О создании областного центра по проблемам формирования здорового образа жизни Күшін жойған
Басқа 0
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі облыстық орталық құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Ел Президентінің «Қазақстан – 2030». Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артауы» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы желтоқсанның 3-дегі «Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің ұлттық орталығы туралы» № 1678 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі облыстық орталық құрылсын, аумақтық орталықтар оған қызмет бабы жағынан бағынатын болсын.
Тармақ 2
2. Орталықты қаржыландыру облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің ұстап тұруға бөлінген бюджеттік қаражат шеңберінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау департаменті белгіленген тәртіпте орталық туралы ереже мен оның штаттық кестесін бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне денсаулық сақтау мекемелері жүйесінде оңтайландыруды жүргізу есебінен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі аумақтық орталықтар құру ұсынылсын.