О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ______________ Р. Дәленов 2018 жылғы «___» _______________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ Қ. Бозымбаев 2018 жылғы «___» _______________
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 тамыздағы № 557 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларында: 1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын; 11, 12 және 13-тармақтар алып тасталсын.