О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам финансового рынка Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Тізбенің 3-тармағының 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті _______________________ 2018 жылғы «___» _________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ________________________ 2018 жылғы «___» _________
Басқа 0. Қазақстан Республикасының қаржы нарығының мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 195 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығының мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
3. «Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13710 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесінде: реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 64 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, әкімшілік құқық бұзушылық істерін және санкциялар қолдану мәселелері жөніндегі құжаттар (баянжазбалар, анықтамалар, хат алмасу) 5 жыл 5 жыл ».
Тармақ 4
Тармақ 5
5. «Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларында: 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Банк кепілдігін немесе кепілгерлігін беруге борышкер тұлғаның өтінішін банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларында белгіленген тәртіппен қарастырады.»; 6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тапсырмасы бойынша банк банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген заңды тұлға борышкердің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;»; 8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тапсырмасы бойынша банк банктік қарсы кепілдігін берген заңды тұлға борышкердің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;».
Басқа 1
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына қосымша _______________________________________________________ (қаржы ұйымының атауы) Есепті кезең: ___ жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығы Индекс: DRR_1 Кезеңділігі: жыл сайын Ұсынатындар: екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұсыну мерзімі: қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде. № Тегі, аты, бар болса әкесінің аты Басшы қызметкердің лауазымы Жетекшілік етілетін қызмет түрі Белгіленбеген сыйақының белгіленген және белгіленбеген сыйақы сомасына қатынасы (пайызбен) 1 2 3 4 5 1 2 ... Жиынтығы x x x кестенің жалғасы Осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша белгіленбеген сыйақыны төлемеу фактілерінің болуы (иә/жоқ) Сыйақы (мың теңге) белгіленген белгіленбеген төленген тоқтатыла тұрған 6 7 8 9 x x X x x x x x X x Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам): _________________________________________________ _________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) Бас бухгалтер: _________________________________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) Орындаушы: _________________________________________________ _________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) ________________ (телефон нөмірі) Есепке қол қойылған күн ___ жылғы «_____» _______________ Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 1.2
Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептің нысанына қосымша
Тарау 1
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректер жинауға арналған «Қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) (бұдан әрі –Түсіндірме) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды қаржы ұйымдары жыл сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Есептегі 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға олар уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды.
Тарау 2
Тармақ 5
5. 5-бағанда белгіленбеген сыйақының белгіленген және белгіленбеген сыйақының сомасына арақатысы көрсетіледі (пайызбен).
Тармақ 6
6. 6-бағанда осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша белгіленбеген сыйақының төленбеу фактілерінің болуы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 7-бағанда «Жиынтығы» деген жол бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкерлерінің белгіленген сыйақының жиынтық мәні көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 8 және 9-бағандарда «Жиынтығы» деген жол бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкерлерінің төленген және тоқтатыла тұрған сыйақының жиынтық мәні көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 7, 8 және 9-бағандардағы «Жиынтығы» деген жол бойынша деректер брутто негізде көрсетіледі.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша
Басқа 4
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша
Басқа 5
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша
Басқа 6
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 6-қосымша