Об утверждении Правил применения ограниченных мер воздействия к операторам платежных систем, операционным центрам платежных систем, поставщикам платежных услуг, не являющимся банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций Қолданыста
Басқа 0
Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілді
Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектілері) қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі айқындалады.
Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне қатысты мынадай факторлардың бірін немесе бірнешеуін ескере отырып, шектеулі ықпал ету шарасын қолданады:
Тармақша 1
1) тәуекел деңгейі.
Тәуекел деп көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің өз қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, сондай-ақ төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы және (немесе) толық орындамауы, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша не төлем қызметтерін көрсету бойынша өзінің міндеттемелерін орындау қабілетінің нашарлауы нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін бұзу, қоғамның мүдделеріне және мемлекетке залал келтіру түрінде жағымсыз салдардың туындау ықтималдығы түсініледі;
Тармақша 2
2) таңдап алынған шектеулі ықпал ету шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
Тармақша 3
3) бұзушылықтардың және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі мен олардың клиенттері үшін ықтимал салдарының сипаты;
Тармақша 4
4) бұзушылықтардың жүйелілігі мен ұзақтығы;
Тармақша 5
5) жол берілген бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою бойынша көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі қабылдаған (жоспарлаған) шаралар;
Тармақша 6
6) Ұлттық Банктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының, санкциялардың болуы;
Тармақша 7
7) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшы қызметкерлерінің жол берілген бұзушылықтар туралы хабардар болуы;
Тармақша 8
8) қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін және ақпараттық қауіпсіздік шараларын талдау;
Тармақша 9
9) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша не төлем қызметтерін көрсету бойынша жалпы қабілеті.
Тармақ 3
3. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына (бұдан әрі – оператор) қатысты шектеулі ықпал ету шарасын қолданғанда тәуекел деңгейін бағалау кезінде мынадай төлем жүйесінің түрі қосымша назарға алынады: жүйелік маңызды төлем жүйесі, маңызды төлем жүйесі не өзге төлем жүйесі.
Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге (бұдан әрі – беруші) қатысты шектеулі ықпал ету шарасын қолданғанда тәуекел деңгейін бағалау кезінде оның көрсететін төлем қызметтерінің түрлері және оны маңызды берушілерге жатқызу қосымша ескеріледі.
Тармақ 4
4. Оператор төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша өзінің міндеттемелерін орындау қабілетін талдау тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды орындауды талдау болған кезде Ұлттық Банкке оператор немесе маңызды төлем жүйесінің операциялық орталығы ұсынатын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер, Ұлттық Банкке берушілер ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер, төлем жүйесінің жұмыс істеуін бағалау (өзін-өзі бағалау) материалдары, маңызды төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне қатысушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасымен қанағаттану тұрғысынан жүргізген талдау нәтижелері, құжаттамалық тексерулер нәтижелері және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың келіп түскен өтініштері негізінде айқындалады.
Беруші төлем қызметтерін көрсету бойынша өзінің міндеттемелерін орындау қабілетін талдау тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды орындауды, сондай-ақ беруші басшылығының оның төлем қызметтерін көрсету қабілеті нашарлаған жағдайда қаржылық қолдау алу мақсатында өзінің акционерлерімен (құрылтайшыларымен, қатысушыларымен) өзара әрекет ету қабілетін талдау болған кезде Ұлттық Банкке берушілер ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер, маңызды беруші көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізген бағалау нәтижелері, тексерулер нәтижелері және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың келіп түскен өтініштері негізінде айқындалады.
Тармақ 5
5. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектілеріне қатысты мынадай шектеулі ықпал ету шараларын қолданады:
Тармақша 1
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;
Тармақша 2
2) жазбаша ескерту шығару;
Тармақша 3
3) жазбаша келісім жасау.
Тармақ 6
6. Ұлттық Банк қолданылған шектеулі ықпал ету шараларын есепке алуды жүргізеді және қолданылған шектеулі ықпал ету шаралары туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне бір шектеулі ықпал ету шарасын қолдану оған басқа шектеулі ықпал ету шараларын қолдануды тоқтатпайды.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі жазбаша нұсқамада, жазбаша ескертуде, жазбаша келісімде көрсетілген мерзімдерде шектеулі ықпал ету шарасын орындағаны туралы Ұлттық Банкті хабардар етеді.
Хабарлама Ұлттық Банкке шектеулі ықпал ету шарасын қолданған кезде айқындалған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Егер шектеулі ықпал ету шарасында белгіленген бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою мерзімі бір айдан асатын болса, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейінгі мерзімде бұзушылықтарды жоюға бағытталған талаптар мен іс-шараларды кезең-кезеңмен орындау туралы ай сайын хабарлайды.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің Ұлттық Банктің шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы тиісті құжатында көзделген талаптар мен іс-шараларды орындау мерзімінің басталуы оны нақты алу күні болып есептеледі.
