Об утверждении размера и Временных Правил назначения и выплаты материального обеспечения Күшін жойған
Басқа 0
Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің уақытша Ережелерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 05.12.2007 № 4С-3-12 шешімімен.
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабындағы 1 тармақшасына, 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және облыс әкімінің ұсынысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеудің уақытша Ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Тоқсан сайынғы материалдық қамтамасыз етудің 4570 теңге мөлшері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы уақытша Ережелер 01.01.2002ж. бастап қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облыстық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізілген сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 5
БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облыстық
мәслихатының
18.06. 2002ж.
№С-17-4 шешімімен
Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау мен төлеудің Уақытша ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңына сәйкес әзірленген және үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Материалдық қамтамасыз етуді алуға, үйінде мүгедек бала оқытылып, тәрбиеленетін отбасылары құқықты.
Тармақ 2
2. Мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету отбасының кірісінен немесе басқа да көмек пен жәрдемақы түрлерін алуынан тәуелсіз тағайындалады және төленеді.
Тарау 2. 2. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау тәртібі
2. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау, мүгедек баланың тұратын жері бойынша, баланың ата-анасының біреуінің, не оны ауыстыратын азаматтың (қамқоршысының) берген өтінішіне сәйкес жүзеге асыратын уәкілденген органмен жүргізіледі.
Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) баланың мүгедектігі жөніндегі МӘСБ қорытындысының көшірмесі;
Тармақша 4
4) мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы;
Тармақша 5
5) оқу мекемесінің баланың үйде оқытылатынын растайтын анықтама.
Тармақ 4
4. Мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау, өтініш жасалған ағымды тоқсанның айынан бастап жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу тәртібі
3. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу тәртібі
Тармақ 5
5. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу тоқсан сайын тағайындалған соманы өтініш берушінің жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.