Об утверждении перечня субъектов индустриально-инновационной системы, участвующих в государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности и осуществляющих софинансирование венчурных фондов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесін бекіту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 258-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі 2018 жылғы ___ қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2018 жылғы ___ қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2018 жылғы ___ қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі 2018 жылғы ___ қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Астана қаласының әкімі 2018 жылғы ___ қыркүйек
Басқа 9. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 682 бұйрығымен бекітілді Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы;
Тармақ 2
2. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры;
Тармақ 3
3. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы;
Тармақ 4
4. «Astana Hub» халықаралық IT-стартап технопаркі» корпоративтік қоры;
Тармақ 5
5. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы;
Тармақ 6
6. «Астана Innovations» акционерлік қоғамы.