Об инновационной деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Инновациялық қызмет туралы
Осы Заң инновациялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асырудың негiз болатын принциптерiн, бағыттары мен нысандарын айқындайды.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк инновациялық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың инновациялық қызметтi дамыту мен ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлiгi;
Тармақша 2
2) инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет;
Тармақша 3
3) инновация - инновациялық қызметтiң жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процесс түрiнде iске асырылған нәтижесi, сондай-ақ қоғамдық қатынастың әртүрлi саласында өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына прогрессивтi ықпал ететiн ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешiмдер;
Тармақша 4
4) инновациялық бағдарлама бiрыңғай мақсатпен, мiндеттермен, объектiмен немесе аумақпен бiрiктiрілген, ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келiсiлген инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi;
Тармақша 5
5) инновациялық жоба - инновацияға қол жеткiзуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар кешенiн жүргiзу жоспарынан, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткiштерден тұратын құжат;
Тармақша 6
6) инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн ұйымдар жиынтығы;
Тармақша 7
7) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiк шегiнде инновациялық қызмет саласындағы басшылық пен мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 8
8) технологиялық инкубатор - инновациялық қызмет субъектiлерiне ғылыми, өндiрiстiк, кадр жөнiнде, заңдық, маркетингтiк, лизингтік және өзге де қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететiн заңды тұлға;
Тармақша 9
9) инновациялық қор - инновациялық қызметтi дамытуға инновациялық жобалар мен инфрақұрылымды қаржыландыру арқылы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәрдемдесетiн заңды тұлға.
📌 Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралу заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың мақсаты мен негізгi мiндеттерi
3-бап. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың мақсаты мен негізгi мiндеттерi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың мақсаты өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларында бәсекелестiкке қабiлеттi, жоғары технологиялық өнiмдердiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) басымдығын қамтамасыз ететiн теңдестiрiлген өндiрiстiк инфрақұрылым болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк инновациялық саясат:
Тармақша 1
1) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындау және негiзiнен ғылым мен техника жетiстiктерiне сүйенiп әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) инновациялық қызметтi дамыту мен инновациялық қызмет субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру;
Тармақша 3
3) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
Тармақша 4
4) экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын қалыптастыру, экспортқа бағдарланған өндiрiстi жаңғырту және құру;
Тармақша 5
5) инновациялық қызметке шағын және орта бизнес субъектiлерiн тарту;
Тармақша 6
6) ғылымның, бiлiмнiң, өндiрiстiң және қаржы-кредит саласының өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) инновациялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық мүдделердi және интеллектуалдық меншiктi қорғау мiндеттерiн шешуге бағытталған.
Бап 4. 4-бап. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың принциптерi
4-бап. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың принциптерi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк инновациялық саясат отандық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру, елдiң экономикалық дамуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру үшiн инновациялық қызметтiң басымдығын тануды негiзге ала отырып қалыптастырылады және iске асырылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының дамудың инновациялық жолына ұстанған стратегиялық бағдары;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыруға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттiк қолдау;
Тармақша 3
3) инновациялық қызмет үшiн бiлiктiлiгi жоғары кадрлар даярлау;
Тармақша 4
4) қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, инновациялық қажеттiлiктер мен ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелерi туралы ақпаратты алу және тарату еркiндiгi мемлекеттiк инновациялық саясаттың принциптерi болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары
5-бап. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда:
Тармақша 1
1) инновациялық даму басымдықтарын айқындау және инновациялық бағдарламаларды әзiрлеу;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдық және экономикалық жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
Тармақша 4
4) алып тасталды;
Тармақша 5
5) бәсекелестiкке қабiлеттi өндiрiстердi құруға мемлекеттiң қатысуы;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк тапсырыс бойынша құрылған, инновацияларды өткiзудiң кепiлдi рыноктарын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) отандық инновацияларды сыртқы рыноктарға шығару нысандарында жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Бап 6. 6-бап. Инновациялық қызметтiң мазмұны
6-бап. Инновациялық қызметтiң мазмұны
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:
Тармақша 1
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
Тармақша 2
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
Тармақша 6
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
Тармақша 7
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
Тармақша 8
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
Тармақша 9
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
Бап 7. 7-бап. Инновациялық қызметтің субъектілері мен объектілері
7-бап. Инновациялық қызметтің субъектілері мен объектілері
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) инновацияны жасаушы және iске асырушы жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) негізгі қызметі инновацияларды жасауға және оларды өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына беруге бағытталған инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерi (технополистер, технологиялық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк парктер (технопарктер), технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары);
Тармақша 3
3) инновациялық қызметтi реттеуге қатысатын мемлекеттiк органдар;
Тармақша 4
4) инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер инновациялық қызмет субъектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) инновациялық жобалар мен бағдарламалар;
Тармақша 2
2) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
Тармақша 3
3) технологиялар, жабдықтар мен процестер;
Тармақша 4
4) өндiрiс пен кәсiпкерлiк инфрақұрылымы;
Тармақша 5
5) өндiрiстiк, басқарушылық, коммерциялық немесе өзге процестiң сапасы мен тиiмділігiн едәуiр жақсартатын өзге де жаңа ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық шешiмдер инновациялық қызмет объектілерi болып табылады.
