Об утверждении Правил признания результатов обучения, полученных через неформальное образование Күшін жойған
Басқа 0
Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке тапсырылды.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 508 бұйрығымен
бекітілген
Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына сәйкес әзірленді және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) оқу нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, іскерліктерінің, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
Тармақша 2
2) оқу нәтижелерін тану – білім алу тәжірибесенің нәтижелерін, құзыреттер мен білім жиынтығын формальдау процесі;
Тармақша 3
3) ересектерге формальды емес білім беру – оқыту орны, мерзімі және нысаны ескерілмей білім беру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдары жүзеге асыратын білім беру түрі және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібі
2-тарау. Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібі
Тармақ 3
3. Бейресми білім беруді «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 2-тармағына сәйкес оқыту орны, мерзімі және нысаны ескерілмей көрсетілетін және оқу нәтижелерін растайтын құжаттарды бере отырып, білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынады.
Тармақ 4
4. Бейресми білім беру арқылы алынған оқу нәтижелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) тарапынан танылады.
Тармақ 5
5. Оқу нәтижелерін растайтын құжаттар оқуды аяқтау туралы сертификат немесе оқуды аяқтау туралы куәлік болып табылады.
Тармақ 6
6. Оқу нәтижелерін тану үшін білім беру ұйымы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамына білім беру ұйымдарының оқытушылары кіретін мүшелердің тақ санынан тұрады.
Тармақ 8
8. Комиссия мүшелерінің ішінен көпшілік дауыс беру арқылы комиссияның қызметін басқаратын комиссия төраға сайланады, ол болмаған жағдайда оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.
Комиссия хатшысының функцияларын комиссия мүшесі болып табылмайтын білім беру ұйымының маманы орындайды.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешімі еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Бейресми білім беру арқылы алған оқу нәтижелерін тану үшін өтініш білдірген тұлға (бұдан әрі – Үміткер) Комиссия қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелері туралы еркін нысандағы өтініш;
жеке куәліктің көшірмесі;
оқу нәтижелерін растайтын құжат.
Тармақ 11
11. Комиссия осы Қағидалардың 10-тармақшасында көрсетілген құжаттардың болуын тексереді.
Тармақ 12
12. Комиссия үміткердің білім, іскерлік және дағдыларының деңгейін анықтау үшін сұхбат жүргізеді.
Тармақ 13
13. Сұхбат қорытындысы бойынша Комиссия оқу нәтижелерін тану туралы не бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімі комиссияның отырысына қатысушылардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.