«Облыс әкімі аппараты жанындагы іс басқармасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын жою туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыс әкімі аппараты жанындагы іс басқармасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңын басшылыққа алып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыс әкімі аппараты жанындағы іс басқармасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (әрі қарай - кәсіпорын) жойылсын.
Тармақ 2
2. Жою рәсімдерін өткізу мақсатында қосымшаға сәйкес жою комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Жою комиссиясы заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кәсіпорынның жоюын жүргізіп 2002 жылдың 30 маусымынан кешікпей облыс әкімі аппараты басшысына жою балансын бекітуіне ұсынсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 қаңтардағы № 125 «Облыс әкімі аппараты жанындағы өндірістік-эксплуатациялық бірлестігін қайта атауы туралы» және облыс әкімінің 1998 жылғы 26 шілдедегі № 771 «Облыс әкімі аппараты жанынан өндірістік-эксплуатациялық бірлестік құру туралы» шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппараты басшысы Ғ. Жарқынбаевқа жүктелсін.