Облыс әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Облыс әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 04.04.2002 г. № 495 (Облыс әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығын жүзеге асыру туралы» 2000 жылғы 19 мамырдағы № 224 шешімі бойынша:
1) Қылмыс пен сыбайлас жемқорлықка қарсы күрес жөніндегі облыстық штабтың құрамына осы шешіммен бекітілген Қабдолла Досбалаүлы Төлегенов - облыс прокуроры (келісім бойынша), Нурлан Келесов - облыстық кеден басқармасының бастығы, Айтбай Сүйінбайүлы Әлібаев - облыстық әділет басқармасының бастығы, Хибратулла Ермекұлы Доскалиев - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы, Әбдіғаппар Белесов - облыстық соттар өкімшісі (келісім бойынша) енгізілсін. Оның құрамынан Бекзатхан Әбдәзіұлы Асқаров, Қайрат Жомартұлы Боранбаев, Бақытжан Мүсілімбекұлы Қалымбетов, Тастемір Сауранбайұлы Рахимов, Болат Зиядаұлы Сақалов шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 332 «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен оны жүзеге асыру жөніндегі Республика Премьер-Министрінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 33ө-өкімін орындаудың шаралары туралы» 2000 жылғы 16 наурыздағы № 173 шешімі бойынша:
1) 3 тармақтағы «Б.Асқаров», «Т.Рахимов», «Қ.Боранбаев», «салық» сөздері тиісінше «Қ.Төлегенов», «Х.Досқалиев», «Н.Келесов», «қаржы» сөздерімен ауыстырылсын.
2) 4 тармақ мына редакцияда қайта жазылсын: «4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм мен экстремизм көріністерерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен оны жүзеге асыру жөніндегі Республика Премьер - Министрінің өкімін орындауды қамтамасыз ету тұрғысында облыстық жедел (оперативтік) штаб құрылсын және оның құрамы № 2 қосымшаға сай бекітілсін».
3. «Облыс әкімінің 2000 жылғы 16 наурыздағы № 173 «ҚР Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 332 «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен оны жүзеге асыру жөніндегі Республика Премьер-Министрінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 33 ө - өкімін орындаудың шаралары туралы» 2000 жылғы 27 қыркүйектегі № 322 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі бойынша:
1) 1 және 3 тармақтар алынып тасталсын.