды.
Тармақ 4
4. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің халықаралық және өңірлік стандарттарды әзірлеуге қатысуын үйлестіреді.
Тарау 8. 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 35. 35-бап. Стандарттау саласындағы қызметті қаржыландыру көздері
35-бап. Стандарттау саласындағы қызметті қаржыландыру көздері
Тармақ 1
1. Стандарттау саласындағы қызметті қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Стандарттау саласындағы қызметті қаржыландыру:
Тармақша 1
1) бюджет қаражаты;
Тармақша 2
2) ұйымдардың қаражаты;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаржы көздері есебінен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебінен: негізге алынатын ұлттық стандарттарды, техникалық регламенттерге стандарттардың тізбелеріне өзара байланысты стандарттар ретінде енгізілетін ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды, мемлекеттік бағдарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің іске асырылуы үшін әзірленетін
ұлттық стандарттарды, нормативтік құқықтық актілерде қолдану үшін ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуге жол беріледі. Стандарттау жөніндегі құжаттардың қалған түрлері өзге қаржыландыру көздері есебінен әзірленеді.
Бап 36. 36-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
36-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 37. 37-бап. Өтпелі ережелер
37-бап. Өтпелі ережелер
Алдын ала ұлттық стандарттар және үкіметтік емес стандарттар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін он екі ай ішінде ұлттық стандарттар ретінде қабылдануы мүмкін.
Бап 38. 38-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
38-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.