О защите растений Қолданыста
Басқа 0
Өсімдіктерді қорғау туралы
📌 Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша
«(улы
химикаттарды)», «(улы химикаттар)», «(улы химикаттардың)» және «(улы
химикаттың)» деген сөздер алып тасталды - ҚР 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi, сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары;
Тармақша 2
2) арнаулы техника - пестицидтердi қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар;
Тармақша 4
4) аса қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;
Тармақша 4-1
4-1) биоагенттер – табиғи жағдайларда көбейетін, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, сондай-ақ карантинді объектілердің тіршілік әрекетін жоятын және (немесе) басатын, өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын организмдер;
Тармақша 5
5) зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары;
Тармақша 6
6) зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны;
Тармақша 7
7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) – уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметін Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі;
Тармақша 8
8) өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
Тармақша 8-1
8-1) өсімдіктерді қорғау құралдары – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;
Тармақша 9
9) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi - халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм;
Тармақша 10
10) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);
Тармақша 11
11) пестицидтердi залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және
олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар;
Тармақша 12
12) пестицидті мемлекеттік тіркеу – нәтижесі бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пестицидке арналған тіркеу куәлігі берілетін рәсім;
Тармақша 13
13) пестицидтердiң бастапқы компоненттерi - пестицидтердi өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар;
Тармақша 14
14) пестицидтердiң қалдық мөлшерi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтер құрамының мөлшерлiк көрсеткiшi, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады;
Тармақша 15
15) пестицидтердi өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер дайындаудың технологиялық процесi;
Тармақша 15-1
15-1) пестицидтерді уақытша тіркеу – пестицидтерді уақытша мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 16
16) пестицидтер тізімі – Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген тіркелген пестицидтер тізбесі;
Тармақша 16-1
16-1) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары – ұсақмөлдекті тәжірибелерде және өндірістік жағдайларда жүзеге асырылатын, пестицидтерді биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін растау рәсімі;
Тармақша 17
17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 17-1
17-1) тіркелуші (өтініш беруші) – пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге, сондай-ақ тіркеу куәлігін алу үшін пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 18
18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектiлердiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң санымен және зиян тигiзуiмен анықталатын қалыптасқан жай-күйi;
Тармақша 19
19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау;
Тармақша 20
20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi;
Тармақша 21
21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi;
Тармақша 22
22) фитосанитариялық іс-шаралар – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді жоюды және (немесе) олардың саны мен зиян тигізуін зиян тигізудің экономикалық шегінен төмен етіп азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.
📌 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi
3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тарау 2. 2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесi
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесiне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 3
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;
Тармақша 4
4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi.
📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
📌 Ескерту. 5-бап алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 6. 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Тармақ 1
Уәкiлеттi органның құзыретiне:
Тармақша 1
1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту;
Тармақша 3
3) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеу және бекіту;
Тармақша 5
5) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті әзірлеу және бекіту;
Тармақша 5-1
5-1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;
Тармақша 5-2
5-2) өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия беру;
Тармақша 5-3
5-3) өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) мынадай:
пестицидтерді өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді өткізу;
пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 8
8) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және пестицидтерге арналған тiркеу куәлiктерiн беру;
Тармақша 9
9) пестицидтер тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу;
Тармақша 10
10) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 11
11) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
Тармақша 12
12) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң қорын жасау;
Тармақша 15
15) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 16
16) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
Тармақша 20
20) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;
Тармақша 21
21) пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілеу;
Тармақша 22
22) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 22-1
22-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық
техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 23
23) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда күтіп-ұстау шаттарын айқындау;
Тармақша 25
25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу;
Тармақша 26
26) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
📌 Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құзыретi
7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құзыретi
Тармақ 1
1.
Уәкілетті орган ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бірліктерінің өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды тікелей орындайтын өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретіне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
Тармақша 3
3) фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;
Тармақша 5
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 3
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті аумақта фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру, жүргізу және есепті ұсыну;
Тармақша 4
4) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;
Тармақша 5
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану кіреді.
Тармақ 4
4. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) белгіленген нысан бойынша фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды уәкілетті органның ведомствосына ұсыну;
Тармақша 3
3) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;
Тармақша 4
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
Тармақша 5
5) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау кіреді.
📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 8. 8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құқықтары
8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құқықтары
Тармақ 1
1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың:
Тармақша 1
1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне баруға;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
📌 Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:
Тармақша 1
1)
қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен
келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 1-1
1-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 4
4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
Тармақша 4-1
4-1) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 5
5) мыналар:
пестицидтерді өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді өткізу;
пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
Тармақша 6
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
📌 Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар
10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар
Тармақ 1
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай қызмет түрлерін орындау мақсатында құрады:
Тармақша 1
1) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер қоныстанған орындарды анықтау бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының фитосанитариялық болжамын жасау және уәкілетті органның ведомствосына беру;
Тармақша 3
3) тіркеуге ұсынылатын пестицидтерді өндірістік жағдайларда байқаудан өткізу үшін оларды тіркеу (өндірістік) сынақтарынан өткізу;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы өнімін пестицидтердің қалдық мөлшерінің
бар-жоғы тұрғысынан талдау және сараптама жасау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тармақ 3
3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен
уәкілетті
органның ведомствосына есептiлiктi табыс етедi.
📌 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 584, 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 3. 3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
📌 Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 11. 11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралар
11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралар
Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
Бап 12. 12-бап. Пестицидтердi сақтау,
өткізу және қолдану
12-бап. Пестицидтердi сақтау,
өткізу және қолдану
📌 Ескерту.
12-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Пестицидтердi сақтау,
өткізу және қолдану пестицидтердiң адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану шарттарына қойылатын міндетті талаптар пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 13. 13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептiлiк
13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептiлiк
Тармақ 1
1. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және
уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi.
Тармақ 2
2. Фитосанитариялық есептiлiктiң түрлерiн, нысандарын және оларды табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 14. 14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік емес реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы, мемлекеттік
және әлеуметтік жауапкершілігі бар
қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынатын тиісті лицензиясы болмаса, жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттау жөніндегі қызметіне тыйым салынады.
📌 Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгерістер енгізілді - ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 14-1. 14-1-бап. Пестицидтерді зиянсыздандыру
14-1-бап. Пестицидтерді зиянсыздандыру
Тармақ 1
1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер, олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары пестицидтерді залалсыздандыру тәртібіне сәйкес залалсыздандыруға жатады.
Тармақ 2
2. Пестицидтердi зиянсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер), сондай-ақ оларды кәдеге жаратуға және жоюға арналған арнаулы техникалық ғимараттар пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi
залалсыздандыруға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бередi.
Тармақ 4
4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсу бойынша айқындайды.
📌 Ескерту. 14-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер
енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 14-2. 14-2-бап. Пестицидтердiң запасы
14-2-бап. Пестицидтердiң запасы
Тармақ 1
1. Пестицидтердiң запасы дегенiмiз пестицидтердiң ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол
уәкілетті орган ведомствосының қарауындағы (билiгiндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.
Тармақ 2
2. Пестицидтердiң запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер көлемiнен қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 14-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 14-3. 14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер
14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер
Тармақ 1
1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi, биологиялық тәуекелдердің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сандық және (немесе) сапалық мәнiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып белгiленедi.
Тармақ 3
3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздеп жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгiн болжау үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 4
4. Фитосанитариялық нормативтер өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүргiзуi үшiн негiз болып табылады.
📌 Ескерту. 14-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 14-4. 14-4-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру
14-4-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды, фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiтедi.
Тармақ 2
2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу бағдарламалары уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.
📌 Ескерту. 14-4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 14-5. 14-5-бап. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi
14-5-бап. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi
Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және
саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарын сақтауға;
Тармақша 3
3) фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және
уәкілетті органның ведомствосына есептiлiктi табыс етуге;
Тармақша 4
4) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге;
Тармақша 5
5) пестицидтердi залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстауға;
Тармақша 6
6) қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;
Тармақша 7-1
7-1) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге мiндеттi.
📌 Ескерту. 14-5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209; 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 14-6. 14-6-бап. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу
14-6-бап. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу
Тармақ 1
1. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарының қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу үшін мәлімделген пестицидтердің химиялық құрамының, рецептурасы мен өндіру технологиясының (формуляциясының) пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтердің химиялық құрамына, рецептурасы мен өндіру технологиясына (формуляциясына) сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) пестицидтерге жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы;
Тармақша 3
3)
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, қолдануға рұқсат етіледі және уәкілетті орган пестицидтер тізіміне енгізеді.
Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес:
Тармақша 1
1) егер қажетті мақсаттағы пестицидтер болмаса, таралуы өсімдіктер мен өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруге, фитосанитариялық ахуалдың нашарлауына алып келуі мүмкін жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған карантинді объектілерге қарсы күрес;
Тармақша 2
2) тәуекелі төмен биологиялық препараттар үшін екі жылдан аспайтын мерзімге пестицидтерді уақытша тіркеуге жол беріледі.
Биологиялық препаратты уақытша тіркеу кезеңінде тіркелуші (өтініш беруші) оны мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды алдағы уақытта ұсына отырып, тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары өткізілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінен айыру (оны кері қайтарып алу):
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган растаған, адамдардың денсаулығы немесе қоршаған орта үшін пестицидтің қауіптілігі туралы бұрын белгісіз болған мәліметтер алынған;
Тармақша 2
2) пестицид Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, 2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және
В қосымшаларының күші қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының тізбесіне енгізілген;
Тармақша 3
3) фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қорытындысы бойынша алынған нәтижелер негізінде қолданылатын тіркелген пестицидтің биологиялық тиімділігінің болмау фактісі расталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші заты химиялық құрамы мен мөлшерінің пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде жүзеге асырылады.
Қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші затының химиялық құрамы мен мөлшері пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде уәкілетті органның ведомствосы пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын он екі ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта бастау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған бастапқы құрамдастарды өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары және (немесе) ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.
Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің болмауы, ғылыми зерттеулер жүргізуге шарттың болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған пестицидтердің тіркелмеген үлгілерін әкелуден уәжді бас тартуға негіз болып табылады.
📌 Ескерту. Заң 14-6-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР
28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін
22-тармақтың 14) тармақшасының он үшінші – он тоғызыншы абзацтарын
қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді - ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 4. 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
📌 Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 15. 15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлер
15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлер
Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер:
Тармақша 1
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлер, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiм;
Тармақша 2
2) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер;
Тармақша 3
3) пестицидтер мен олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника;
Тармақша 4
4) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) болып табылады.
📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 15-1. 15-1-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау
15-1-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау
📌 Ескерту.
15-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері:
Тармақша 1
1) цифрлық жүйелерден;
Тармақша 2
2) фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
Тармақша 4
4) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда бар деректер мен ақпаратты және (немесе) ұйымдардан, бақылау субъектілерінен, мемлекеттік органдардан, басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарынан келіп түсетін мәліметтерді талдау, салыстыру жолымен жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 4
4. Зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмдердің пайда болуы мен таралуының себептерін анықтау және белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарау жүргізу мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:
Тармақша 1
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында бұрын тіркелмеген зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмнің таралуы туралы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасымен шекаралас елдермен шекара маңындағы аумақтардың және облыстардың фитосанитариялық ахуалының нашарлауы туралы (аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстану фактілері);
Тармақша 3
3) тиісті аумақта аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы жедел фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу туралы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтердің, жалған пестицидтердің таралуын болғызбау мақсатында оларды өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілері туралы;
Тармақша 5
5) тиісті аумақтан әкетілген өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтердің қалдық мөлшері болуының анықталған фактілері туралы ақпарат болған және (немесе) келіп түскен кезде қабылдайды.
📌 Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
16-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
📌 Ескерту. 16-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 17. 17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың мiндеттерi
17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың мiндеттерi
Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау:
Тармақша 1
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
Тармақша 2
2) пестицидтерді өндіру (формуляциялау), сақтау, өткізу және қолдану кезінде өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттері талаптарының сақталуына;
Тармақша 3
3) фитосанитарлық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiне және табыс етiлуiне;
Тармақша 4
4) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізіуге;
Тармақша 5
5) пестицидтерді залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) тиісті жай-күйде күтіп-ұсталуына;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына бақылаудан тұрады.
📌 Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 18. 18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау
18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау
Тармақ 1
1. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдерде зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуының оңтайлы мерзiмдерi басталған кезеңде жүргiзiледi.
