Об установлении предельного размера инвестиционной субсидии Күшін жойған
Басқа 0
Инвестициялық субсидияның
шекті мөлшерін белгілеу туралы
«Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Инвестициялық субсидия беру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Инвестициялық субсидияның шекті мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Ә. Смайылов
2018 жылғы 20 қыркүйек
Басқа 0. Инвестициялық субсидияның шекті мөлшері
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 666
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 17
бірлескен бұйрығына қосымша
Инвестициялық субсидияның шекті мөлшері
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың сомасы, миллион айлық есептік көрсеткіш
Инвестициялық субсидияның формуласы
Инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері, миллион айлық есептік көрсеткіш
5
30 %
1,5
5-тен 7-ге дейін қоса алғанда
1,5 млн.АЕК + (I – 5 млн.АЕК)*25%
2-ден кем емес
7-тен 9-ға дейін қоса алғанда
2 млн.АЕК + (I – 7 млн.АЕК)*20%
2,4-тен кем емес
9-дан 11-ге дейін қоса алғанда
2,4 млн.АЕК + (I – 9 млн.АЕК)*15%
2,7-ден кем емес
11-ден 15-ке дейін қоса алғанда
2,7 млн.АЕК + (I – 11 млн.АЕК)*5%
2,9-дан кем емес
15-тен жоғары
3 млн.АЕК
3-тен кем емес
Ескертпе:
I - Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың сомасы, миллиондаған айлық есептік көрсеткіш.