Об утверждении нормы образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,
әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 19-1-бабының 1), 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Петропавл қалалық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Петропавл қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 3 «Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2907 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 тамыздағы «Проспект СК», «Қызылжар нұры» газеттерінде жарияланған) шешімі;
Тармақша 2
2) Петропавл қалалық мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 2 «Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4228 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Қалалық мәслихаттың
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 4 шешiмiне
1-қосымша
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жиналатын объектілер
Есептік бірлік
1 есептік бірлікке жылдық норма,
м3
1
Жайлы үйлер
1 тұрғын
2,07
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
2,2
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
0,8
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,2
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,2
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,4
6
Емханалар
1 келіп кету
0,5
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
3,7
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,2
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,3
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары
1 отыратын орын
0,4
11
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңы 1
м2
0,03
12
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
0,004
13
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңы 1 м2
0,009
14
Азық-түлік дүкендері, өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
0,6
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1
м2
0
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
сауда алаңы 1
м2
0,8
17
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1
м2
0,1
18
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1
м2
0,02
19
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
жалпы алаңы 1
м2
0,8
20
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
жалпы алаңы 1
м2
0,9
21
Жағажайлар
жалпы алаңы 1
м2
0,1
22
Дәріханалар
сауда алаңы 1
м2
0,02
23
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар
1 машина-орны
3,4
24
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
5,4
25
Гараж кооперативтері
1 гаражға
0
26
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,2
27
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
жалпы алаңы 1
м2
0,1
28
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
жалпы алаңы 1
м2
0,1
29
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)
1 жұмыс орны
2,1
30
Моншалар, сауналар
жалпы алаңы 1
м2
0,1
31
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
35,9
32
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
0
* Ескертпе:
м2 - шаршы метр
м3 - текше метр.
Басқа 8. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтері
2018 жылғы 27 тамыздағы
қалалық мәслихаттың
№ 4 шешіміне
2 қосымша
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтері
№
Атауы
Өлшем бірлігі
Бағасы, теңге
1
Жеке тұлғалар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету үшін тарифтері
1.1
жайлы үйлер
айына 1 адамға
220
1.2
жайлы емес үйлер
айына 1 адамға
234
2
Заңды тұлғалар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету үшін тарифі
1 текше метрге
2530
3
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифі
1 тоннаға
1153