Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18- бабы 2) тармақшасына, 139 -бабының 9 -тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 2 -тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46 -бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі аталған қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қазандағы № 330 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 17 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Сейткановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов «03» қыркүйек 2018 жыл
Басқа 5. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Глубокое ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «03» қыркүйектегі № 447 қаулысына қосымша Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы және басшының орынбасары, үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі, бағалау және арнайы әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін анықтайтын әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыстың маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, ассистент.
Тармақ 2
2. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, қосымша білім беру мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, шеберхана меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, барлық мамандағы мұғалімдер, оқытушы, педагог, педагог-психолог, қосымша білім педагогы, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік педагог, зертханашы, тәлімгер, тәрбиеші, әдіскер, хореограф, кітапханашы, шебер, концертмейстер, сүйемелдеуші, логопед, алғашқы әскери дайындық оқытушысы ұйымдастырушы, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы, медициналық және диеталық медбике.
Тармақ 3
3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: мемлекеттік мекеменің басшысы, мәдениет үйінің басшысы, әдіскер, үйірме жетекшісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, сүйемелдеуші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы, суретші, мұражай қорларын сақтаушы, кітапханашы, библиограф.
Тармақ 4
4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы, оқу ісі бойынша басшының орынбасары, әдіскер нұсқаушы, жаттықтырушы.
Тармақ 5
5. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшысы, мал дәрігері, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық техник.