Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Курчатов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Курчатов қалалық тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI шешіміне 1-қосымша Курчатов қалалық тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Курчатов қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 7 (жеті) пайыз мөлшерінде. Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 14. Курчатов қалалық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI шешіміне 2-қосымша Курчатов қалалық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-94 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 19 тамыздағы «7 дней» газетінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 2
2. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы № 32/258-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-103 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 31 наурыздағы «7 дней» газетінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 3
3. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 5/38-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2608 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 2 тамыздағы «7 дней» газетінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 4
4. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 11/78-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2917 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 11 сәуірдегі «7 дней» газетінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 5
5. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20/136-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3180 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы «7 дней» газетінде, 2014 жылғы 14 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 6
6. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/151-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3231 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы «7 дней» газетінде, 2014 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 7
7. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 30/212-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3627 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтардағы «7 дней» газетінде, 2015 жылғы 16 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 8
8. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 32/224-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3671 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпандағы «7 дней» газетінде, 2015 жылғы 3 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 9
9. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 маусымдағы № 5/30-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4597 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 28 шілдедегі «Мой край» газетінде жарияланған) шешімі.