Құжат мәтініне өту

Об утверждении структуры и правил разработки программы развития организации высшего и (или) послевузовского образования

Бұйрық · № 590 · қабылданған 25.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125492/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении структуры и правил разработки программы развития организации высшего и (или) послевузовского образования Қолданыста Бұйрық ·№ 590 ·25.10.2018
01.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении структуры и правил разработки программы развития организации высшего и (или) послевузовского образования

Қолданыста Бұйрық ·№ 590 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении структуры и правил разработки программы развития организации высшего и (или) послевузовского образования
Атауы (қаз.)
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
590
Қабылданған күні
25.10.2018
Көрсетілген редакция
01.08.2023 125492_647193.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017622
ЭКБ идентификаторы
125492
Редакция идентификаторы
125492_647193
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:49

0 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы бұйрық тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К.Аймағамбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 25 қазандағы
№ 590 бұйрығына
1-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымы (бұдан әрі – Құрылым) мынадай бөлімдерден тұрады:

1 1. Құрылымға 1-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) даму бағдарламасының паспорты.

2 2. Кіріспе (қысқаша аннотация және даму бағдарламасының мақсаты).

3 3. ЖЖОКБҰ-ның қазіргі жағдайына шолу, оның жетістіктері, проблемалары мен сын-қатерлері:

1 1) ағымдағы жағдайды талдау;

2 2) трендтер мен сын-қатерлерді талдау;

3 3) даму болжамы және ықтимал даму сценарийлерін және олардың ЖЖОКБҰ-ға әсерін айқындау.

4 4. Бағдарламаның пайымы, миссиясы және құндылықтары.

5

6 6. ЖЖОКБҰ стратегиялық басымдықтары:

1 1) академиялық қызмет;

2 2) ғылыми қызмет;

3 3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының үшінші миссиясы.

7 7. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына жету жолдары;

8 8. Бағдарламаны іске асыру барысында күтілетін нәтижелердің сипаттамасы;

9 9. Құрылымға 2-қосымшаға және 3-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен іс-шаралар жоспарын көрсете отырып, жылдар бойынша бөле отырып, бағдарламаны іске асыру барысын мониторингілеу және бағалау.

1.1 Жоғары және (немесе)

жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымының даму
бағдарламасының құрылымына
1-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының паспорты
Бағдарламаның атауы
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме
Бағдарламаны әзірлеуші
Бағдарламаның мақсаттары
Бағдарламаның міндеттері
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері
Қаржыландыру көздері

1.2 Жоғары және (немесе)

жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымының даму
бағдарламасының құрылымына
2-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары

р/н
Нысаналы индикаторлар
Өлшем бірлігі
Жоспарлы кезеңде
2023 жыл
2024 жыл
2025 жыл
2026 жыл
2027 жыл
1 мақсат
1.
2.
3.
4.
5.

1.3 Жоғары және (немесе)

жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымының даму
бағдарламасының құрылымына
3-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ р/н
Іс-шаралардың атауы
Өлшем бірлігі
Жоспарлы кезеңде
Аяқталу нысаны
2023 жыл
2024 жыл
2025 жыл
2026 жыл
2027 жыл
1 мақсат
1.
2.
3.
4.
5.

2 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының әзірлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 25 қазандағы
№ 590 бұйрығына
2-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының әзірлеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бағдарламасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу тәртібін айқындайды.

2 2. Бағдарлама жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мақсаттарын, басымдықтары мен даму стратегияларын айқындайтын құжат болып табылады және орта мерзімді сипатта болады.

2 2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу тәртібі

3 3. Бағдарлама жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қажетті нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленеді.

4

4. Бағдарламаны әзірлеуді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қарауындағы мемлекеттік органдардың стратегиялық даму жоспарларының негізінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып әзірлеуді жүзеге асырады.

5 5. Бағдарламаны әзірлеу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшылығы жұмыс тобын құрады.

Жұмыс тобының құрамына: бірінші басшы, оның орынбасарлары, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылары, сыртқы сарапшылар мен консультанттар, индустрия және қоғам өкілдері кіреді.

6 6. Бағдарламаны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының алқалы басқару органы бекітеді.

Қолданыстағы