Об авиаперевозках по внутриобластным маршрутам Күшін жойған
Басқа 0
Облыс ішілік маршрут бойынша әуемен тасымалдау туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-ІІ Заңдарын басшылыққа ала отырып, "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 8 қаңтардағы № 17-2 шешiмiне өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 1 ақпандағы № 18-1 шешiмiн орындау үшiн және халықтың әуемен тасымалдауға деген қажетiн қанағаттандыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жергiлiктi бюджет қаржысынан қаражаттандырылатын авиамаршруттар Тiзбесi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетiне бекiту үшiн берiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен жүйелi әуемен тасымалдауды қаражаттандырудың уақытша Ережесi бекiтiлсiн (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Әуемен тасымалдауды қаржыландыру жөнiндегi бағдарлама әкiмшiсi-облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк басқармасы облыстық бюджетте қаралған қаржы шегiнде әуемен тасымалдауды қаражаттандырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.
Басқа 5. 2002 жылы жергiлiктi бюджет қаржысынан қаражаттандырылатын маршруттардың ТIЗБЕСI
Облыс әкiмдiгiнiң
2002 жылғы 30 мамырдағы
№ 108 қаулысына
№ 1 қосымша
2002 жылы жергiлiктi бюджет қаржысынан қаражаттандырылатын маршруттардың ТIЗБЕСI
1. Орал - Казталовка - Сайхын - Казталовка - Орал.
2. Орал - Казталовка - Жәнiбек - Казталовка - Орал.
Басқа 6. Орал - Казталовка - Сайхын - Казталовка - Орал
Орал - Казталовка - Жәнiбек - Казталовка - Орал
бағыттары бойынша тұрақты әуемен тасымалдауды жергiлiктi бюджет есебiнен қаражаттандырудың уақытша ережесi
Облыс әкiмдiгiнiң
2002 жылғы 30 мамырдағы
№ 108 қаулысына
№ 2 қосымша
Орал - Казталовка - Сайхын - Казталовка - Орал
Орал - Казталовка - Жәнiбек - Казталовка - Орал
бағыттары бойынша тұрақты әуемен тасымалдауды жергiлiктi бюджет есебiнен қаражаттандырудың уақытша ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жолаушыларды тұрақты әуемен тасымалдауды жергiлiктi бюджет есебiнен қаражаттандырудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес облыс әкiмдiгi бекiткен бюджеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы ереже авиамаршруттардың тиiмдi қызмет етуi және оны тиiстi дәрежеде орындауы үшiн қажеттi табыс деңгейiн қамтамасыз ете алмайтын тұрақты әуемен тасымалдауды қаражаттандырудың жағдаяттарын реттейдi.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi бюджет есебiнен қаражаттандырылатын авиамаршруттардың тiзбесiн облыс әкiмдiгi жыл сайын қолданыстағы заңнамаларда белгiленген тәртiпте бекiтiп отырады.
Тармақ 4
4. Авиамаршруттарды қаражаттандыру тиiстi жылға жергiлiктi бюджетте қаралған қаржы шегiнде және есебiнен төлемдер түрiнде жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Авиамаршруттар бойынша әуемен тасымалдауды орындауға тiлек бiлдiрушi авиакомпаниялар төмендегiдей талаптарға сәйкес болуы тиiс:
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасының резидентi болуы;
Тармақша б
б) жолаушылар, қол жүгi, жүк, почта тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн авиамаршруттарға арналған Азаматтық авиация комитетiнiң рұқсаты болуы.
Тарау 2. 2. Авиамаршруттарды қаражаттандыруды тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi
2. Авиамаршруттарды қаражаттандыруды тағайындаудың және төлеудiң тәртiбi
Тармақ 1
1. Қаражаттандыру тек қана 1-дәрежелi, бизнес - және эконом - дәрежелi әуе кемелерiмен әуемен тасымалдауды орындайтын авиамаршруттар Тiзбесiне енгiзiлгендерге ғана қолданылады.
Тармақ 2
2. Авиамаршруттарды қаражаттандыру, авиамаршруттар бойынша жолаушылар тасымалын орындау барысында туындаған зиянның орнын толтыруға бағытталады.
Тармақ 3
3. Белгiленген тәртiпте бекiтiлген авиамаршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын, көрсетiлген маршрутта қызмет көрсететiн авиакомпания мен әкiмдiк тағайындаған өкiлеттi орган арасында жасалған шарт болған жағдайда қаражаттандыру авиакомпанияларға төленедi.
Тармақ 4
4. Орындалған жұмыстар көлемiн куәландыратын құжаттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) сатылған билеттер саны мен түсiмдер сомасы туралы мәлiмет көрсетiлген қаржы есебi;
Тармақша 2
2) әрбiр рейс бойынша пайдалану шығындарының есебi;
Тармақша 3
3) орындалған авиациялық қызмет көлемi туралы актi.
Авиакомпанияның тапсырған аталған құжаттары көрсетiлген қызметтердi мiндеттi төлеуге жатады.
Тармақ 5
5. Әрбiр жекеленген авиамаршрутты қаражаттандыру көлемiн өкiлеттi орган әрбiр маршрут бойынша жолаушылар тасымалдау кезiнде қалыптасқан пайдалану шығындарының көлемi мен жеңiлдiкпен сатылған билеттен түскен түсiмдер арасындағы айырманы жабу есебiнен белгiлейдi.
Тармақ 6
6. Өкiлеттi орган қаражаттандыруды төлеудi ай айын жолаушыларды әуемен тасымалдаудың нақты орындалған көлемiн және өтеу сомасын куәландыратын акт тапсырылған күннен бастап 5 күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Авиамаршруттарды жергiлiктi бюджеттен қаражаттандыру көлемi өкiлеттi органның өтiнiмiне сәйкес бөлiнедi.
Тармақ 8
8. Авиамаршруттарды пайдалану процесiнде осы Ережеде белгiленген талаптарды орындамаған авиакомпанияларға демеу қаржы аударылмайды және төленбейдi.
Тармақ 9
9. Демеу қаржы алуға құжаттар тапсырушы авиакомпаниялар ұсынатын құжаттардың дұрыстығына толық жауап бередi.