Об утверждении Правил присвоения внеочередных классных чинов сотрудникам системы органов прокуратуры Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидаларын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 26-бабының 4-тармағына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса тіркеліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 130 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде кезектен тыс сыныптық шендерді беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Кезектен тыс сыныптық шендерді беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қабылдайды.
Тармақ 3
3. Кезектен тыс сыныптық шен қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың (Бас әскери прокурорды қоспағанда), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының (бұдан әрі – бөлімше басшысы) ұсыныстары негізінде осы сыныптық шенде белгіленген еңбек сіңірген жылдар мерзімінің кемінде үштен бірі өткен соң қызметтегі айрықша жетістіктері үшін марапаттау, бірақ қызметкер алған сыныптық шенінен бір шеннен артық емес тәртібімен беріледі. Қызметтегі ерекше сіңірген еңбегі болған кезде, кезектен тыс сыныптық шендер осы сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, бірақ қызметкер алған сыныптық шенінен бір шеннен артық емес беріледі.
Тармақ 4
4. Кезектен тыс сыныптық шендерді беру прокуратура органдары жүйесінде қызмет еткен барлық кезеңінде екі реттен артық емес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Сыныптық шенде болу мерзімі қызметкерге тиісті сыныптық шен берілген күннен бастап есептеледі.
Тармақ 6
6. Кезектен тыс сыныптық шендерді беру туралы ұсыныс (бұдан әрі – ұсыныс) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кадр қызметіне осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Тармақ 7
7. Ұсыныста көрсетілген мәліметтердің анықтығын бақылау бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.
Тармақ 8
8. Кезектен тыс сыныптық шен:
Тармақша 1
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
Тармақша 2
2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде;
Тармақша 3
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайда берілмейді.
Тармақ 9
9. Ұсыныстар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарларының бірінің төрағалық етуімен комиссияда қаралады. Ұсынысты қарау қорытындылары бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) кезектен тыс сыныптық шен беруге ұсыну;
Тармақша 2
2) ұсынысты қанағаттандырудан бас тарту.
Тармақ 10
10. Кезектен тыс сыныптық шенді беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ресімделеді.
Басқа 1. Кезектен тыс сыныптық шен беру туралы ҰСЫНЫС
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидаларына қосымша Нысан Кезектен тыс сыныптық шен беру туралы ҰСЫНЫС ______________________________________________________________________________________________ (сыныптық шен) Кімге _________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ______________________________________________________________________________________________ (туған күні, айы, жылы) Лауазымы _____________________________________________________________________________________ (прокуратура органы) Көрсетілген лауазым үшін шекті сыныптық шен _____________________________________________________ Алған сыныптық шені ___________________________________________________________________________ __________жылғы «____________»_____________№ _________________________________________________ бұйрығымен берілді ____________________________________________________________________________ (қысқаша сипаттамасы, сіңірген еңбегі) Кезектен тыс сыныптық шен беруге кедергі келтіретін негіздердің болуы _______________________________________________________________________________________________. Кадр қызметінің басшысы қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) Ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің өкілі қолы Тегі, аты, әкесінің аты бар болған кезде) Облыс (атауы) прокуроры/ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы/ Құқық қорғау органдарының Академиясының төрағасы/ Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшесінің бастығы қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)