О предварительном контроле расходования бюджетных и внебюджетных средств Күшін жойған
Басқа 0
Бюджеттік және бюджеттен тыс қаржының жұмсалуына алдын ала бақылау жүргізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 14.08.2005 № 191 шешімімен.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелердің бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны тиімді де мақсатты пайдаланулары мақсатында:
Тармақ 1
1. Бюджеттік және бюджеттен тыс қаржының жұмсалуына алдын ала бақылау жүргізу туралы Ереже бекітілсін /тіркеліп отыр.
Тармақ 2
2. Облыстың қаржы басқармасы мен облыс бойынша қаржы бақылау басқармасы бюджеттік және бюджеттен тыс қаржының жұмсалуы жөнінде анықталған ауытқушылықтарды жою жөнінде жан-жақты шаралар қолданатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыстың қазынашылық басқармасы алдын ала бақылауды іске асыру бойынша атқарылатын жұмыс туралы есебін әрбір айдың 5-не қарай облыс әкімі аппаратына беріп отырсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдардың бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны жұмсауларын алдын ала тексеру жөнінде тиімді ережелерін дайындайтын және бекітетін болсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.