Об утверждении Правил допуска ценных бумаг иностранных эмитентов, выпущенных в соответствии с законодательством других государств, к обращению на территории Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының облигациялар рыногын мемлекеттік реттеуді жетілдіру және бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Басқа мемлекеттер эмитенттерінің шығарған құнды қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесін бекіту туралы" 1996 жылғы 17 мамырдағы N 53 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына және өкілдігіне жіберсін;
Тармақша 3
3) Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияласын.
Тармақ 5. Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесі
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"Шетелдік эмитенттердің басқа
мемлекеттердің заңдарына сәйкес
шығарылған бағалы қағаздарын
Қазақстан Республикасының
аумағына айналысқа жіберу
ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 3 маусымдағы
N 205 қаулысымен бекітілген
Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесі
Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу тәртібін белгілейді.
Осы Ереженің күші шетелдік эмитенттердің Қазақстан Республикасының резиденттері кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберуге ниет білдірмей сатып алатын немесе сатып алған бағалы қағаздарына қолданылмайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мыналарды білдіреді:
Тармақша 1
1) шетелдік эмитент - шетелдік мемлекеттердің заңдарына сәйкес бағалы қағаздар шығарған ұйым;
Тармақша 2
2) айналысқа жіберу бастамашысы - Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының эмитенті - клиенттің немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тапсырмасы негізінде іс-қимыл жасайтын, оның бастамасы бойынша бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберу жүзеге асырылатын кәсіби қатысушысы (бұдан әрі - Бастамашы);
Тармақша 3
3) уәкілетті органның рұқсаты - айналысқа жіберу бастамашысына уәкілетті орган берген және шетелдік эмитенттің бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберілгендігі расталатын құжат;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, шетелдік эмитенттің бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Шетелдік эмитенттердің Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберілген бағалы қағаздарын сақтауды және есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамы және/немесе кастодиан жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Айналысқа жіберу рәсімін өткізбестен:
Тармақша 1
1) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
Тармақша 2
2) "А"-дан ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары;
Тармақша 3
3) "А"-дан ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттіктерінің жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік эмитенттің борыштық бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберіледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының резиденттері арасында шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен жасалған, осы Ережелердің 4-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа осы Ережеде белгіленген тәртіппен жіберілмеген мәмілелерді тіркеуге тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Егер Қазақстан Республикасы резидентінің облигациялары Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болса осы резиденттің басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған облигациялары:
Тармақша 1
1) бұрын шығарылған облигациялар ипотекалық болып табылған;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға құжаттар ұсыну күніне эмитентте бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі және/немесе олар бойынша сыйақы (мүдде) төлеу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған, толық немесе уақтылы орындалмаған жағдайлар болмаған; және
уәкілетті органға құжаттар ұсыну күніне эмитентте "ВВ-"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва3"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) шетел валютасында көрсетілген ұзақ мерзімді қамтамасыз етілмеген кредиттік рейтинг бағасы бар болған; және
облигацияларды Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу мақсатында құжаттар берген тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша левередж (бухгалтерлік есеп жүргізу туралы заңдарға сәйкес есептелген, олардың эмитенттері міндеттемелерінің және өз капиталы мөлшерінің арасындағы арақатынас) 1.0-ден аспаған және облигацияларды толық орналастыру нәтижесінде аталған өлшем аспайтын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберілмейді.
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 393 қаулысымен .
Тарау 2. 2-тарау. Бағалы қағаздарды айналысқа жіберу тәртібі
2-тарау. Бағалы қағаздарды айналысқа жіберу тәртібі
Тармақ 7
7. Бастамашы рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) эмитенттің толық атауын, бағалы қағаздардың сипаттамасын, айналыс рыногын көрсете отырып, шетелдік эмитенттің бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберуді сұраған өтініш;
Тармақша 2
2) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ұсынылатын шетелдік эмитенттің бағалы қағаздары туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) эмитентті заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) эмитент жарғысының және оған енгізілген өзгерістердің (толықтырулардың) көшірмесі;
Тармақша 5
5) бағалы қағаздардың тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) шетелдік эмитент бағалы қағаздарының эмиссиясы проспектісінің көшірмесін немесе оны ауыстыратын өзге де құжаттар;
Тармақша 7
7) Бастамашының клиенті бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушылардың тізіміне енгізуге ниетті болған кезде эмитенттің халықаралық бухгалтерлік есеп жүргізу стандарттарына сәйкес жасалған, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есебінің көшірмесі;
Тармақша 8
8) Бастамашының клиенті бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушылардың тізіміне енгізуге ниетті болған кезде "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының листинг санатын көрсете отырып шетелдік эмитенттің бағалы қағаздарын осы тізімге енгізу мүмкіндігі туралы қорытындысы.
Тармақ 8
8. Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды. Қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда оларды қарау мерзімі жаңадан есептеледі.
