Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Акмолинской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 01.08.2005 № а-8/259 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 1999 жылға 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі №1408 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етті:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енетін болсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 66 «Ақмола облысы әкімінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
Басқа 4
Ақмола облысы әкімиятының 2002 жылғы 10.06 № а-6/72 қаулысына 1 қосымша 2002 жылға арналған Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережелері Бұл Ережелер Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорындағы қаржының бөлінуі мен пайдалануының ретін анықтайды.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылға 6 желтоқсандағы № 261 Заңымен енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, құрамына облыстық бюджеттің ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды қажет ететін, облыстық бюджетте қамтылмаған күтпеген шығындарды қаржыландыруға арналған бекітілген шығыстарының енгізілуімен Ақмола облысы әкімиятының сақтық қоры құрылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылға 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорының құрамында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың зардаптарының шығындарын, Ақмола облысы әкімиятының қаулысымен анықталған басқа да күтпеген шығындарды жоюға, соттардың шешімдері бойынша Ақмола облысы әкімиятының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы органдарының міндеттемелерінің өтелуіне, сонымен қатар кассалық алшықтықты жабу үшін төменгі бюджеттерді несиелендіруге арналған қаражат қарастырылады.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органның сақтық қорының мөлшері Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық бюджет түсімі көлемінің 2 пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорынан қаржы бөлу облыстық қаржы басқармасымен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің осы мақсаттарға арналған шығыстары мен несиелерінің құрамында бекітілген мөлшерлерінің шегінде жүзеге асырылады. Қаржыландыру қазіргі заңдылықтармен белгіленген тәртіпте бөлінген қаржының мөлшері, алушысы, қаржыны пайдалану мақсаты және де егер қайтарылуға тиіс болса, онда шарты мен қайтару мерзімі көрсетілген Ақмола облысы әкімиятының қаулысының негізінде орындалады.
Тармақ 5
5. Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорының қаражаты белгілі бір мақсатпен тағайындалады, осы ережемен және қордан қаржы бөлу туралы Ақмола облысы әкімиятының қаулысымен қамтылмаған басқа да мақсаттарға пайдаланылмайды.
Тармақ 6
6. Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорынан қаражат бөлу туралы Ақмола облысы әкімиятының қаулысы қабылданғанда мына шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) облыстық бюджеттен ағымдағы қаржы жылына қаржының бөлінбегендігі;
Тармақша 2
2) ағымдағы қаржы жылында Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорындағы қаржыны қажетсіну мен оның қажеттілігінде тек сот шешімі негізінде өтелуге тиіс Ақмола облысы әкімиятының міндеттемелері болмаса, алушының басқа міндеттемелеріне қатысының жоқтығы;
Тармақ 7
7. Ақмола облысы әкімиятының несие толық өтелгеннен кейін өз күшін жоятын арнайы сақтық қорынан төменгі бюджеттерге қаржы бөлу туралы Ақмола облыс әкімиятының қаулысынан басқа қаулысы қаржы жылының аяқталуына байланысты өз күшін жояды. Ақмола облысы әкімятының сақтық қорынан бөлінген қаржының пайдаланылмаған қалдығы қайтарылады.
Тармақ 8
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорынан қаржы бөлу туралы өтінішті облыстық төтенше жағдайлар басқармасы қарайды. атқарушы органдар төтенше жағдайлар аймағын және оның жайылу көлемін, объектілерге қатыстылығын анықтайды. Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлар зардаптарын жою қажеттілігі туындаған жағдайда облыстық төтенше жағдайлар басқармасы негізге алынатын есептер қосымшасымен қабылданатын қаулының жобасын облыстық қаржы басқармасында қаралуға ұсынады. Ақмола облысы әкімиятының мақұлданған қаулысының жобасын облыстық төтенше жағдайлар басқармасы қазіргі заңдылықтарға сәйкес Ақмола облысы әкімиятының бекітуге ұсынады.
Тармақ 9
9. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Ақмола облысы әкімиятының жергілікті органдарының және олардың ведомостволық бағыныстағы мекемелерінің соттардың шешімдерінің негізінде атқарылуға тиіс міндеттемелерінің өтелуі соттың орындау құжаттары болған жағдайда Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорының есебінен орындалады. Сот шешімдері арқылы төлеу төлеуге тиіс облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган және оның ведомстволық бағыныстағы органдары, қазіргі заңдылықтармен қамтылған заңды негіздері болған жағдайда, бұл шешімдер бойынша соттың барлық инстанцияларына арыз беруге міндетті. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар және оның ведомстволық органдары облыстық қаржы басқармасына арыз жазылатын сот актілерінің көшірмелерін тапсырады. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар және оның ведомстволық мекемелері өздерінің заңсыз қабылданған актілері, сонымен қатар, өз лауазымды қызметкерлерінің әкімшілік басқару саласындағы заңсыз әрекеттері үшін «Әкімшілік шығындар» Бағдарламасы бойынша бөлінген ақшаларымен жауап береді. Ақмола облысы әкімиятының Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорынан Ақмола облысы әкімінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар және оның ведомстволық мекемелерінің міндеттемелерін өтеу үшін қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын қазіргі заңдылықтармен белгіленген тәртіп бойынша облыстық қаржы басқармасы дайындайды.
