О внесении изменений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13584 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 сәуірде жарияланған): бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауды тексеру парағы 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Басқа 1. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 34 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Басқа 2. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 34 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына, «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) болмашы бұзушылықтар – тауар биржасының банктік шотында көрсетілген ақшалай қалдықтарды растайтын банктік үзінді көшірмені қоса бере отырып, есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша кепілдік және сақтандыру қоры бойынша ай сайынғы есептің ұсынылмауына; басшылық лауазымындағы және басшылық лауазымдағы емес тауар биржасы қызметкерлерінің қажетті біліктілігінің болмауына; сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелердің болмауына; мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болмауына байланысты бұзушылықтар;
Тармақша 2
2) елеулі бұзушылықтар – тауар биржасының сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында биржалық сауда-саттық нәтижелерін жариялау бойынша міндетін орындамауына; өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсан сайынғы есептілікті ұсынылмауына; тауар биржасы және оның сауда-саттықтарды өткізу тәртібі туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттықтардың нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын өз интернет-ресурсының болмауына; клирингтік орталықтың не клирингтік орталықтың клиригтік қызмет көрсету туралы шарттың болмауына; тауар биржасында биржалық төреліктің болмауына; тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржа тауарларына белгіленімдерді жариялау бойынша міндетін орындамауына; құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған екі және одан артық шағымдар мен өтініштердің болуына байланысты бұзушылықтар;
Тармақша 3
3) өрескел бұзушылықтар – тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болмауына; құпиялылық режимін (құпия), сондай-ақ тауар биржасындағы коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жабдықталған құрылымдық бөлімшенің болмауына; Биржалық сауда қағидаларының болмауына; кепілдік және сақтандыру қорларының болмауына; тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастыруға байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салу туралы талапты сақтамауына; тауар биржасы жұмыскерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануға тыйым салу туралы талапты сақтамауына; тауар биржасы атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы талапты сақтамауына; қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларының және оны жүзеге асыру бағдарламасының болмауына; тауар биржасының жарғылық капиталы бойынша талапты сақтамауына байланысты бұзушылықтар;
Тармақша 4
4) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, зиян келтіру ықтималдығы;
Тармақша 5
5) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
Тармақша 6
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 7
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 8
8) бақылау субъектілері – тауар биржалары саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
Тармақша 9
9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.
Тармақ 3
3. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Объективті өлшемшарттар
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
Тармақ 4
4. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне тауар биржалары жатады.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектілерін жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, тауар биржасында коммерциялық құпияның сақталуын, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғауды және коммерциялық құпияны заңсыз таратуға және қалыпты баға белгілеудің бұзушылығына және тауар нарығының тұрақсыздығына алып келуі ықтимал олардың арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге байланысты бақылау субъектілері қызметінің нәтижесінде мемлекет мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығына байланысты жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Тауар биржаларына қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексерулер және профилактикалық бақылау жүргізіледі. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы субъективті өлшемшарттар қолданылады.
Тарау 3. 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
Тармақ 7
7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
Тармақша 1
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін, бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
Тармақша 2
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайларда белгіленеді;
Тармақша 3
3) шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
Тармақ 8
8. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында айқындалған ақпарат көздері негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары айқындалады.
Тармақ 9
9. Субъективті өлшемшарттар бұзушылықтар ауырлығының үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
Тармақ 10
10. Бақылау субьектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі. Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7, мұнда: ΣРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; ΣР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны; ΣР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны; Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3, мұнда: ΣРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші; ΣР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны; ΣР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны; Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады: ΣР = ΣРз + ΣРн, мұнда: ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; ΣРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; ΣРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға:
Тармақша 1
1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде;
Тармақша 2
2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға – тәуекел дәрежесі 0-ден бастап 60-ты қоса алғандаға дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмегенде жатады.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілген талдау мен бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі болмайды.