Тармақ 3
3. Инновациялық қызмет субъектілерi инновациялық жобалар мен бағдарламалардың тапсырыс берушiлерiнiң және (немесе) орындаушыларының, инвесторлардың, инновацияларды тұтынушылардың, сондай-ақ инновациялық процеске қызмет көрсететiн және инновацияларды игеру мен таратуға жәрдемдесетiн ұйымдардың функцияларын орындай алады.
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру жөнiнде құзыретi
8-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру жөнiнде құзыретi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк инновациялық саясатты айқындайды және iске асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi;
Тармақша 3
3) салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды бекiтедi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновацияларды және мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құруға қатысады;
Тармақша 5
5) инновациялық қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның мiндеттерiн, функциялары мен өкiлеттiгiн айқындайды;
Тармақша 6
6)
алып тасталды;
Тармақша 7
7) үлгілiк құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптама ұйымдастыру мен өткiзудің тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурс арқылы iрiктеу мен қаржыландыру ережесiн бекiтедi.
Тармақша 8
8)
алып тасталды;
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) елдiң инновациялық даму болжамын әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдардың инновациялық қызметтi дамыту жөнiндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) салааралық инновациялық бағдарламалар, Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновациялар мен мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекітуіне ұсынады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, инновациялық қызметтi қаржыландыру мен ынталандыру, инновациялар жасауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлейдi;
Тармақша 5
5) үлгілік құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптама ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурс арқылы iрiктеу мен қаржыландыру ережесiн әзiрлейдi.
Тармақша 6
6)
алып тасталды;
Тармақ 3
3. Өзге орталық атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) өздерiнiң өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) салалық инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi.
Тармақша 3
3)
алып тасталды;
Тармақ 4
4. Жергiлiктi атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) өздерiнiң өкiлеттiктерi шегiнде аймақтық инновациялық бағдарламаларды әзiрлеп, iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) инновацияларды және инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысады.
Тармақша 3
3)
алып тасталды;
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Бап 9. 9-бап. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру
9-бап. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк инновациялық бағдарлама елдiң әлеуметтiк-экономикалық, инновациялық және ғылыми-технологиялық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, тиiстi кезеңге арналған инновациялық даму болжамы негiзiнде қалыптастырылады және:
Тармақша 1
1) елдiң экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновацияларды жасау кезеңiнде инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды;
Тармақша 2
2) инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын;
Тармақша 3
3) инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың деректер банкi мен бiрыңғай ақпараттық желiсiн ұйымдастыруды;
Тармақша 4
4) инновациялық қызмет субъектiлерiн ынталандыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi көздеуге тиiс.
Тармақ 2
2. Аймақтық инновациялық бағдарламалар аймақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары негiзiнде қалыптастырылады және кадрлар даярлауды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық әлеуеттi дамытудың негiзгi басымдықтарын, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн ынталандыру нысандары мен әдiстерiн айқындайды.
Тармақ 3
3. Салалық инновациялық бағдарламалар мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық, инновациялық, өнеркәсiптiк, аграрлық және ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарын негiзге ала отырып қалыптастырылады және экономика салаларының дамуын теңдестiруге, бәсекелестiкке қабiлеттi өндiрiстер құруға бағытталуға тиiс.
Тармақ 4
4. Инновациялық бағдарламалар инновациялық жобаларды және инновациялық инфрақұрылымды дамыту жобаларын конкурстық iрiктеу негiзiнде қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнің инновациялар жасауына конкурстық негiзде тапсырыс орналастыру көзделедi.
Тармақ 6
6. Инновациялық бағдарламаларды ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, өндiрiстiк, ақпараттық және инновациялық жобаларды iске асыруға қажеттi басқа да қызмет түрлерi арқылы өзара байланысты инновациялық қызмет субъектiлерi iске асырады.
📌 Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Бап 10. 10-бап. Инновациялық қызметтi қаржыландыру көздерi
10-бап. Инновациялық қызметтi қаржыландыру көздерi
Инновациялық қызметтi қаржыландыру:
Тармақша 1
1) инновациялық қызмет субъектiлерiнiң өз қаражаты;
Тармақша 2
2) бюджет қаражаты;
Тармақша 3
3) инновациялық қорлардың қаражаты;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк нақтылы гранттар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
Бап 11. 11-бап. Инновацияны жасауға арналған мемлекеттiк тапсырыс
11-бап. Инновацияны жасауға арналған мемлекеттiк тапсырыс
Инновацияларды жасауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру мемлекеттiк инновациялық саясаттың басымдықтарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес бекiтiлген бағдарламалар шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бап 12. 12-бап. Инновациялық қызмет субъектілерiнің халықаралық ынтымақтастығы
12-бап. Инновациялық қызмет субъектілерiнің халықаралық ынтымақтастығы
Тармақ 1
1. Инновациялық қызмет субъектiлерiнің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Инновациялық қызмет субъектiлерi инновациялық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдарға өз бетiнше кiруге, халықаралық инновациялық бағдарламалар мен жобаларға қатысуға, шарттар және өзге де келiсiмдер жасасуға құқылы.