Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының Су Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгіленсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі.
Тармақ 2
2. Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдері, «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________ Ә. Қарлыханов 2018 жылғы «22» қазан
Басқа 7
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы «25» қазандағы № 6481 қаулысына 1-қосымша Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері № Су объектілерінің атауы Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы Су қорғау аймағы мен белдеулерінің көлемі, гектар Су қорғау аймағының ені, метр Су қорғау белдеуінің ені, метр 1 Арал теңізі Арал ауданы Бөген ауылдық округі 31266,300 500 35 2 Қарашалаң көлі Арал ауданы Бөген ауылдық округі 3410,42 500 35 3 Жалаңаш көлі Арал ауданы Қосжар ауылдық округі 1594,03 500 35 4 Қаязды - Бидайкөл көлі Арал ауданы Қосжар ауылдық округі 1182,88 500 35 5 Лайкөл көлі Арал ауданы Райым ауылдық округі 1467,75 500 35 6 Ақшатау - Сорғақ көлі Арал ауданы Райым ауылдық округі 2428,53 500 35 7 Қаракөл көлі Арал ауданы Райым ауылдық округі 1366,05 500 35 8 Суықкөл көлі Арал ауданы Райым ауылдық округі 200,09 500 35 9 Райым көлі Арал ауданы Райым ауылдық округі 725,16 500 35 10 Алашакөл көлі Арал ауданы Райым ауылдық округі 598,68 500 35 11 Шөмішкөл көлі Арал ауданы Райым ауылдық округі 638,56 500 35 12 Құмкөл көлі Қазалы ауданы Әйтеке би кенті 246,11 500 35 13 Қотанкөл көлі Қазалы ауданы Майдакөл ауылдық округі 2047,04 500 35 14 Ақкөл көлі Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округі 852,37 500 35 15 Ащыкөл көлі Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округі 371,66 500 35 16 Қаракөл көлі Қазалы ауданы Қызылқұм ауылдық округі 455,96 500 35 17 Қуандария көлі Қазалы ауданы Тасарық және Сарыбұлақ ауылдық округтері 15371,106 500 35 18 Қалғандария көлі Сырдария ауданы А. Тоқмағанбетов ауылдық округі 262,52 500 35 19 Таушұқырой көлі Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі 401,4 500 35 20 Алабие көлі Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округі 1599,2 500 35 21 Үлкен барша көлі Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық округі 439,4 500 35 22 Ханқожа көлі Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округі 4130,1 500 35 23 Қараөзек арнасы Қызылорда облысы Қызылорда қаласы, Сырдария, Жалғаш, Қармақшы ауданы 17200,3 500 35 24 Қалғандария – 200 көлі Қызылорда облысы Қызылорда қаласы 341,9 500 35
Басқа 8
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы «22» қазандағы №1247 қаулысына 2-қосымша Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.