Об утверждении Классификатора направлений подготовки кадров с высшим и послевузовским образованием Қолданыста
Басқа 0
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3 бабының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілетін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті:
Тармақша 1
1) лицензиаттың өтініші негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша бұрын берілген бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды осы бұйрыққа сәйкес қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды қайта ресімдеу кезінде осы бұйрықты және білім беру саласындағы уәкілетті органның әдістемелік нұсқаулықтарын басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 13 қазандағы № 569
бұйрығына қосымша
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы
Білім беру саласының коды және атауы
Даярлау бағытының коды және атауы
Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
Жоғары білім беру – бакалавриатта даярлау бағыты
6B01 Педагогикалық ғылымдар
6B011 Педагогика және психология
0111
6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
0112
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
0113
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
0114
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
0114
6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
0114
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
0114
6В018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау
0114
6В019 Арнайы педагогика
0113
6В020 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)
0114
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6B021 Өнер
0210
6B022 Гуманитарлық ғылымдар
0220
6B023 Тілдер және әдебиет
0230
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
6B031 Әлеуметтік ғылымдар
0310
6B032 Журналистика және ақпарат
0320
6B04 Бизнес, басқару және құқық
6B041 Бизнес және басқару
0410
6B042 Құқық
0420
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
0510
6B052 Қоршаған орта
0520
6B053 Физикалық және химиялық ғылымдар
0530
6B054 Математика және статистика
0540
6B055 Геология
0532
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
0610
6B062 Телекоммуникациялар
0714
6B063 Ақпараттық қауіпсіздік
0612
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
6B071 Инженерия және инженерлік іс
0710
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
0720
6B073 Сәулет және құрылыс
0730
6B074 Су шаруашылығы
0732
6B075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
0788
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
6B081 Агрономия
0812
6B082 Мал шаруашылығы
0811
6B083 Орман шаруашылығы
0821
6B084 Балық шаруашылығы
0811
6B085 Жерге орналастыру
0731
6B086 Су ресурстары және суды пайдалану
0522
6B087 Агроинженерия
0710
6В09 Ветеринария
6В091 Ветеринария
0841
6B10 Денсаулық сақтау
6B101 Денсаулық сақтау
0910
6B11 Қызмет көрсету
6B111 Қызмет көрсету саласы
1010
6B112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
1020
6B113 Көлік қызметтері
1040
6B114 Әлеуметтік жұмыс
0920
6В115 Спорт
1014
6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс
6B121 Әскери іс
1031
6B122 Ұлттық қауіпсіздік
1031
6B123 Қоғамдық қауіпсіздік
1032
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - магистратурада даярлау бағыттары
7M01 Педагогикалық ғылымдар
7M011 Педагогика және психология
0111
7M012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
0112
7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау
0113
7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау
0114
7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
0114
7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау
0114
7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
0114
7M018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау
0114
7M019 Арнайы педагогика
0113
7М0120 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)
0114
7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
7M021 Өнер
0210
7M022 Гуманитарлық ғылымдар
0220
7M023 Тілдер және әдебиет
0230
7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
7M031 Әлеуметтік ғылымдар
0310
7M032 Журналистика және ақпарат
0320
7M04 Бизнес, басқару және құқық
7M041 Бизнес және басқару
0410
7M042 Құқық
0420
7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
0510
7M052 Қоршаған орта
0520
7M053 Физикалық және химиялық ғылымдар
0530
7M054 Математика және статистика
0540
7M055 Геология
0532
7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
0610
7M062 Телекоммуникациялар
0714
7М063 Ақпараттық қауіпсіздік
0612
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
7M071 Инженерия және инженерлік іс
0710
7M072 Өндірістік және өңдеу салалары
0720
7M073 Сәулет және құрылыс
0730
7M074 Су шаруашылығы
0732
7M075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
0788
7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
7М081 Агрономия
0812
7M082 Мал шаруашылығы
0811
7M083 Орман шаруашылығы
0821
7M084 Балық шаруашылығы
0811
7M085 Жерге орналастыру
0731