Тарау 2. 2-тарау. Орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру
2-тарау. Орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру
Тармақ 10
10. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Тармақ 11
11. Ұлттық Банктің жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 12
12. Түзету шаралары жазбаша нұсқамада көрсетіледі және орындалу міндеттемелері мынадай:
Тармақша 1
1) төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі төлем қызметтерін көрсетуге бағытталған шарттық міндеттемелер жасасқан клиенттердің және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілердің, үшінші тұлғалардың алдындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі;
Тармақша 2
2) анықталған Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, сондай-ақ төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою жөніндегі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, сондай-ақ төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне қойылатын талаптарды орындау жөніндегі шараларды білдіреді.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде Ұлттық Банкке бұзушылықтардың, оларды жасауға ықпал еткен себептердің және (немесе) жағдайлардың сипаттамасын, жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын ұсынады.
Тармақ 14
14. Ұлттық Банк іс-шаралар жоспарын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және келіспеген жағдайда ол бойынша өз қорытындысын жібереді, онда көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне жоспарланған іс-шараларды не оларды орындау мерзімдерін түзету және Ұлттық Банк белгілеген мерзімде нақтыланған іс-шаралар жоспарын ұсыну қажеттігі туралы нұсқау қамтылады.
Тармақ 15
15. Ұлттық Банк Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қорытынды жібермеген жағдайда іс-шаралар жоспары қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 16
16. Ұлттық Банк бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің тарапынан шаралар қабылдаумен объективті түрде мүмкін болатын көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің қызметінен Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, сондай-ақ төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтары анықталған жағдайларда іс-шаралар жоспарын ұсынуды талап етеді.
Тармақ 17
17. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің қабылданған іс-шаралар жоспарын орындауын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Жазбаша нұсқама көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысына жіберіледі.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің атқарушы органының барлық мүшелерін жазбаша нұсқама шығарылғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдер басталғанға дейін жиырма жұмыс күні бұрын себептерін және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың ұсынылып отырған мерзімдерін және (немесе) жоспарланған іс-шараларды орындаудың ұсынылып отырған мерзімдерін көрсетумен іс-шаралар жоспарына өзгерістерді сипаттай отырып хат жібереді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім жазбаша нұсқаманы беру күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аз болса, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдер басталғанға дейін себептерін және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың ұсынылып отырған мерзімдерін және (немесе) іс-шаралар жоспарына өзгерістерді сипаттай отырып хат жібереді.
Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің хатын қарау нәтижелері бойынша бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің хатында көрсетілген мерзімдермен келісетіні не келіспейтіні туралы шешім қабылдайды не өзге тиімді мерзімдерді айқындайды және жазбаша нұсқамаға өзгерістер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдермен келісетіні туралы немесе іс-шаралар жоспарында өзге тиімді мерзімдер белгіленгені туралы хабарлайды немесе жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерді өзгертуге келіспейтіні туралы хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Жазбаша ескерту шығару
3-тарау. Жазбаша ескерту шығару
Тармақ 21
21. Ұлттық Банк осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының ұқсас бұзушылығын анықтаған жағдайда, Ұлттық Банктің көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне санкция қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
Тармақ 22
22. Жазбаша ескерту көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысына жіберіледі.
Тармақ 23
23. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысы жазбаша ескертуді алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің атқарушы органының барлық мүшелерін жазбаша ескерту шығарылғаны туралы хабардар етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Жазбаша келісім жасау
4-тарау. Жазбаша келісім жасау
Тармақ 24
24. Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісімен анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою қажеттілігі туралы және оларды жою мерзімдерін және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюға дейін өзіне қабылдайтын шектеулер тізбесін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім жасайды.
Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің басшысымен немесе оның орнындағы адамдармен жасалады.
Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады.
Тармақ 25
25. Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің қызметінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің төлем қызметтерін көрсету, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша өзінің міндеттемелерін орындау қабілетінің одан әрі нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін салдар күтілетін жағдайларда жасалады.
Тармақ 26
26. Жазбаша келісімде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі шаралар тізбесі және оларды орындау мерзімі және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі өзіне қабылдайтын міндеттемелер тізбесі көрсетіледі. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі жазбаша келісімге қол қойып, өзіне оның талаптарын орындау жөнінде міндеттемелер алады.
Тармақ 27
27. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке жазбаша келісімде белгіленген мерзімдер басталғанға дейін жиырма жұмыс күні бұрын себептерін және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың ұсынылып отырған мерзімдерін сипаттай отырып хат жібереді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім жазбаша келісімді жасау күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аз болса, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісі Ұлттық Банкке жазбаша келісімде белгіленген мерзімдер басталғанға дейін себептерін және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың ұсынылып отырған мерзімдерін сипаттай отырып хат жібереді.
Ұлттық Банк көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің хатын қарау нәтижелері бойынша бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісінің хатында көрсетілген мерзімдермен келісетіні не келіспейтіні туралы шешім қабылдайды не өзге тиімді мерзімдерді айқындайды және бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюдың жаңа мерзімдерін көрсете отырып, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының банктік емес субъектісімен қосымша жазбаша келісім жасайды немесе жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерді өзгертуге келіспейтіні туралы хабарлайды.