Об установлении норматива отчисления части чистого дохода Капшагайских городских коммунальных государственных предприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении норматива отчисления части чистого дохода Капшагайских городских коммунальных государственных предприятий
- Атауы (қаз.)
- Қапшағай қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 812
- Қабылданған күні
- 09.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2018 125918_369387.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DB004855
- ЭКБ идентификаторы
- 125918
- Редакция идентификаторы
- 125918_369387
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:40
0 Қапшағай қалалық коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін
аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылдың 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қапшағай қалалық қоммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2 2. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы қаулыны Қапшағай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қапшағай қаласы әкімі аппаратының заң, мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары И. Сугуровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Қапшағай қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «09» қарашадағы
№ 812 қаулысына қосымша
Қапшағай қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
Таза кіріс 500 000 0001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз