Об объявлении чрезвычайных ситуаций Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдайды жариялау туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.03.2004 № 67 қаулысымен.
Облыстың орман және далалық алқаптарында қиын өрт жағдайы қалыптасып отыр, өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң тиiстi техникалармен толық жабдықталмауы, жану-жағар май материалдарының жетiспеуi өрт ошақтарын дер кезiнде жоюға мүмкiндiк бермеуде.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi № 19 Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ақжайық, Казталовка, Сырым, Қаратөбе, Зеленов, Тасқала, Шыңғырлау, Жаңақала аудандарының аумағында табиғи өрттен қалыптасқан жағдай төтенше деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) жергiлiктi атқарушы органдар қорынан мынадай қаржы бөлсiн:
Тармақша а
а) облыстық төтенше жағдайлар басқармасына 7000 мың теңге, соның iшiнде:
өрт шекараларын анықтау, iс-қимылды үйлестiру, адамдар мен материалдар құндылықтарды көшiру мақсатындағы барлаулық ұшулар үшiн тiкұшақ пайдалануға 2000 мың теңге;
табиғи өрт аймақтарына күш пен құралдарды жеткiзуге, жану-жағар май материалдарын сатып алуға және басқа болжанбаған жағдайларға арнап 5000 мың теңге;
Тармақша б
б) облыстық Мемлекеттiк өртке қарсы қызметке iрi көлемдегi өрттердi жою үшiн бөлiмшелердi құрал-жабдықпен және техникамен қосымша жабдықтауға 5580 мың теңге.
Тармақ 3
3. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы (Маючий) төтенше жағдайларды жоюдың кешендi шараларын алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.