Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) военными учебными заведениями Министерства обороны Республики Казахстан и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг) Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери ғылым және инновациялар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
2018 жылғы «___»_______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2018 жылғы «___»_______
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 3 қарашадағы
№ 751 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік білім беру мекемелері болып табылатын әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік білім беру мекемелері болып табылатын әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін әскери оқу орындары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналар бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынады:
Тармақша 1
1) оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу;
Тармақша 2
2) функционалдық арналуы бойынша оқу-материалдық, спорттық базаны, сондай-ақ конференц-залдарды, брифинг-залдарды, жатақхана бөлмелерін, акт залдарын және дәрісханаларды ұсыну;
Тармақша 3
3) мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау;
Тармақша 4
4) әскери кафедралардың студенттері үшін оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 5
5) әскери кафедраларға ақылы негізде әскери мүлік беру.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі әскери оқу орындары «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мыналар бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынады:
Тармақша 1
1) ғылыми және қорғаныстық зерттеулерді жүргізу;
Тармақша 2
2) функционалдық арналуы бойынша ғылыми-эксперименттік базаны ұсыну;
Тармақша 3
3) лицензиялық шарт бойынша ғылыми зерттеулер нәтижесіне зияткерлік құқықтарды беру;
Тармақша 4
4) рецензияланатын ғылыми басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялау және конференциялар жинағын әзірлеу бойынша қызмет көрсету.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
Тармақ 3
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсыну Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген орында мынадай ақпаратты:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары ақылы негізде көрсететін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17771 болып тіркелген) сәйкес ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды орналастырады.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызметтер шоты) есепке алынады және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жұмсалады.
Тармақ 6
6. Төлем ақшасыз есеп айырысу бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы көрсетілетін қызметтер шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын өздерінің иелігінде қалатын ақша есебінен операциялар жүргізу үшін жыл сайын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарын жасайды, түсіндірме жазбаны және негізделген есептерді қоса бере отырып, үш данада бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітуге ұсынады.
Тармақ 8
8. Ақылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынудан түсетін қаражат мыналарға жұмсалады:
Тармақша 1
1) барлық салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеуді жүргізуге қатысатын зерттеу тобы жетекшісінің және мүшелерінің еңбегіне сыйлықақы беруге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапарлар шығыстарын өтеу нормалары шегінде зерттеулер жүргізуге, ғылыми, оның ішінде халықаралық конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысуға байланысты іссапарларға;
Тармақша 3
3) зерттеулерді орындау үшін қажетті ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге де зертханалар, басқа да ұйымдар көрсететін қызметтерге, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдық жарналарға;
Тармақша 4
4) зерттеулер жүргізу үшін шығыс материалдарын, жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
Тармақша 5
5) жарияланымдар дайындауға және ғылыми зерттеулер нәтижелерін жария етуге;
Тармақша 6
6) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберіндегі түзетулерге;
Тармақша 7
7) зерттеулер жүргізу үшін үй-жайлар, жабдық пен техниканы жалға алуға;
Тармақша 8
8) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдық пен техниканы күтіп ұстауға арналған шығыстарға;
Тармақша 9
9) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде басқа пайдаланушының, оның ішінде отандық және шетел электрондық дерекқорларын (ресурстарын) пайдалану үшін абонементтер, технопарктердің жабдығы мен шығыс материалдарын сатып алуға;
Тармақша 10
10) кірістер тиісті жылға бекітілген жоспарлардан тыс асқан жағдайда азаматтық персонал адамдарына ынталандыру сипатында қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйлықақылар мен төлемдер белгілеуге;
Тармақша 11
11) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, жарыстар, олимпиадалар, оның ішінде халықаралық, өткізу шеңберінде кофе-брейктер өткізуге, кәдесый өнімін, естелік сыйлықтар сатып алуға;
Тармақша 12
12) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде банктік көрсетілетін қызметтерді төлеуге;
Тармақша 13
13) баспа және полиграфиялық өнімдерді дайындау мақсатында шығыс материалдарын және жабдықты сатып алуға;
Тармақша 14
14) басқа ұйымдардың ұжымдық пайдаланылатын зертханаларын және ғылыми-эксперименттік базаларын жалға алуға;
Тармақша 15
15) мамандардың біліктілігін арттыруға;
Тармақша 16
16) оқу-материалдық базаны нығайтуға;
Тармақша 17
17) жарыстарға, олимпиадаларға, оның ішінде халықаралыққа, қатысушыларды тамақтандыру жөніндегі шығыстарды өтеуге;
Тармақша 18
18) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;
Тармақша 19
19) ақылы білім беру қызметтерін көрсететін жалдамалы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге;
Тармақша 20
20) көрсетілетін көлік қызметтерін төлеуге;
Тармақша 21
21) кітапхана қорларын толықтыру үшін электрондық коллекциялар мен дерекқорларды сатып алуға;
Тармақша 22
22) оқу процесі үшін оқу құралдарын, көрнекілік материалдарды сатып алуға;
Тармақша 23
23) оқыту тренингтерін, семинарларын өткізуге;
Тармақша 24
24) оқу және ғылыми мақсаттар үшін бейнероликтерді, бейнефильмдерді, аудиожазбаларды дайындауға;
Тармақша 25
25) полигон үшін шығыс материалдарын және жабдықты сатып алуға.