Тармақ 12
12. Тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші неғұрлым көп бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
Басқа 2-0. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары № Субъективті өлшемшарттар Бұзушылық дәрежесі 1. Мемлекеттік органдардың, мекемелердің және салалық ұйымдардың бақылау субъектісі ұсынатын есептілікке және мәліметтерге жүргізген мониторингілеу нәтижелері 1 Өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша тоқсан сайынғы есептілікті ұсынылмауына Елеулі 2 Тауар биржасының банктік шотында көрсетілген ақшалай қалдықтарды растайтын банктік үзінді көшірмені қоса бере отырып, есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша кепілдік және сақтандыру қоры бойынша ай сайынғы есептің ұсынылмауы Болмашы 3 Тауар биржасы және оның сауда-саттықтарды өткізу тәртібі туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттықтардың нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын өз интернет-ресурсының болмауы Елеулі 2. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде анықталады) 1 Тауар биржасының сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында биржалық сауда-саттық нәтижелерін жариялау бойынша міндетін орындау Елеулі 2 Тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы Өрескел 3 Құпиялылық режимін (құпия), сондай-ақ тауар биржасындағы коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жабдықталған құрылымдық бөлімшенің болуы Өрескел 4 Биржалық сауда қағидаларының болуы Өрескел 5 Тауар биржасының басшылық лауазымдағы қызметкерлерінде мыналардың: жоғары білімнің; тауар биржасы саласында және (немесе ) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің. Тауар биржасының басшылық лауазымды атқармайтын қызметкерлерінде жоғары немесе ортадан кейінгі білімінің болуы Болмашы 6 Сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелердің болуы Болмашы 7 Клирингтік орталықтың не клирингтік орталықтың клиригтік қызмет көрсету туралы шарттың болуы Елеулі 8 Тауар биржасының жарғылық капиталы бойынша талаптың болуы Өрескел 9 Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы Елеулі 10 Кепілдік және сақтандыру қорының болуы Өрескел 11 Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салу туралы талапты сақтау Өрескел 12 Тауар биржасы жұмыскерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануына тыйым салу туралы талапты сақтау Өрескел 13 Тауар биржасы атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы талапты сақтау Өрескел 14 Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржа тауарларына белгіленімдерді жариялау бойынша міндетін орындауы Елеулі 15 Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау және оны жүзеге асыру қағидаларының болуы Өрескел 16 Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы Болмашы 3. Шағымдар мен өтініштердің болуы және саны 1 Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған екі және одан артық шағымдар мен өтініштердің болуы Елеулі
Басқа 3. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 34 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы _______________________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің ______________________________________________________________________ саласында/аясында 138-бабына сәйкес _______________________________________________________________ тауар биржаларына қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________________________________________________ №, күні Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ № Қойылатын талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді 1 Тауар биржасының сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында биржалық сауда-саттық нәтижелерін жариялау бойынша міндетін орындау 2 Тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы 3 Құпиялылық режимін (құпия), сондай-ақ тауар биржасындағы коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жабдықталған құрылымдық бөлімшенің болуы 4 Биржалық сауда қағидаларының болуы 5 Тауар биржасының басшылық лауазымдағы қызметкерлерінде мыналардың: жоғары білімнің; тауар биржасы саласында және (немесе ) қаржы ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің Тауар биржасының басшылық лауазымды атқармайтын қызметкерлерінде жоғары немесе ортадан кейінгі білімінің болуы 6 Сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс бойынша құрылымдық бөлімшелердің болуы 7 Клирингтік орталықтың не клирингтік орталықтың клиригтік қызмет көрсету туралы шарттың болуы 8 Тауар биржасының жарғылық капиталы бойынша талаптың болуы 9 Тауар биржасында биржалық төреліктің болуы 10 Кепілдік және сақтандыру қорының болуы 11 Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруына тыйым салу туралы талапты сақтау 12 Тауар биржасы жұмыскерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануына тыйым салу туралы талапты сақтау 13 Тауар биржасы атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы талапты сақтау 14 Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржа тауарларына белгіленімдерді жариялау бойынша міндетін орындауы 15 Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларының және оны жүзеге асыру бағдарламасының және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы 16 Мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________ лауазымы қолы _____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ ______________ лауазымы қолы _______________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)