Тармақ 10
10. Кассалық алшақтықты жабу мақсатында төменгі бюджеттерді несиелендіруге арнайы қордан қаржы бөлу үшін аудан (қала) әкімдері облыстық қаржы басқармасына негіздемелері мен есептері көрсетілген Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорынан қаржы бөлу туралы өтініштерін тапсырады. Облыстық қаржы басқармасы тапсырылған өтініш негізінде және Ақмола облысы әкімиятының осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған қаулылары мен төменгі бюджеттерге бөлінген несиелер жөніндегі мәліметтерге сүйене отырып, кассалық алшақтықты жабу үшін төменгі бюджеттерді несиелендіруге арнайы қордан қаржының бөлінуі, не бөлінбеуі туралы тұжырымын жасайды. Кассалық алшақтықты жабу мақсатында төменгі бюджеттерді несиелендіруге арнайы қордан қаржы бөліну үшін міндетті шарттар:
Тармақша 1
1) облыс бюджетінде ағымдағы қаржы жылында аудандық (қалалық) бюджеттерді несиелендіруге арналған қаржының болуы;
Тармақша 2
2) бөлінетін қаржының жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландыруға жұмсалуы және жергілікті бюджеттердің ағымдағы түсімімен, белгілі бір есеп беру кезеңі бойынша жергілікті бюджет тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеуі;
Тармақша 3
3) облыс бюджетінен бұрын бөлінген несиелер бойынша Ақмола облысының аудандық, (қалалық) әкімияттарының мерзімі өтіп кеткен берешектердің болмауы;
Тармақша 4
4) бөлінетін несие мөлшері ағымдағы бюджет жылында Ақмола облысы әкімиятымен тағайындалған Ақмола облысы әкімиятының қарызға алған лимиттерінің мөлшерінен аспауы; Төменгі бюджеттерге кассалық алшақтықты жабу үшін Ақмола облысы әкімиятының арнайы қорынан қаржы бөлу туралы аудан (қала) әкімдерінің өтініштерін Ақмола облысы әкімияты қарайды. Аудан (қала) әкімдерінің өтініштері бойынша оң тұжырымдама жасалса, кассалық алшақтықты жабу үшін төменгі бюджеттерді несиелендіруге Ақмола облысы әкімиятының арнайы қорынан қаржы бөлу туралы Ақмола облысы әкімінің қаулысының жобасын облыстық қаржы басқармасы Ақмола облысы әкімінің қарауына ұсынады.
Тармақ 11
11. Жергілікті бюджетті әзірле кезінде жоспарланбаған ағымдағы қаржы жылында шұғыл түрде қаржыландыруды қажет ететін басқа да күтпеген шығындарға Ақмола облысы сақтық қорынан қаражат бөлінуі үшін, облыстық бюджет бағдарламаларының әкімгерлері, ауданның (қаланың) әкімдері облыстық қаржы басқармасына негіздемелері мен есептері көрсетілген өтініштерін тапсырады. Облыстық қаржы басқармасы тапсырылған өтініш негізінде Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорынан қаржы бөлінуі, не бөлінбеуі туралы тұжырымын жасайды.
Тармақ 12
12. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімгерінің өтініші бойынша оң тұжырымдама жасатса, Ақмола облысы әкімиятының басқа да күтпеген шығындарға Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорынан қаржы бөлу туралы қаулысының жобасы облыстық бюджеттік бағдарламар әкімгерімен қазіргі заңдылықтармен белгіленген тәртіпте дайындалады.
Тармақ 13
13. Аудан, қала әкімдерінің өтініші бойынша оң тұжырымдама жасалса, Ақмола облысы әкімиятының қаулысының жобасы облыстық қаржы басқармасымен қазіргі заңдылықтармен белгіленген тәртіпте дайындалады.
Тармақ 14
14. Өтінішті қарау кезінде табиғи және техногендік сипаттағы және басқа да күтпеген шығындарға арналған Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорының қаражатын үнемді пайдалану мақсатында, басқа да күтпеген шығындарға ағымдағы қаржы жылында Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорынан әрбір тоқсан бөлінетін қаржы мөлшері осы шараларды қаржыландыруға облыстық бюджетте қарастырылған жылдық мөлшердің 25 пайызынан аспауы тиіс. Бұл жағдайда Ақмола облысы әкімиятының табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға және басқа да күтпеген шығындарға Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорынан қаржы бөлу туралы бұрынғы қабылданған қаулылар есепке алынады.
Тармақ 15
15. Ағымдағы қаржы жылында сақтық қорынан шараларды шұғыл түрде қаржыландыру міндеттемелері туындаған жағдайда қаражат бөлу қаржы жылында облыстық бюджетте қамтылған қаржыландыру шегінде және осы ережеге сәйкес басым тәртіпте орындалады.
Тармақ 16
16. Ақмола облысы әкімияты бюджеттің атқарылу үдерісінде шығыс түсетін кірістен асып кеткен болса немесе бюджетке түсетін табыс азайып кетсе, онда Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорының шығыстарын шектеуге құқылы.
Тармақ 17
17. Сақтық қорынан қаражат алушылар қаржының қайда жұмсалғаны туралы, орындалған жұмыстың көлемі мен төленетін ақысы жөнінде облыстық қаржы басқармасымен тағайындалған тәртіпте және мерзімінде есеп беруі тиіс.
Тармақ 18
18. Облыстық қаржы басқармасы Ақмола облысы әкімиятына сақтық қорындағы қаржының пайдаланылуы жөнінде жөне тиісті кезеңдегі оның қалдықтары жөнінде ай сайын ақпарат беріп отырады.
Тармақ 19
19. Бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалғандығы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен қарастырылған тәртіпте алушыға жүктеледі.
Тармақ 19
19. Облыстық қаржы басқармасы Ақмола облысы әкімиятының сақтық қорындағы қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасайды.