О подготовке сил и средств к пожароопасному периоду Күшін жойған
Басқа 0
Өрт қаупі бар кезеңге адам күштері мен құрал-жабдықтар әзірлеу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.05.2004 № 129 қаулысымен.
Жүргiзiлген талдаулар облыс аудандарында алынып жатқан шараларға қарамастан орман және дала өрттерi мемлекеттiк орман қорына елеулi зиян келтiрiп жүргендiгiн көрсетедi.
Авто және темiр жол бойларының, тұрғындардың жаппай демалатын орман алқаптарының өртке қарсы жарақатандырылуы жеткiлiксiз екендiгi атап көрсетiледi. Қураған ағаштарды бақылаусыз жағу фактiлерiне жол берiлiп, ол орман және дала өрттерiне әкеп соғуда.
Табиғи өрттердi сөндiруге арналған күштер мен құралдардың материалдық-техникалық жабдықтармен жеткiлiктi қамтамасыз етiлмеуi өрттi дер кезiнде байқап, тез ауыздықтауға мүмкiндiк бермейдi.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" және 1996 жылғы 5 шiлдедегi № 19 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып облыстық әкiмдiк ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi:
Әрбiр селолық округтерде табиғи өрттер сөндiру үшiн ерiктi құрылымдар қалыптастырып, оларға қатыстырылатын техника санын анықтасын. Өрт қаупi бар кезеңге әзiрлiктiң нақты шаралар жоспарын жасап, материалдық-техникалық құралдардың қажеттi қорын жасасын.
Тармақ 2
2. Орман және биоқорлар облыстық аумақтық басқармасы (Оразғалиев):
лауазымды адамдардың тәулiк бойғы кезекшiлiгiн ұйымдастырып, ормандарда өрт шығу жағдайына күн сайын талдау жасап тұрсын;
өрт сөндiру мақсаттары үшiн арнаулы және бейiмделген техникаларды әзiрлеп, жанар-жағар май материалдарының қорын жасасын;
өрт сөндiретiн құралдармен жабдықталмаған орман алқаптары мен ой-шұңқырлы жерлерде өртке қарсы нақты шаралар дер кезiнде атқарылсын. Тұрғындар көп жиналатын тоғайлы жерлерде отты сақтықпен пайдалану және өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы үгiт тақталары мен плакаттар қойылсын;
орман өрттерiн сөндiру үшiн жұмыс күшi мен техника құралдарын бөлетiн ұйымдармен, мекемелермен өзара байланыста жұмыс жасау жоспары жасалып, бөлiнген адамдар мен техника құралдары жанар-жағар май материалдарымен, азық-түлiкпен, медициналық көмекпен қамтамасыз етiлсiн;
орман алқаптарында өрт шығу себептерi мен оған жауапты адамдарды анықтау жұмыстары тез жүргiзiлсiн. Өрт қаупі жоғары кезіңде қабылдансын. Орман қорларында тұрғындардың демалыс орындары анықталып, өрт қаупi бар кезеңде ол алқаптарды күзету ұйымдастырылсын;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғи өрттен сақтандыру, оның қауiптiлiгi мен өрт қауiпсiздiгiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк шаралары туралы түсiнiк жұмыстары жүргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Оразов), облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк басқармасы (Имашев), "Қазақстан темiр жолы" РМК Орал тасымалдау бөлiмi (Қажиденов):
орман қорғау алқаптарын, авто және темiр жол бойларын өрттен сақтандыру құралдарымен қамтысын.
Тармақ 4
4. Облыстық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет (Маштаков):
елдi мекендерде, меншiк түрiне қарамастан орманға жақын орналасқан шаруашылық нысандарында өрт қаупi жағдайына мемлекеттiк бақылау күшейтiлсiн;
бөлiмдердiң ауқымды орман және дала өрттерiн сөндiруге даярлығы бойынша қосымша шаралар кешенi жүзеге асырылып, қажет болған жағдайда облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасына көмек көрсетiлсiн.
Орал қаласының және аудандардың әкiмдiктерiмен бiрлесiп, ерiктi өрт сөндiру дружиналарын құру жолында жұмыс жүргiзiлсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма (Маючий):
табиғи өрт кезеңiнде басқа да күтiлмеген шараларға күштер мен құралдарды шұғыл тарту үшiн жанар-жағар май материалдарының қоры жасалсын;
қалыптаса бастаған жағдайға байланысты өрт шекарасын анықтап, өрт сөндiру және адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтап қалу жұмыстарын үйлестiру үшiн барлау ұшақтары ұйымдастырылсын;
кең ауқымды өрттердi сөндiруге әзiрлiк тексерiлiп, қажет болған жағдайда облыстық қызметтер мен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрылымдары тартылсын.
Тармақ 6
6. Қаулыда көрсетiлген ұйымдар мен мекемелердiң басшылары қабылданған шаралар туралы 2002 жылғы 1 маусымға дейiн ақпарат берсiн.
Тармақ 7
7. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.