Об утверждении Положения об участковых комиссиях Күшін жойған
Басқа 0
Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 23.12.2002 № 92 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындауда және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 29-бабына сәйкес ШЕШТІМ :
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының келісімі бойынша учаскелік комиссиялар туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссияның атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі туралы қорытындысының және уәкілетті органның атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің үлгілері (2, 3 қосымшаларға сәйкес) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берушінің отбасының құрамы туралы мәліметтерді ақысыз растайтын уәкілетті орган болып қалаларда ішкі істер органдары, поселкелерде, ауылдарды (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде тиісінше поселкенің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері болып анықталсын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі № 207 "Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу және "Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу тәртібін бекіту туралы", 2000 жылғы 25 қаңтардағы № 16 "Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі № 207 шешіміне өзгертулер енгізу туралы", 2000 жылғы 27 желтоқсандағы № 243 "Балаларды бар отбасыларына берілетін жәрдемақы мөлшері туралы" шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 12 қаңтардағы № 2 "Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" шешімі жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешім 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Басқа 7. Учаскелік комиссиялар туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 13 маусымдағы
№ 61 шешіміне 1-қосымша
Учаскелік комиссиялар туралы ереже
Осы Ереже мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі (мәтінде әрі қарай-учаскелік комиссия) учаскелік қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Учаскелік комиссия атаулы әлеуметтік көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік- аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылады.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссиялардың құрамына жергілікті өкілді органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдарының өкілдерін енгізуге болады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы керек.
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмысын, комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап беретін, төраға басқарады.
Төраға болмаған жағдайда оның міндетін орынбасар атқарады.
Тармақ 4
4. Учаскелік комиссиялар өзінің қызметінде қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады, өз қызметін ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комиссия өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттер мен құқықтар
2. Негізгі міндеттер мен құқықтар
Тармақ 5
5. Учаскелік комиссиялар төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органдарға және поселке, ауыл (село) әкімдеріне халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметіне, әлеуметтік көмектің атаулы сипатын арттыру және қаражатты ең мұқтаж отбасыларына бағыттау мақсатындағы қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның немесе ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік көмек алудан үміткерлердің келісім бергендерінің тұрып жатқан орындарына барып, материалдық жағдайын нақтылы тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның, поселке, ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша табыс етілген құжаттарды ішінара тексереді;
Тармақша 4
4) атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі туралы (арыз беруші табыс еткен құжаттардың, әлеуметтік карталардың немесе арыз беруші отбасын материалдық тексерудің негізінде) бекітілген үлгі бойынша қорытынды әзірлейді.
Тармақ 6
6. Егер атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытынды жасағанда, комиссия мүшелерінің бекітілген құрам санының 2/3 қатысса, комиссия шешім қабылдауға өкілетті.
Комиссияның қорытындысы ашық дауыспен қабылданады және қатысып отырған комиссия мүшелерінің көбі қорытындыға дауыс берсе, ол қабылданған болып есептеледі. Дауыс бірдей болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Материалдық жағдайға тексеру жүргізу
3. Материалдық жағдайға тексеру жүргізу
Тармақ 7
7. Арыз берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексеруді учаскелік комиссиялар уәкілетті органның немесе поселке, ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізеді.
Учаскелік комиссиялар тексеру барысында арыз берушінің атаулы әлеуметтік көмек сұрауына байланысты жағдайларды анықтайды.
Төмендегі жағдайларға көңіл бөледі:
отбасының құрамы;
отбасы мүшелерінің жұмыс істейтіндерінің саны;
еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелерінің жұмыс істемейтіндерінің (жұмыссыздарының, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелгендерінің (тіркелмегендерінің) саны;
отбасында 7 жасқа дейінгі баланы,16 жасқа дейінгі мүгедек баланы, 1 және 2 топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан қарттарды, ауруларды күтіп отырған еңбекке қабілетті адамның болуы;
отбасында кәмелетке толмаған балалардың және күтуге мұқтаж адамдардың (мүгедектердің, қарттардың, аурулардың) болуы;
жұмыспен қамтылмағаны туралы мәлімдегендердің нақтылы табыс деңгейі (отбасы мүшелерінен, көршілерден сұрау арқылы анықталады);
шартты жер үлесінің, малдың (ірі қара мал, жылқы, түйе, қой, шошқа), құстың (тауық, үйрек, қаз), жер учаскесінің, оның ішінде үй жанындағы учаске, бақша, саяжайлардың, болуы және саны, оларды пайдаланудан түсіп отырған нақтылы табыстың мөлшері;
үй-жайдың (пәтердің, үйдің) болуы және саны;
пайдалануға жарамды автокөліктің (мүгедектіктен басқа) болуы немесе болмауы;
мүліктік үлестің болуы және саны;
басқалар.
