Об определении размера обеспечения за один гектар по Атырауской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы бойынша бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 274-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы бойынша бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшері айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы «4» қыркүйектегі № 212 қаулысына қосымша Атырау облысы бойынша бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшері Қамтамасыз ету мөлшері бірінші және үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі бір гектар үшін жұмсалған жылдық ең төменгі шығын сомасының 10%-дық көлемінде 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексінің 210 және 274-баптарының 3) тармақшасында бекітілген төмендегі формуламен анықталады. О=6940×АЕК×10% мұндағы: О – барлауды қоса алғандағы бірінші жылдан үшінші жыл аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз етудің мөлшері АЕК – айлық есептік көрсеткіш, республикалық бюджет заңы бойынша қаржылық жылға сәйкес бекітілген.