Об утверждении Правил и объема размещения периодическими печатными изданиями сообщений избирательных комиссий за счет средств, предусмотренных республиканским и местным бюджетами Қолданыста
Басқа 0
Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
2018 жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Ә. Смайылов
2018 жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы «__» _________
Басқа 1. Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының
хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
20__ жылғы «__» __________
қаулысымен бекітілген
Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының
хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру тәртібі мен көлемін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мерзімді баспасөз басылымдарына жариялау үшін:
Тармақша 1
1) Президенттікке кандидаттар тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауы бойынша оның қоғамдық бірлестікке, қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркелгені туралы;
Тармақша 2
2) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік оныншы күннен кешіктірмей, саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты күәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы;
Тармақша 3
3) сайлау өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы;
Тармақша 4
4) сайланған Қазақстан Республикасының Президентін және Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын тіркеу туралы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президентін, Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша қайта дауыс беруді өткізу туралы, Президентті, Құрылтай депутаттарын қайта сайлауды өткізу туралы;
Тармақша 6
6) Президентті, Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қорға түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері, ерікті қайырмалдықтардың сомасы және сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы хабарлар ұсынады.
Тармақ 3
3. Тиісті сайлау комиссиялары мерзімді баспасөз басылымдарына жариялау үшін:
Тармақша 1
1) сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, сайлау округтерінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, сайлау округтерінің тізімін;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің (бұдан әрі - әкімдер), жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің қайта сайлауын өткізу туралы;
Тармақша 3
3) мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы;
Тармақша 4
4) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына кандидаттар тіркелгеннен кейін күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын лауазымын (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттардың қалауына қарай қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тіркелгені туралы;
Тармақша 5
5) әкімдікке кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, ұсыну тәсілін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды;
Тармақша 6
6) мәслихаттардың сайланған депутаттарын және әкімдерді тіркеу туралы;
Тармақша 7
7) сайлау өткізілген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы;
Тармақша 8
8) сайлау өткізілген күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей, әкімді, мәслихаттардан өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындылары туралы;
Тармақша 9
9) сайлау комиссияларының жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жасаған кандидаттардың бөлінген үй-жайда сайлаушылармен кездесу кестесі;
Тармақша 10
10) мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қорға түскен жалпы ақша сомасы мен ерікті қайырмалдықтардың сомасы, оның көзі және сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы;
Тармақша 11
11) дауыс беру өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, Президентті, Құрылтай және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарларды ұсынады.
Тарау 2
2-тарау. Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын орналастыру тәртібі мен көлемі
Тармақ 4
4. Мерзімді баспасөз басылымдары тиісті сайлау комиссияларының осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген хабарларын ең жақын нөмірінде орналастырады.
Тармақ 5
5. Хабарларды мерзімді баспасөз басылымының бір нөмірінде, ал едәуір көлемді болса, басылымға қосымша ретінде орналастыру қажет.
Тармақ 6
6. Хабарлар оларды кейіннен жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарының редакцияларына баспа өнімінің келесі нөмірі шығатын күннің алдындағы күнгі сағат он беске дейін жіберілуі қажет.