Тармақ 10
10. Құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келген кезде
уәкілетті орган шетелдік эмитенттің бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберу туралы рұқсатты (2-қосымша) Бастамашыға жібереді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған;
Тармақша 2. Бағалы қағаздар туралы мәліметтер
2) шетелдік эмитенттің бағалы қағаздарының жарамсыздығы расталатын, эмитент, оның заңсыз қызметі не тарату сатысында тұрғандығы туралы мәліметтер бар болған жағдайда Бастамашыға рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
"Шетелдік эмитенттердің басқа
мемлекеттердің заңдарына сәйкес
шығарылған бағалы қағаздарын
Қазақстан Республикасының
аумағына айналысқа жіберу
ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 3 маусымдағы
N 205 қаулысымен бекітілген
Шетелдік эмитенттердің басқа
мемлекеттердің заңдарына
сәйкес шығарылған бағалы
қағаздарын Қазақстан
Республикасының аумағына
айналысқа жіберу ережесіне
1-қосымша
Бағалы қағаздар туралы мәліметтер
Тармақ 1. 1. Эмитент туралы мәліметтер
1. Эмитент туралы мәліметтер
Тармақ 1
1. Эмитенттің атауы.
Тармақ 2
2. Эмитенттің орналасқан жері.
Тармақ 3
3. Эмитент қызметінің негізгі түрі.
Тармақ 4
4. Тіркеу нөмірін және күнін көрсете отырып, шетелдік
эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеген орган.
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздардың Қазақстан Республикасындағы айналысы туралы шешім қабылдаған эмитент басқару органының атауы (осындай ақпарат бар болған кезде).
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздардың олар тіркелген елдегі және басқа елдердегі (егер осы бағалы қағаздар басқа елдердің қор биржаларының сауда алаңдарында айналыста болса) қор биржаларының алаңдарындағы айналысы туралы мәліметтер.
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 393 қаулысымен .
Тармақ 2. 2. Бағалы қағаздар туралы мәліметтер
2. Бағалы қағаздар туралы мәліметтер
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздардың түрі, бірегейлендіру коды.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар шығарылымының валютасы және нысаны.
Тармақ 3
3. Рейтингтік бағалау туралы мәліметтер.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар бойынша құқықтар:
Тармақша 1
1) дауыс беру құқығы;
Тармақша 2
2) дивиденд төлеу мерзімі, сондай-ақ акциялардың ұстаушылары оларға тиесілі дивидендтерді алатын мекен-жайлар;
Тармақша 3
3) облигациялар бойынша сыйақы төлеу, төлеу мөлшері және кезеңділігі, сондай-ақ облигациялардың ұстаушылары оларға тиесілі сыйақыларды алатын мекен-жайлар, облигацияларды өтеу тәртібі, оларды өтеу мерзімі.
Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 393 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздар ұстаушыларға эмитенттің қаржылық есеп беру тәртібі.
Тармақ 6
6. Инвесторлар үшін маңызды болып табылатын өзге мәліметтер (кірістің қандай валютамен төленетіндігі, бағалы қағаздар ұстаушыларды акционерлердің (облигационерлердің) жалпы жиналысын өткізу, бағалы қағаздар бойынша төлемдер, осы бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға қойылған шектеулер, бағалы қағаздар шығару және орналастыру туралы есептердің бекітілгендігі не бекітілмегендігі туралы хабардар ету тәсілі).
Тармақ 3. 3. Айналысқа жіберу бастамашысы және шетелдік эмитенттің бағалы қағаздарының айналысына қатысатын өзге тұлғалар туралы мәліметтер
3. Айналысқа жіберу бастамашысы және шетелдік эмитенттің бағалы қағаздарының айналысына қатысатын өзге тұлғалар туралы мәліметтер
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялардың нөмірлерін және күндерін көрсете отырып айналысқа жіберу бастамашысының және бағалы қағаздар айналысына қатысатын бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының атауы және орналасқан жері.
Тармақ 2
2. Клиенттің бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберу үшін құжаттар дайындау жөнінде айналысқа жіберу бастамашысымен жасасқан шарттың күні және нөмірі.
Тармақ 3. Шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберуге рұқсат
3. Шығарылымның кепілдігі туралы ақпарат (егер бар болса).
Айналысқа жіберу бастамашысының
бірінші басшысының қолы
Айналысқа жіберу бастамашысының мөрі
"Шетелдік эмитенттердің басқа
мемлекеттердің заңдарына сәйкес
шығарылған бағалы қағаздарын
Қазақстан Республикасының
аумағына айналысқа жіберу
ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 3 маусымдағы
N 205 қаулысымен бекітілген
Шетелдік эмитенттердің басқа
мемлекеттердің заңдарына
сәйкес шығарылған бағалы
қағаздарын Қазақстан
Республикасының аумағына
айналысқа жіберу ережесіне
2-қосымша
Шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберуге рұқсат
Уәкілетті орган (бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан
қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын) тіркелген (тіркеуші органның атауы, оның орналасқан жері) (эмитенттің толық
атауы және орналасқан жері) бағалы қағаздарының мынадай түрлерін:
(бағалы қағаздардың түрі, олардың саны, номиналы, бірегейлендіру коды) Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жібереді.
Басшы