Әлеуметтік көмек алуға арыз берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексеру арыз берушінің немесе кәмелетке толған отбасы мүшесінің қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Қажет болған жағдайда учаскелік комиссиялар уәкілетті органның немесе поселке, ауыл (село) әкімі тапсырма берген күннен бастап бес күндік мерзімде атаулы әлеуметтік көмек сұрап, өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.
Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша учаскелік комиссиялар қорытынды әзірлейді, оған уәкілетті органға немесе поселке, ауыл (село) әкіміне табыс етеді.
Арыз беруші тексеру жүргізуден бас тартса, комиссия тиісті қорытынды жасайды және оны уәкілетті органға немесе поселке, ауыл (село) әкіміне табыс етеді.
Тармақ 9
9. Арыз берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссиялар азаматтардың жеке өміріне деген сыйластықты сақтай отырып, олардың қадыр-қасиетін қорлайтындай іс-қимылға бармайтын жағдайда өткізуге тиіс.
Комиссия мүшелері азаматтардың жеке өмірі туралы деректерді жария етпеуге міндетті.
Басқа 24
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 13 маусымдағы
№ 61 шешіміне 2-қосымша
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының негізінде атаулы әлеуметтік көмек беру туралы қаланың, ауданның (поселкенің) учаскелік комиссиясының отбасына __________________________________________________________________________ (өтініш берушінің аты-жөні)__________________________________________________________________________ (мекен-жайы)
200_ж.______________№ ҚОРЫТЫНДЫСЫ________________________
Учаскелік комиссия, төмендегі жұмысты жүргізіп (тиістінің астын сызу)
Тармақша 1
1) отбасының құжаттарын қарап;
Тармақша 2
2) отбасының материалдық жағдайын тексеріп;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттарды ішінара қайта тексеріп
Шешті:
Тармақ 1
1. Отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж, өйткені ______________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
(комиссия мүшелерінің пікірлері)
Тармақ 2
2. Отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес, өйткені
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
(комиссия мүшелерінің пікірлері)
Комиссия төрағасы______________________________________________________
аты
жөні (қолы)
Комиссия мүшелері: ___________________ ___________________ ___________________
___________________ ___________________ ___________________
___________________ ___________________ ___________________
Уақыты______________
Басқа 30. ШЕШІМ №____
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 13 маусымдағы
№ 61 шешіміне 3-қосымша
ШЕШІМ №____
200_ жыл "____"_____________________"
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 4, 7-баптарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалсын.
Аты-жөні ________________________________________________________________________________
Мекен-жайы _____________________________________________________________________________
Отбасы мүшелерінің саны __________________________________________________________________
әлеуметтік картаның № ___________________ ӘЖК № _______________ СТТ № ____________________
Айына___________________________________________________________________теңге мөлшерінде
200__жылдың___________________________ 200__жылдың____________________________________
АӘК мөлшерін есептеу
Кедейшілік шегінің мөлшері________________________________________________________________
Отбасының 2002 жылдың _____________________________________________________ тоқсанындағы
жиынтық табысының сомасы
Оның ішінде:
Еңбекақы _______________________________________________________________________________
Зейнетақы ______________________________________________________________________________
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ________________________________________________________
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы __________________________________________________________
Алимент________________________________________________________________________________
Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс_________________________________________________________
Жеке қос алқы шаруашылықтан түсетін табыс _________________________________________________
Басқа табыстар ___________________________________________________________________________
Отбасының орташа айлық табысы____________________________________________________________
Отбасының 1 мүшесіне орта есеппен жан басына шыққандағы табыс______________________________
Отбасының 1 мүшесіне келетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері_______________________________
Айына отбасына келетін атаулы әлеуметтік көмектің тағайындаудан бас тарту _________________________________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
М.О. Уәкілетті органның бастығы
_______________________ ___________________
(қолы) (аты-жөні)
Есептесуді дайындады___________________________ Тексерді_____________________________________
Дербес шотының №_________________________________________________________________________