Құжат мәтініне өту

Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар

Қаулы · № 1253 · қабылданған 05.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125957/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар Қолданыста Қаулы ·№ 1253 ·05.11.2018
05.11.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар

Қолданыста Қаулы ·№ 1253 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар
Атауы (қаз.)
Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1253
Қабылданған күні
05.11.2018
Көрсетілген редакция
05.11.2018 125957_370371.kaz
Соңғы өзгеріс
05.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18L0006508
ЭКБ идентификаторы
125957
Редакция идентификаторы
125957_370371
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:44

0 Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 274-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Е.Г. Кимге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы «05» қарашадағы
№1253 қаулысына қосымша
Бір гектар үшін
кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы
міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері
Есептің бірінші және үшінші жылы
аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері «Жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабының
3-тармағында және 274-бабында бекітілген бір гектар үшін жұмыстарына жұмсалған
жылсайынғы ең төменгі шығындар сомасының 10% көлемінде төмендегі формуламен
анықталады:
О1 = 6940×АЕК×10%
мұндағы:
О1 – бірінші және
үшінші жыл (қоса алғанда) аралығындағы қамтамасыз ету мөлшері;
АЕК – республикалық бюджет туралы заңымен
тиісті қаржылық жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіш;
% - пайыз.

Қолданыстағы