Об утверждении ставок платы за предоставление междугородной и (или) международной телефонной связи, а также сотовой связи Күшін жойған
Басқа 0
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының
мөлшерлемелерін бекіту туралы
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 601-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының мөлшерлемелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қалааралық және (немесе) халықаралық
телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны
үшін төлемақының мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық
телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны
үшін төлемақының мөлшерлемелері
Төлеушілер
Төлемақының мөлшерлемелері, % *
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары
1,3992
Ұялы байланыс операторлары
1,3992
* Ескертпе: 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 600-бабына сәйкес жылдық төлемақыны есептеу үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 736 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 135 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 18, 145-құжат).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 251-құжат).
Тармақ 4
4. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық мөлшерлемелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 443-құжат).
Тармақ 5
5. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық мөлшерлемелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 226 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 20, 150-құжат).
Тармақ 6
6. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 68-құжат).
Тармақ 7
7. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық мөлшерлемелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 17 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 1, 10-құжат).