О частичном изменений функций, структуры и штатов отдельных департаментов области Қолданыста
Басқа 0
Облыстың жекелеген департаменттерінің қызметтеріндегі, құрылымдары мен штаттарындағы ішінара өзгерістер туралы
Облыстың басқару нобайын жетілдіру мақсатында және облыстың тұрғын үй құрылысы мен коммуналлдық шаруашылық, индустрия, көлік, коммуникациялар және экономика департаменттері арасында қызметтер бөлісу қажеттігіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстың тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментіне энергетика кешені кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіру жүктелсін.
Тармақ 2
2. Облыстың индустрия, көлік және коммуникациялар департаментінің отын-энергетика кешені бөлімін тарату есебінен төрт штаттық бірлік саны облыстың тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылығы департаментіне берілсін.
Тармақ 3
3. Облыстың экономика департаменті облыс тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық шаруашылық және облыстың индустрия, көлік және коммунакациялар департаменттеріне бір-бір штаттық бірліктен беретін болсын.
Тармақ 4
4. Облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментінің құрылымы мен штаттары бекітілсін (тіркеліп отыр).
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің бұрын қабылданған актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
облыс әкімінің 1996 жылғы маусымның 24-дегі «Облыстың жер қойнауын пайдаланушылармен контрактілер жасау және оларды орындау жөніндегі Құзырлы орган құру туралы» № 114 шешіміне:
1,2-тармақтардағы «облыс әкімінің экономика басқармасы» сөздері «облыстың индустрия, көлік және коммуникациялар департаменті» сөздерімен ауыстырылсын;
облыс әкімінің 1998 жылғы наурыздың 31-дегі «Облыстық басқару органдары туралы» № 102 шешімінің 1-қосымшасының:
6 тармағындағы «19» саны «23» санымен;
10 тармағындағы «38» саны «36» санымен ауыстырылсын;
облыс әкімінің 1998 жылғы мамырдың 29-дағы «Павлодар облысының тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментінің мәселелері» № 177 шешімі 2-қосымшасының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Қызметтердің ішінары қайта бөлісілуіне байланысты облыстың жоғарыда аталған департаменттерінің бастықтары департаменттер туралы ережелерге, сонымен бірге құрылымдар мен штаттарға тиісті өзгертулер енгізілсін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің істер басқармасы мен облыс қаржы басқармасы штаттық кестелерге сәйкес олардың шығыстар сметаларына өзгертулер енгізілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары –аппарат басшысы В.А. Брынкинге жүктелсін.
Басқа 9. Павлодар облысы тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментінің ҚҰРЫЛЫМЫ мен ШТАТТАРЫ
Облыс әкімінің 1998 жылғы
25 тамыз № 275 шешіміне қосымша
Павлодар облысы тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментінің ҚҰРЫЛЫМЫ мен ШТАТТАРЫ
Лаузымдар атаулары
Бірліктер
саны
Департамент бастығы
Департамент бастығының орынбасары
1
2
Жиыны:
3
Тұрғын үй коммуналдық саласы мен автожолдар бөлімі
Бөлім бастығы
Бас маман
Жетекші маман
1
3
2
Жиыны:
6
Тұрғын үй құрылысы, сәулет және аумақта құрылыс жүргізу бөлімі
Бөлім бастығы
Бас маман
Архив меңгерушісі
1
1
1
Жиыны:
Энергетика кешені бөлімі
Бөлім бастығы
Бас маман
Жетекші маман
2
2
2
Жиыны:
5
Халықаралық жолаушылар тасу нарығын реттеу бөлімі
Бөлім бастығы
Бас маман
1
3
Жиыны:
4
Бақылау және кадрлар жөніндегі бас маман
1
Аудармашы
1/2
Заңгер
1/2
Жиыны:
2
Барлығы:
23