Об установлении тарифа на регулярные социально значимые перевозки пассажиров на территории района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 (бір) километрге 6 (алты) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін мәселелер бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының хатшысы
_________________Е. Әділбеков
2018 жылғы «___» _________