7M086 Су ресурстары және суды пайдалану
0522
7М087 Агроинженерия
0710
7M09 Ветеринария
7M091 Ветеринария
0841
7M10 Денсаулық сақтау
7M101 Денсаулық сақтау
0910
7M11 Қызмет көрсету
7M111 Қызмет көрсету саласы
1010
7M112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
1020
7M113 Көлік қызметтері
1040
7M114 Әлеуметтік жұмыс
0920
7М115 Спорт
1014
7M12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс
7M121 Әскери іс
1031
7M122 Ұлттық қауіпсіздік
1031
7M123 Қоғамдық қауіпсіздік
1032
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - резидентурада даярлау бағыттары
7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
7R011 Денсаулық сақтау
0910
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - докторантурада даярлау бағыттары
8D01 Педагогикалық ғылымдар
8D011 Педагогика және психология
0111
8D012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
0112
8D013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау
0113
8D014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау
0114
8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
0114
8D016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау
0114
8D017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
0114
8D018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау
0114
8D019 Арнайы педагогика
0113
8D0120 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)
0114
8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
8D021 Өнер
0210
8D022 Гуманитарлық ғылымдар
0220
8D023 Тілдер және әдебиет
0230
8D03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
8D031 Әлеуметтік ғылымдар
0310
8D032 Журналистика және ақпарат
0320
8D04 Бизнес, басқару және құқық
8D041 Бизнес және басқару
0410
8D042 Құқық
0420
8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
8D051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
0510
8D052 Қоршаған орта
0520
8D053 Физикалық және химиялық ғылымдар
0530
8D054 Математика және статистика
0540
8D055 Геология
0532
8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
8D061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
0610
8D062 Телекоммуникациялар
0714
8D063 Ақпараттық қауіпсіздік
0612
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
8D071 Инженерия және инженерлік іс
0710
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары
0720
8D073 Сәулет және құрылыс
0730
8D074 Су шаруашылығы
0732
8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
0788
8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
8D081Агрономия
0812
8D082 Мал шаруашылығы
0811
8D083 Орман шаруашылығы
0821
8D084 Балық шаруашылығы
0811
8D085 Жерге орналастыру
0731
8D086 Су ресурстары және суды пайдалану
0522
8D087 Агроинженерия
0710
8D09 Ветеринария
8D091 Ветеринария
0841
8D10 Денсаулық сақтау
8D101 Денсаулық сақтау
0910
8D11 Қызмет көрсету
8D111 Қызмет көрсету саласы
1010
8D112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
1020
8D113 Көлік қызметтері
1040
8D114 Әлеуметтік жұмыс
0920
8D115 Спорт
1014
8D12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс
8D121 Әскери іс
1031
8D122 Ұлттық қауіпсіздік
1031
8D123 Қоғамдық қауіпсіздік
1032
ЕСКЕРТПЕ:
Тармақ 1
1. Сыныптауышта жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салалары мен даярлау бағыттары топтарға біріктірілген және Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіне-2013 сәйкес жеті цифрлық кодпен көрсетілген:
Бірінші және екінші код цифрлық және әріптік белгілері Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес келетін Ұлттық біліктілік шеңберіне сай білім беру деңгейін көрсетеді:
- бакалавриат – 6B;
- магистратура/резидентура – 7M/7R;
- докторантура – 8D.
Үшінші және төртінші код белгілері жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларын көрсетеді.
Бесінші код белгісі жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы даярлау бағытын көрсетеді.
Алтыншы және жетінші код белгілері жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын анықтайды және оларды жоғары оқу орны дербес белгілейді.
Осы ретте әрбір даярлау бағыты шеңберінде жоғару оқу орны екі немесе одан да көп білім беру саласының немесе даярлау бағыттарының түйістігінде пәнаралық білім беру бағдарламаларын дербес түрде әзірлейді. «Негізгі пән ұстанымы» пәнаралық оқытуды сәйкестендіру үшін білім беру саласын анықтау мақсатында қолданылады. Негізгі пән немесе пәндер білім беру саласын немесе бағытты анықтайды. Бір немесе бірнеше негізгі пәндерді анықтаудың көрсеткіші ретінде академиялық кредиттер немесе мөлшерленген оқу уақытының үлесі болып табылады.
Пәнаралық бағдарламалар білім беру саласының кодына «088» цифрларын қосу және жақшаларда пәнаралық бағдарламаның реттік нөмерін көрсету арқылы сыныпталады (мысалы: 6В01088 (1) «Пәнаралық бағдарламаның атауы»).
Тармақ 2
2. Кадрларды даярлау бағыттары шеңберінде тиісті бейін бойынша білім беру бағдарламаларының топтары қалыптастырылады, олар өз кезегінде Жоғары білім берудің бірыңғай платформасына кіретін Білім беру бағдарламаларының тізілімінде көрсетіледі.