Об утверждении схемы пастбищеоборотов на основании геоботанического обследования пастбищ по Урджарскому району Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына, 37-бабының 1,2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, қосымшаларына сәйкес Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Үржар ауданының Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 4
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыныҮржар ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскесінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына № 1 қосымша Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскесінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Басқа 10. Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына № 2 қосымша Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Басқа 11. Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық обьектілері белгіленген картасы
Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп – қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына № 3 қосымша Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық обьектілері белгіленген картасы
Басқа 12. Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) жеткізу схемасы
Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботани- калық зерттеп - қарау негізінде жайылым қол айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына № 4 қосымша Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) жеткізу схемасы
Басқа 13. Жайылым жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына № 5 қосымша Жайылым жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Басқа 14. Ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботани- калық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысына № 6 қосымша Ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы