О ходе реализации Закона Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан» в Западно-Казахстанской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.08.2006 № 261 қаулысымен. Облыста "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңын, тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларын жүзеге асыруда бiршама жұмыстар атқарылып келедi. Мекемелер мен ұйымдарда ұйымдастырылған курстарда, "Мақсат" тiл үйрету және аударма орталығында 400-ден астам тыңдаушы оқиды. Облыс көлемiнде ұлт өкiлдерiнiң тiлдерiн оқытатын 8 жексенбiлiк мектеп жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк тiлге аударылатын құжаттардың сапасын жақсарту және кәсiптiк деңгейiн көтеру мақсатында штаттағы барлық аудармашылар аттестаттаудан өткiзiлуде. Тiлдер онкүндiгiн, апталықтарын, конкурстар, семинар-кеңестер өткiзу дәстүрге айналды. Облыстағы мектеп оқушыларының 74 % мемлекеттiк тiлдегi оқумен қамтылған. Сонымен бiрге тiлдер туралы заңнамалардың сақталуына бақылаудың тәртiбi туралы ережеге сәйкес жүргiзiлген тексерулер қорытындысы көрсеткенiндей облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, автомобиль жолдары, инфрақұрылым және құрылыс, экономика басқармаларында облыстық кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту департаментiнде, Бөрлi, Зеленов, Теректi аудандарында және Орал қаласында "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының iске асырылу деңгейi әлi де жеткiлiксiз. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнінде 2001-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары туралы" 2001 жылғы 6 сәуiрдегi № 450 қаулысындағы қазақ тiлiнде оқытатын топтарды және оқытылатын пәндер сағатын көбейту жөнiндегi бөлiмi дұрыс орындалмай отыр. 2001-2002 оқу жылында Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнде студенттердiң 30,3%, колледждерде 37%, ал мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарында 3% ғана мемлекеттiк тiлде бiлiм алуда. Жоғарыдағы баяндалғандар негізінде және "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының iске асырылу барысы туралы хабарлама қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, автомобиль жолдары, инфрақұрылым және құрылыс, экономика басқармалары, облыстық кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту департаментi, Бөрлi, Зеленов, Теректi аудандарының әкiмдерi С.Б. Еркебаев, Т.С. Сапаров, А.Ф. Савран және Орал қаласының әкiмi В.Қ. Мұқатаев аталған кемшiлiктердi 2002 жылдың 5 мамырына дейiн түзетудiң нақты шараларын алатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық бiлiм басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы мемлекеттiк тiлде оқытатын және тәрбие беретiн мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, орта мектептердiң, сондай-ақ топтардың желiсiн кеңейтудi, тәрбиешiлер мен оқытушылардың сапалық құрамын жақсартуды қамтамасыз етсiн. Мемлекеттiк тiлде оқыту және кадрлар даярлау мәселелерi бойынша облыстық ғылыми-практикалық конференция өткiзетiн болсын.
Тармақ 5
5. Атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан қызмет көрсету саласы мекемелерiнiң және ұйымдарының басшылары мемлекеттiк тiлдегi анықтамалық-ақпараттық қызмет жұмыстарын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарының "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" және "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын орындауын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсов, облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы Қ.Ш. Қарағойшин Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң ректоры Б.Қ. Дамитовпен бiрлесе отырып, Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi жанынан аудармашылар курсын ашу мәселесiн шешсiн.
Тармақ 8
8. "Батыс Қазақстан облысында мемлекеттiк және басқа да ұлт тiлдерiн дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешендi бағдарламасы туралы" облыс әкімiнiң 1998 жылғы 15 қыркүйектегi № 139 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Облыс аудандарында iс жүргiзуде мемлекеттiк тiлдi енгiзу кестесi бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 10
10. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы облыс әкiмi аппаратына осы қаулының орындалуы жөнiндегi хабарламаны 2002 жылдың 1 маусымында тапсыратын болсын.
Тармақ 11
11. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.
Басқа 12. Облыс аудандарында iс жүргiзуде мемлекеттiк тiлдi енгiзу кестесi
Облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 78 қаулысына қосымша Облыс аудандарында iс жүргiзуде мемлекеттiк тiлдi енгiзу кестесi 2002 жылы Тасқала ауданы 2003 жылы Шыңғырлау ауданы Теректi ауданы 2004 жылы Бөрлi ауданы 2005 жылы Зеленов ауданы Орал қаласы