Бап 19. 19-бап. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын
бақылау
19-бап. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын
бақылау
Тармақ 1
1. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану жағдайларының өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады. Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің міндетті талаптарына сәйкестікті айқындау үшін үлгілер іріктеп алынады.
Тармақ 2
2. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау жылына екі реттен аспайтын мерзімділікпен және ұзақтығы бес жұмыс күнінен асырылмай және бес жұмыс күніне дейін ұзартылып жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 19-1. 19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау
19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау
Тармақ 1
1. Фитосанитариялық есептiлiктi табыс етудiң толықтылығы мен уақтылылығы тұрғысында фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау ұдайы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау есептiлiктi табыс етудiң белгiленген мерзiмдерiнде үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.
Бап 19-2. 19-2-бап. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік)
сынақтарынан өткізуді бақылау
19-2-бап. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік)
сынақтарынан өткізуді бақылау
Тармақ 1
1. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуді бақылау әдістемелік орындылық, сондай-ақ пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуді бақылау олар өткізілген кезеңде жылына екі реттен аспайтын мерзімділікпен және ұзақтығы бес жұмыс күнінен асырылмай және бес жұмыс күніне дейін ұзартылып жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 19-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 19-3. 19-3-бап. Пестицидтердi залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн бақылау
19-3-бап. Пестицидтердi залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн бақылау
Тармақ 1
1. Пестицидтердi залалсыздандыруды бақылау мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер мен пестицидтердiң залалсыздандыруға жататын ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн анықтау үшiн жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР
28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Пестицидтердi залалсыздандыруды бақылау жылына екi реттен көп емес кезеңдiлiкпен және екi күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 19-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 19-4. 19-4-бап. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау
19-4-бап. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау
📌 Ескерту. 19-4-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 19-5. 19-5-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды аяқтау нысаны
19-5-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды аяқтау нысаны
📌 Ескерту. 19-5-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Тарау 4-1. 4-1-тарау. Пестицидтер айналымы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
4-1-тарау. Пестицидтер айналымы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
📌 Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.
Бап 19-6. 19-6-бап. Пестицидтердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
19-6-бап. Пестицидтердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Пестицидтерді сақтау, өткізу, қолдану, залалсыздандыру және орамасын таңбалау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптар өсімдіктерді (пестицидтерді) қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламентте белгіленеді.
📌 Ескерту. 19-6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 19-7. 19-7-бап. Пестицидтердi қолдану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
19-7-бап. Пестицидтердi қолдану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
📌 Ескерту. 19-7-бап алып тасталды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 19-8. 19-8-бап. Пестицидтердің буып-түйілуін таңбалау жөнiндегi талаптар
19-8-бап. Пестицидтердің буып-түйілуін таңбалау жөнiндегi талаптар
📌 Ескерту. 19-8-бап алып тасталды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 19-9. 19-9-бап. Пестицидтердi сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
19-9-бап. Пестицидтердi сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
📌 Ескерту. 19-9-бап алып тасталды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 19-10. 19-10-бап. Пестицидтердi тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
19-10-бап. Пестицидтердi тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
📌 Ескерту. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 5. 5-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
5-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
📌 Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 20. 20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көздерi
20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көздерi
Тармақ 1
1. Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар:
Тармақша 1
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөнiндегi фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;
Тармақша 2
2) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер сатып алуды, сондай-ақ пестицидтер қорын қалыптастыруды, сақтау мен жаңартып отыруды;
Тармақша 3
3) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы пестицидтерді кедендік декларациялауды, сақтау мен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
Тармақша 4
4) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
Тармақша 5
5) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi залалсыздандыруды жүргiзудi;
Тармақша 6
6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi;
Тармақша 7
7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi)
ұстауды, салу мен жөндеуді;
Тармақша 8
8) пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтиды.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды.
Тармақ 3
3. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;
Тармақша 2
2) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 8) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды қоспағанда, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылық
өнімін
пестицидтердің қалдық мөлшерінің бар-жоғы тұрғысынан талдау және оған сараптама
жасау.
Тармақ 4
4. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары пестицидтерді тіркеушілердің (өтініш берушілердің) қаражаты есебінен жүргізіледі.
📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 584, 2004.12.20 № 13, (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
📌 Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.