О мерах по обеспечению пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая Күшін жойған
Басқа 0
Астық жинау және құнарсыз азық дайындау кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 01.08.2005 № а-8/259 қаулысымен.
Астық жинау және құнарсыз азық дайындау кезеңінде өрт қауіпсіздігі жағдайын көтеру және өрт сөндіру тиімділігін арттыру, сондай-ақ, олардың алдын алу үшін кажетті іс-шаралар өткізу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 23-інде шыкқан “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” №148 Заңының 27-бабындағы 2-тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы “Өрт қауіпсіздігі туралы” № 48 Заңының 8-бабы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жыл сайын:
Тармақша 1
1) астық жинау және құнарсыз азық дайындау жұмыстарына дайындық жасау және өткізу кезеңдерінде өрт кауіпсіздігін қамтамасыз етуді байқау, бақылау, сондай-ақ, өрттердің алдын алу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізсін;
Тармақша 2
2) аудандық және қалалық әкімдіктермен біріге отырып, астық жинау және құнарсыз азық дайындау кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар әзірлесін;
Тармақша 3
3) астық қабылдау пункттерінің, астық қоймаларының, элеваторлардың, шөп қоймаларьшың және техникалардың өрт кауіпсіздігі жағдайына бекітілген заңды тәртіппен тексеріс жүргізсін:
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі заңда белгіленген тәртіп бойынша жыл сайын:
Тармақша 1
1) астық жинау және құнарсыз азық дайындау кезеңінде өрт сөндіру мақсатында жанар-жағар май материалдарын, инженерлік техника қорын құруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әр түрлі формадағы шаруашылық басшыларының уақытында егістік алқапты өңдеуін, астық жинаудағы қосымша техникалардың от ұшқындарын сөндіруші жабдықтармен жасақталуын ерекше бақылауға алсын;
Тармақша 3
3) тұрмыстық қамтамасыз ету объектілерінде өртке қарсы құрылымдардың жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуде шұғыл шара қолдану үшін шаруашылық басшыларына көмек көрсетсін;
Тармақша 4
4) шөп шалғындығы және астық жинау жұмыстарына дейін астықты, құнарсыз азықты және дәнді-дақылдар мен азықты сақтау, сойдай-ақ, қайта өңдеу объектілерінде өрттен қорғау және өрт қауіпсіздігі мәселелеріне байланысты нақты іс-шаралар жүргізсін;
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы жанар-жағар май қорын өртке қарсы техникалық жабдықтар бөлшектерін сатып алу үшін биылғы жылға бекітілген қаржы жоспары бойынша астық жинау және құнарсыз азық дайындау кезеңінде Ақмола облыстық МӨҚҚ-ны қаржыландырып отыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық телерадиокомпания, облыстық “Арқа ажары”, “Акмолинская правда” газеттерінің редакциялары жыл сайын мамыр және қыркүйек айларында астықты және құнарсыз азықты өрттен қорғау бойынша жарнамалық материялдар мен мақалалар жазып, фильмдер мен хабарлар көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.